Студенттердің зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын өңдейтін теориялық негіздері

Барлық тірі организмдердің психикасының бірден-бір таңқаларлық ерекшілігі – табиғи қаситеті, олардың туа-бітті қоршаған әлемді зерттеуге талпынуы. Талаптану жан-жақты болады, бұл тек қана адамдардың мінез құлқында ғана емес, жануарларда да айқын байқалады. Барлық тірі организмдер үшін зерттеу – мінез-құлқын үйренудегі іс-әрекет құралдарының бірі ретінде қызмет етеді, ол барлық деңгейдегі тану функцияларын жетілдіреді, әлеуметтік тәжірибе жинайды. Адамда ол, жеке даму және өзін-өзі дамытудың маңызды көзі ретінде көрінеді. Балалық шақтың өзінде-ақ өмірдегі табыстылық және ізденіс, зерттеу белсенділігінің даму деңгейі бір-біріне байланысты екені байқалады. Қоршаған әлемді зерттеу қабілетінің дамуы баланың тану және жеке өсіп-жетілу барысындағы табыстарына тікелей байланысты. Дамыған зерттеу қабілетінің болуына қарай даму процесінің өзін-өзі дамыту процесіне айналу мүмкіндігі зор. Адам бойындағы айналаны зерттеуге деген ұмтылыстың пайда болу дәрежесі көптеген жағдайларға, соның ішінде адамның жеке ерекшеліктеріне байланысты. Бірақ өсе келе олар зерттеулік ізденіске белсенді, қабілетті балалар және бұл іс-әрекетке аз көңіл бөлетін, зерттеу іс-әрекетіне қызығушылығы төмен балалар екіге бөлінеді [1,2] .

Зерттеу әрекеті – биологиялық қасиет, яғни оның биологиялық түбірі бар екені анық. Олай болса зерттеу әрекеті мен зерттеулік қабілеттері генотипке қандай дәрежеде тәуелді және бұл қасиет сыртқы жағдайлардың әсерінен қандай шамада қалыптасуы мүмкін деген сұрақ әрине туындайды.

Зерттеу қабілетінің қалыптасуында биологиялық факторлар маңызды роль атқарады, әсіресе зерттеу әрекетіне деген қажеттілік басым. Осы қажілеттілік дамудағы және өзін-өзі дамытудағы серіппе, қозғаушы күш болып табылады. Сонда ғана биологиялық организм өзін дамытып қана қоймай, сонымен бірге бүкіл тіршілік атаулыны дамытуға белсенді үлес қосады. Биологтардың зерттеулеріне қарағанда, зерттеу мінез-құлқына деген қажеттілік жоғары дамыған сайын, организмнің дамуы қарқынды болады. Физиологтар мынадай қызықты заңдылықты анықтаған. Жүйке жүйкесі жоғары дамыған сайын, ол өзін-өзі қарқынды түрде жетілдіре түседі (В.С.Ротенберг, С.М.Бондаренко). Әр индивидтің іздену әрекетіне деген бейімділігі мен қабілеттілігі әр деңгейде болуы кез-келген басқа да қабілеттіліктің даму дифференциасына, яғни жекеленуіне, даралануына байланысты түсіндіріледі.

Студентерде арнайы білімді қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулік ізденіске қажет білік пен дағдыны дамытуға қажетті бағдарламаны өңдеу принциптерін атап өткен жөн. Мұндай маңызды құралдардың болуы – баланың танымдық іс-әрекетінің табысты болуының кепілдігі десек қателеспейміз [3]..

1. «Зерттеу» ұғымын кеңінен түсіндіру принципі. Ғылыми әдістемелік әдибиетте «зерттеу» ұғымы әрдайым баланың зерттеу тәжірибесінің эмпирикалық жағымен ұштасады және де үнемі жаратылыстану ғылымы аясында бақылау, тәжірибелермен ассоциацияланады.

Зерттеулік оқыту жағдайында «зерттеу» ұғымын тек эмпирикалық таныммен шектемей, оны максималды кең ашу неғұрлым нәтижелі болатыны сөзсіз. Оқушыларға арнайы білім беру, сондай-ақ жалпы зерттеулік ізденіске қатысты білік пен дағдыны қалыптастыру проблемасы әдістеме ғылымына жүктеледі. Осыған байланысты кейбір аспектілер жеке пәндерді оқыту әдістемесінде қарастылырған. Физика, химия, биология пәндері бойынша көптеген тәжірибелер мен бақылауларды өткізу әдістемелері өңделген. Бұл балалар үшін өте құнды екені рас, бірақ зерттеулік ізденіс дағдылары, білік, арнайы білім мұнымен ғана шектелмейтінін саналы түрде түсініміз керек.

