Сенім – қозғаушы күш

Сабақтың мақсаты: «сенім» және «руханилық» ұғымдарын нақтылау, «дін» ұғымын, адамның және қоғамның рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде оның маңыздылығын ашу , діннің әр түрлі негіздерімен таныстыру, адамның діни сеніміне, оның жеке таңдауына әртүрлі діндегі рухани келісімге ұмтылуларын түсіндіру.

Әдістер мен формалары: дәріс-әңгімелесу, диспут, топтағы жұмыс, талдау, талқылау, аңыз әңгіме оқу.

Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, медитативті музыка жазылған аудиотаспасы.

Сабақтың барысы:

Сәлемдесу рәсімі: «Мен бүгін барлығыңды көргеніме қуаныштымын…» жаттығуы.

Студенттер шеңбер құра отырады, әрқайсысы бүгінгі сабақты «Мен бүгін барлығыңды көргеніме қуаныштымын және … қалаймын» деп бастайды. Студенттер бүгінгі күнге жағымды тілектерді айтып аяқтайды.

Дәріс-әңгімелесу.

Бәріне жауапты өзіңсің! Атқарылған ісіңе де, жете алмаған мақсатыңа да… Өзгеге емес, тек өзіңе сен.

Оқытушы.

Бүгінгі күні жасампаз тұлғаның қалыптасуындағы сенім мен руханилық ұғымдарының тәжірибелік мәнін адамзат феномендерінің бірі ретінде қызығушылық тудыруда.

Сенімнің маңыздылығы неде?

Егер біз философиялық сөздікке қарайтын болсақ, онда сенім дегеніміз – өзіне жеке және жаппай (қоғамдық) санаға кешенді ерекшелікті белгілейтін тереңде жатқан жалпыадамзаттық әмбебабты мәдениетті көптеген төмендегідей аспектілерін қамтиды:

  • гносеологиялық (нақты дәлелсіз немесе принципсіз дәлел, нағыз, шынайы тезис ретінде қабылданған )
  • психологиялық (терең мотивациялық фактор ретінде жеке өмірлік стратегия – «сенім» «сенім» өзінен бас тартуға шейін, өмірлік жағдайлар мен күмәндерға қарамастан оны ұстап қалуға шешім құндылық ретінде берілген ұғымның мазмұнын саналы ұғыну және уайымдау).
  • діни (айтылған сенім объектісінің мазмұнын тылсым күштер, яғни теологиялық салаға жатқызатын болсақ).

Жоғарыда айтылған ой пікірлерді (постулаты) Фома Аквинский ұсынған, яғни ол ақыл мен сенімнің үйлесімділігі абсолютті нұсқада белгіленген сенім догматикалық артылықшылықтарында туады: егер, шындыққа қарама – қарсы рационалдық қорытынды жасалса, онда талқылаудағы өателіктердің болғандығын дәлелдейді. Бұдан басқа да, Фома Аквинскийдің, философтардың, яғни теологиялық зат ретінде қарастыратын (құдай тірі, жанның мәңгі өлмейтіндігі және т.б. догматикалық ұғымдар) және адамның ұғымына сай емес, түсініксізжәне теологиялық танымнан тыс зат ретінде (құдайдың көпжандылығы, әлемді өзгерту, қайта жасау, күнә жайында және т.б.) рационалды, догматикалық түсініктерді бөліп көрсеткен.

«Сенім» ұғымы өзінің айналасына философиялық дәстүрлер шеңберінде де және терең гносеологиялық, сондай- ақ әлдеқайда кең ұғымда – жалпыантропологиялық жоспарда маңызды мәселелерді жинақтайды. «Сенім» категориясы экзистенциализм философиясында «құдайға сену» және «ғылымға сену» қғымдарын бірге алып жүретін «философиялық Сенім» ретінде түсіндіріледі.

Сенім ұғымы «краеугольных камней» адамзат тұрмысының фундаментін құрайтын бастауы деп айтар болсақ асыра айтпағандық болар. Шын мәнінде «мен бұл әлемдегінің барлығын таныдым» деп айтуға дәті бара бермес, бұған қарағанда ұлы грек ойшылы Сократтың «Менің білгенімнен, еш нәрсені білмеймін» деген дұрыс сияқты. Адам мына әлемнің бір кішкентай бөлшегі оның қысқа да, өтпелі өмірінде ең қажетті нәрселерді ғана танып білуге жетеді. Басқалардың тәжірибесіне сеніп, көпшілігіне сенммен қабылдайды.

