Шаруа (фермер) қожалықтарын өндірістік кооперативтерге, серіктестіктерге және шаруа қожалық қауымдастықтарына еркін түрде бірлестіріп, кәсіпкерлікті ұйымдастыру және қазіргі заманғы менеджмент қызметін атқару басқа инфрақұрылым бірліктерімен интеграциялық байланысты орнатуды талап етеді. Осы типтегі шаруашылық бірлестіктерін мақта өндіру, өңдеу маркетинг және консальтинг ұйымдарымен құру объективті қажеттілік.
Бірлестіктер құрамына шаруа (фермер) қожалықтарымен бірге қызмет көрсетуші инфрақұрылымдар: мақтаны бастапқы өңдеуші кәсіпорындар, арготехсервис, қаржы-несие орталықтары, МТС, биозертханалар, су пайдаланушылар кооперативтері тағы басқалары келісім-шарт негізінде бірлесуі мүмкін.
Осы мәселенің көкейтестілігі Қазақстанның ДСҰ-на кіруі және саланың бәсекелестік қабілетін арттыру бағдарламаларына байланысты арта түседі.
Мақта шаруашылығында бәсекелестікті дамыту бастапқы шаруашылық бірліктерді, бірлестіктерді басқарудың менеджментін нарықтық қатынастардың талаптарына сәйкестендіруден, жетілдіруден басталуы керек. Осы орайда салада қалыптасқан жағдайға жан-жақты талдаулар жасап, баға беріп, тұжырымдарға келіп, осы жағдайға лайықты тиімді шешімдер қабылдау маңызды мәселе.
Белгілі болғандай ауылшаруашылығында өткізілген реформалардың нәтижесінде көпукладты ұсақтауарлы бытыраңқы агроқұрылымдар қалыптасты. Осыған байланысты агроқұрылымдардың жерді, ағын суды және техниканы тиімді пайдалану деңгейі төмендегені байқалады. Ауылшаруашылығының ғылыми негізде қалыптасқан жүйесі, өндірістік – экономикалық байланыстар бұзылған.
Мұндай жағдай мақташыларды, жер-мүлік иелерін қанағаттандырмайды және олардың түпкі мүдделеріне сай келмейді.
Шаруа (фермер) қожалықтарының іс-әрекеті шаруашылық қожайынының және олардың жанұя мүшелерінің бірлесіп еңбек жасау негізінде жүзеге асырылатыны белгілі.
Сондықтан экономикалық жағынан тиімді шаруа қожалықтарын және олардың бірлестіктерін ұйымдастыру және олардың менеджментін жетілдірудің тұрақтылығы, дамыған елдің басты міндеті болуы қажет.Олар бастапқы өндірістік ұйым болумен қатар, халықтың жартысына жуығы тұратын ауылдық аймақтағы әлеуметтік бірлік, ауыл тұрғындарының тіршілік тынысы, көрінісі ретінде қарастырылуы керек. Осындай жолмен ауылда агроқұрылымдарды ірілендіру және басқаруды жетілдіру жолымен бірқатар проблемаларды кешенді шешуге болады.
Дамыған елдерде фермерлер сан алуан бағыттарда жұмыс атқаратын кооперативтерге бірігіп интеграциялық қарым-қатынасты кеңейткен. Қазіргі кезде әрбір 10 фермердің 8-і өндірісті жеткізіп беруші, жабдықтаушы, өңдеуші кооперативтерге мүше болып кірген. Олардың алға қойған мақсаты ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, фермерлер жанұяларының өмір сүру саласын жоғарылату, жергілікті билікпен байланысты нығайту және фермерлерге көмек көрсету, мүддесін қорғау.
Біз мысал етіп келтірген құрылымдарға ұқсас ұйымдар біздің аймақта жоқ емес, бірақ олардың іс-әрекеттері тиімді емес.
Мақта саласында қазіргі қалыптасқан жағдай шаруа (фермер) қожалықтарының белсенділігін арттыру олардың лидерлерін (серкелерін) таңдау жолымен ірілендіруді, өзін-өзі басқаруды және мемлекеттік ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс атқаруды қажет етеді.
Шаруа (фермер) қожалықтарының іс-әрекеттерін ұйымдастыруда оның шаруашылық-қаржылық жағдайын жақсартуда қазіргі заманғы менеджментті ендіру және құрылым мүшелері бастамашыл болулары керек. Осы мәселеде озық тәрбиені ендіру, әлемдік ақпараттармен таныс болудың маңызы бар.
Шаруа қожалықтарының жағдайына жанашырлық жасайтын, мемлекеттік органдар алдына өз проблемаларын дәлелдей алатын фермерлердің өздерінен жасақталған жаңа менеджмент жүйесін құру тиімді болар еді.
Мұндай ұйымдар ауыл округінде, ауданда, облыста және Орталықта құрылуы керек. Шаруа қожалықтарының өзін-өзі басқару схемасының үлгісі төмендегідей болса тиімді болар еді.
Схема – 1
Шаруа (фермер) қожалықтарын басқарудың ауылдық (округтік)
және аудандық схемалары
Мемлекеттік органдар
өндірістік инфро құрыл
ымдармен байланыс(1)
Агротех сервис
Жер-су және басқа рестобы
Урстарды пайдалану Аудандық Кеңес – 21
бөлімі (2) (төраға) — 1
Агроқаржы, несие
банктер
Бизнес жоспар, қаржы-
Несие бөлімі (2)
«Оңтүстік сушар»
МКМ
Маркетинг, тасымал
дау, сауда және қамта
масыз ету бөлімі (2)Жер-су және
басқа ресурстар
МТС, өндірісАуылдық ды пайдалану (1)
Иновация және ақпатік коорперативтер(округтік)
рат бөлімі (1)Кеңес-11
(төраға)-1Бизнес жоспар, қа
СКВП, Биозертхана ржы – несие (1)
Заң бөлімі (2)Өндіріс инфро құ-
Шаруа (фермер) қожалықтары рылымдармен бай
(1100-1300)ланыс (1)
12345…n
Мақта саласына мамандандырылған өңірлерде ауыл округінде 1100-1300 шаруа (фермер) қожалықтары бар, олардың егістік жері 4500-6500 га. Олар шаруа қожалықтарының белсенділерінен өз өкілдерін ауылдық (округтік) Кеңеске мүше етіп ұсынады және Кеңес мүшелерінен төраға сайлайды. Ауылдық, округтік Кеңесінде ақылы аппарат мамандар саны – 3, аудандық Кеңесте – 15 адам.
Аудандық, ауылдық Кеңестерге өндірістік қызмет көрсетуші, өңдеуші кәсіпорын, Агротехсервис орталықтары, қаржы-несие, су пайдалану кооперативтері, биозертхана т.б. өкілдері енгізілуі мүмкін. Олардың сайлану шарттары Кеңестер Жарғыларымен белгіленеді.