Студенттерге сұрақ:

  • Сіз үшін «сенім» дегеніміз не?

Студенттер өздерінің «сенім» ұғымы жайлы пікірлерімен бөліседі.

Оқытушы. Әрбір адамның танымдық жолы ата-анаға, ұстаздарға, кітаптарға деген сенімнен басталады. Тек кейінгі тәжірибе ғана, өзінің сенімін білімге айналдыра отырып бұрынғы алған ақпараттың қаншалықты дұрыстығына көз жеткізеді, сенімі күшейеді (немесе әлсірейді). Бұл жолда сенім мен білім толық бір нәрсеге айналады, адам өзінің әр түрлі ісәрекет саласында бірте бірте өседі, дамиды. Дінге деген сенім де біздің рухани ұмтылыстарымыз, ізденулеріміз және осы тәжірибе мен білімге ие, сәйкес адамдарга сенімнен жиі басталады. Сенім өмірді терең интуитивті сезіммен танудан және жеке өзін- өзі тану тәжірибесінде өзіндік күшке ие болудан басталады.

«Даналық сабағы»

Луиза Хей: «Мен ішкі күшіміз идеалды денсаулыққа, идеалды өзара қарым-қатынасқа, идеалды карьерада жетістікке жетуде әрқайсысымызды махаббатпен алып келетініне сенемін. Ол біздің әрқайсымызды өсіп өркендеуге үйретеді. Осындай керемет заттарға ие болу үшін бәрінен бұрын, осының барлығы мүмкін екеніне сену қажет. Мен біздің санамыз үнемі бізбен байланысты шексіз әлеммен өзара байланыста болатынына сенемін дейді. Сондықтан, барлық білім мен барлық даналыққа біз өзіміз кез келген уақытта қолымызды жеткізе аламыз Бізге ішкі жарықтың нұры арқылы Жоғары «меніміз» және біздің ішкі күшіміз арқылы өмір сыйлаған әлемдік күшпен, шексіз ақыл оймен байланыстымыз. Осы күштердің негізінде қайырымдылық, жарықтың бастауы жатыр, олар біздің барлық өмірімізді басқарады. Ол жеккөру, өтірік айту және жазалау дегенді білмейді. Ол таза махаббаттың, тәелсіздіктің, түсіністіктің және қайғыға ортақтаса білуді тудырады. Барлығы өзімізге байланысты» деп жазады.

«Мен сенімен неге… сенетінімді бөліскім келеді» жаттығуы.

Студенттерге тапсырма беріледі: бөлмеде еркін қозғалып, бір-біріңе жақындаңдар. Бір – біріне қарап «Мен сенімен неге… сенетінімді бөліскім келеді» деген фразамен бастап, ойды бөлісу керек (жалғастыру керек).

Жаттығудың соңында өз курстастарынан естігендері жайлы талқылау жасайды. Ой пікірлерімен бөліседі.

Оқытушы. (дәріс- әңгімелесудің жалғасы).

Шын мәнінде біз неге сенеміз, біз үшін сенім объектісі , мойындаймыз, ұмтыламыз, мақсатымыз не болып табылады, барлығы өзімізге байланысты. Сондықтан, сенім ұғымы бізге жақын, «руханилық» ұғымымен бара-бар, тең деп айтуға болады.

Руханилық — жалпы мағынада — әлем мен адамның руханилығының жиынтығы. Әлеуметтануда, мәдениеттануда, сонымен бірге публицистикада «руханилықты» жиі діни ғылымдар мен тәжірибелерде, сондай — ақ, көркем өнер бейнелерінде ережедегідей шоғырланған адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлер түрінде көрінетін байланыстырушы қоғам бастауы дейді. Бұлар жеке сананың руханилық проекциясы ретінде «ар намыс, ұят» шеңберінде қарастырылады.

В.А. Бачининаның философиялық очерктерінде руханилықтың көріну формалары көптүрлі екені туралы айтылады. Шын мәнінде кез –келген қоғамдық пайдалы іс әрекет сферасы, оның тууына әсер етеді, себебі руханилық іс-әрекеттің өзіне емес, оған деген қарым-қатынасына байланысты көрінеді, себебі оны көріп және бағалауға адамның қандай қажеттіліктері мен қызығушылықтарына байланысты онымен айналысуына мүмкіндік жасайды.

Адам өміріндегі әлеуметтік салада адамдар «руханилық», «діни көзқарас» ұғымдары бірдей деп қателеседі.

Дін — адам өмірі және адамзаттың өмірі туралы төрт негізгі сәттен тұратын сенім ғылымы:

  • адамның әлемдегі, соның ішіндегі жердегі өзінің рухани-адамгершілік өмір заңдарының жүйесі арқылы реттеп отыратын әлемдегі күшті және жасампаз ақылды жасаушысына деген сенімі және мойындауы:
  • өмірді реттеп отыратын адамгершілік құндылықтар жүйесі мен адамгершілік заңдар жүйесі ғылымны.
  • Осы ғылымға сәйкес өзінің өмірінің адамгершілік заңдары мен құрылымының ілімнің шыншылдығы мен дұрыстығына адамдардың сенімі.
  • әрбір дінге тән рәсімдердің, ғұрыптардың, архитектурасының және т.б. ерекшелігі.

Діни ұғым – қандай да бір конфессияда дін жолын ұстаушы, адамның өмірінде басымдылық танытатын және оның ұстанымдарын тарататын, осы ғұрыптарды, дәстүрлерді, ырым- жоралығыларды, ұстанымдарды өзгертпей, нақты, сол күйінде орындауға бейімділігі. Діни адам осы әртүрлі ырым — жоралығыларды міндетті түрде орындай отырып, Аллаға қызмет ету және дін жолын ұстанушы ретінде қарастырады. Мұнда тұрған еш нәрсе жоқ, алайда, бұл адамға берілген нағыз шынайы, толық адамның өмірдегі рухани арақатынасты түсіндіре алмайды.

Талқылау. Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қалай ойлайсыз, «сенім», «руханилық», «діни ұстаным» ұғымдарының өзара байланысы қандай?
  • Адам қандай жолмен сенімге ие бола алады?

Диспут (тапсырмалар алдын ала беріледі)

Диспутта қаралатын тақырыптар:

  1. Әрт түрлі конфессияларды әлемдік бір дінге топтастыру мүмкін бе ?
  2. Дәстүрлі емес діни: секталар, қоғамдастықтар және т.б. тағдырын қалай шешуге болады?
  3. И.Шевелеваның «Сенім- біріктіреді, дін – іріткі салады, ажыратады» деген сөзіне қалай түсінесіз?

Оқытушы студенттерге ең бастысы пікірталаста өзінің жеке пікірін қорғау емес, шындыққа көзді жеткізу керек екенін түсіндіреді.

Жаттығу. Қызу талқылаудан кейін педагог студенттерге «Сыйқыршы туралы ертегісінің» медитиативті сеансын ұсынады.

Оқытушы. Ал енді әрқайсысыңыз өздеріңізге ыңғайлы болатындай жайғасып отырыңыздар, көздерімізді жұмамыз. Терең тыныс аламыз. Енді біз басқа әлемге өтеміз, керемет, таңғажайып ертегі әлеміне өтіп, онда болған бір оқиғаны тыңдаймыз.

Сыйқыршы туралы ертегі

Бұл баяғыда болыпты. Ертеде ерекше бір адам өмір сүріпті. Ол өзі сондай сымбатты және қайырымды болыпты. Бірақ оның қанша жаста екенін ешкім білмейді екен. Оның көздері сондай күлімдеп, жарқырап тұрғаннан адамдар «ол өте жас» деп ойлайды екен. Бірақ оның ұзын, аппақ сақалы мен шашына қарап кейбіреулері: «ол қарт және ақылды» деп айтады екен. Оның қолынан келмейтіні жоқ екен. Ол ешкім жасай алмаған кереметтерді жасайды екен. Ол айналадағы ағаштармен, гүлдермен, жан- жануарлармен, балықтармен, су астындағы тіршілік иелерімен сөйлесе біледі екен. Ол ауырып қалған өсімдіктерді, жануарларды, тіпті адамдарды да емдейді екен. Ол қай уақытта жаңбыр немесе қар жауатынын біледі екен, желмен және күнмен дос болыпты. Көптеген адамдар онымен үнемі кеңесіп, кеңес алып отырады екен.

Адамдар оны Сыйқыршы деп атап кетіпті. Оның қайдан келгенін, тіптен оның бұрын өздері сияқты қарапайым адам екенін білмепті. Адамдар өзгергенмен, сыйқыршы сол адамдардың арасында өмір сүре береді, ал адамдар оны қорған ретінде сезінеді.

Бір күні сыйқыршы адамдарға: — Мен сіздермен бірге ұзақ өмір сүрдім. Енді мен алыс сапарға аттануым керек екенін сезіп жүрмін дейді.

  • Сонда адамдар оны қимастан, көңілсіз күйде: бізді тастап кетесің бе?- дейді. Бізге сенің көмегіңізсіз, ақыл кеңестеріңізсіз қиын болады ғой. Ең болмаса өзіңіздің ақыл парасатыңыздын кішкентай бір бөлшегін қалдырып кетпейсіз бе?! — депті.
  • Сонда сыйқыршы: айналаңызға қараңызшы, сіздер керемет әлемде өмір сүресіздер. Әр күні сіздер таңды қарсы алып, шығарып саласыздар, ағаштың жапырақтарының сыбдырын, судың ағып жатқан сылдырын, оттың шыртылдап жанғанын, жердің тынысын ести аласыздар.

Бір минутқа демімізді ішке алып, тыңдап көрейікші. Бізді қоршаған дүниенің, тіршілікті жан дүниелеріңізбен сезініңіздер, олардың әрқайсының өзінің ырғағы бар. Біздің де әрқайсымыздың өзіміздің өмір сүру ырғағымыз бар.

Адамдардың барлығы демдерін ішіне алып, бір сәтке тып-тыныш бола қалады, көздерін жұмады да жердің бірқалыпта және тыныштықтағы тынысын, толқындардың жағалауға келіп бірде жай, бірде тез жайылғананын, ұрынғанын естиді. Ең бастысы, олардың әрқайсысы өздерінің жеке ырғағын: жүрегінің бірқалыпты соғуын, еркін дем алғанын естиді… Бір кезде адамдар өздерінде керемет ерекше бір құбылыстың болып жатқанын сезеді.

  • Біздің ішімізде бір ерекше, керемет бір нәрсе өсіп жатқан сияқты — деп сыйқыршыға олар сезімдерін қуанышпен жеткізді.
  • Сіздер мендегі ең үлкен құпияны ашқан секілдісіздер деп жымиыпты Сыйқыршы.
  • Сыйқыр дегеніміздің өзі – бұл табиғатты, бізді қоршап тұрған бар әлемнің ырғағын жан дүниеңмен тыңдай білу, сезіне білу, сөйтіп қоршаған әлемді өзгерте отырып, кереметтер жасай отырып өмір сүру. Тек өзіңнің ырғағыңды тыңдай отырып, әрқайсымыздың ішіміздегі жаңа нәрсені ояту, міне сыйқырлық осыдан басталады.
  • Ал біз оны қалай пайдаланамыз? — деп сұрапты адамдар.
  • Өздеріңізді дені сау және сымбатты да сұлу адам ретінде көз алдыңызға елестетіңіздер, өз жүректеріңізде осы бейнені көріп, сақтаңыздар. Содан бірте — бірте, сіздерге білінбестен өздеріңіз де өзгересіздер депті Сыйқыршы.

Өзіңіздің ырғағыңызбен сәйкес басқа адамның да ішкі ырғағын естуді үйренуге болады, сонда әрбір күн өзара түсіністік қуанышын сыйлайтын болады. Әрбір оқиғадан өзің үшін сабақ алуды үйренетін болсаң, онда қобалжу мен қорқыныштың орнына тыныштық пен анықтық, сабырлылық орын алатын болады.

Осылайша Сыйқыршы жолға аттанып кетіпті. Ал адамдар оның сөздерін есінде өте жақсы сақтап қалады. Өздерінің ішкі жан дүниесінің ырғақтарын тыңдай білетін болады, сөйтіп олардың әрқайсысында керемет бір Жасаушы ояныпты. Өздерінің айналасына қайырымдылық пен қуаныш нұрын шаша жүріп, өздерінің әрбір күнін олардың әрқайсысы тыныштықпен, махаббатпен өмір сүріпті.

Енді қазір біз қолымызды жүрегімізге қолымызды қоятын болсақ, онда өзіміздің жүрегіміздің жай соғуын, тыныс алу ырғағын естиміз. Біздің ішімізде өмір сүретін керемет жасаушы өзіміздің жылы қуаныш толқынын еске салады.

Ал енді біз терең тыныс алып, жайлап орнымызға қайтадан ораламыз.

Қорытынды.

Сабақты талқылау, өз пікірлерімен бөлісу.

Қоштасу рәсімі.

Студенттер екі шеңбер құрып бір — біріне қарап тұрады: ішкі және сыртқы шеңбер. Ішкі шеңбердегі студенттер орнында қалады, ал сыртқы шеңбердегі студенттер шеңбердің ішін айнала қозғалады. Студенттер бір –бірінің көздеріне қарап жағымды жылы сөздер айтып, қолдарын қысады да, рахмет айтады.