Мұндай шектеуліктердің бірнеше себептері бар, оның бірі – «зерттеу» ұғымын жете түсінбеу. Мысалы көптеген әдіскерлер, пән мұғалімдері, «зерттеу» ұғымын тек эмпирикамен шектелетіндігіне сенімді, нәтижесінде олар зерттеулік білік пен дағдыға тек соның көлеміндегі тәжірибелі танымға тікелей қатыстыларды жатқызады. Ал одан тыс тұрғандарды, мысалы: проблемаларды көре білу, өзіндік нәтижесінде материалдарды жинақтай білу, тіпті басқалармен жазылған мәтіндерді анализдеу кезінде түпкілікті жаңа ақпарат таба білу олардың назарынан тыс қалады.

«Үлкен ғылымда», мысалы «теориялық зерттеу» деген ұғым бар. Зерттеу әдістерін тек эмпирикалық жолмен емес, әдебиет мәтіндерін анализдеу жолымен жүргізуге болады. Сондай-ақ ол басқа да зерттеулерді баяндайтын көркемдік те, ғылыми да бола алады. Толық, құнды зерттеулер «ой тәжірибесінің» көмегімен, яғни математикалық және компьютерлік модельдер арқылы виртуалды тәжірибелер жолымен жүргізіледі. Осындай жағдайды суреттеу үшін, мысал келтірейік. Ғылымдағы жаңалықтар, әсіресе әдебиет көздерінің алынған мәліметтерді талдау негізінде жасалады. Бұл тек қана әдебиеттану емес, сонлай-ақ, басқа ла – археология, биология, психология және тағы да баска ғылымдарды қамтиды. Мәселен, Гомердің «Иллиадасында» Троя аңыз қаласының орналасу орны дәлірек айтылған. Бірақ барлығы мұны көркемдік ойдан шығару деп есептеду. Сондықтан бұл XIX ғ. археологтары мен тарихшыларына қол жеткізбестей болды. Неміс зерттеушісі Генрих Шлиманнан басқа ешкімнің ойына Гомердің суреттеуіне сүйену арқылы, Трояны табуға болатындығы кіріп-шықпаған. Генрих Шлиман Гомердің «Иллиадасын» қарапайым шығарма ретінде емес, сонымен бірге зерттеу ізденісінің тарихи негізі ретінде қарастырады. Нәтежисінде бүкіл әлемге белгілі археологиялық сенсация туындады.

2. Жалпы зерттеу біліктері мен дағдыларының өзіндік құндылық принциптері. Зерттеп оқытуда баланың жалпы зерттеу білімдері мен дағдыларын дамыту мәселесі жеке танымдық іс-әрекеті емес, өмірдің ерекше стилін қалыптастырудың негізгі жолы ретінде танылады.

Мұндай өмір сүру стилінде іздену белсенділігі алдыңғы жүргізуші орын алады.

Жалпы зерттеу біліктілігі мен дағдылары табиғаттың қандайда бір қарапайым заңды іс-әрекеттерін көрсетуге ғана емес, қазіргі динамикалы өмірге сәйкес жеке тұлғаның үнемі ауыспалы қоршаға ортаға бейімделуінің маңызды тәсілі ретінде қарастырылады.

3. Пәнаралық байланыс принципі. Әртүрлі ғылымдардың пәндері әртүрлі болатыны ақиқат. Жалпы зерттеу әдістерінің палитрасынан әр ғылым жеке өзіне керек бөлігін ғана алады. Мәселен, биологияда қолданылатын әдістердің өнертануда пайдасы аз, керісінше социологтардың колданылатын әдістері квант механикасы және микробиология көлемінде жүргізілетін іс-әрекетке пайдалылығы әлдеқалай.

Сондықтан жеке ғылымда қолданылатын зерттеулік әдістер мен олар талап ететін зерттеу біліктілігі мен дағдылардың өзіндік ерекшелігі олардың бір ғана ғылыми пәнге жүктеп (привязка) қою идеясын болдырмауды көздейді.

4. Тренигтерге сүйену принциптері. Баланың когнитивті өрісін арнайы білімдермен байыту, оның зерттеулік ізденіс біліктері мен дағдыларын дамыту жұмысында дәстүрлі білімм беруден өздігінше дербес, арнайы тренигтік сабақтар өткізу неғұрлым нәтижелі болады. Мұндай сабақтар зерттеулік ізденіс ситуациялары қажет ететін арнайы білім алуға, барлық зерттеулік ізденістер мен дағдыларды өңдеп, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

5. Импровизация принципі. Баларды арнайы біліммен оқытуға, олардың зерттеулік ізденіс біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтарды жоспарлап жүргізу кезінде мұны қатаң, алдын-ала өңделген алгоритм бойынша мүмкін емес екенін ескеру қажет. Зерттеу іс-әрекеті – шығармашылық іс-әрекет. Ол икемділікті, жоғары мобильдікті қажет етеді. Сондықтан да, мұнда импровизация сәттерінің болғаны дұрыс. Осындай ереже балалардың зерттеулік ізденіс біліктігін дамыту сабақтарында міндетті түрде ескерілуі керек. Бұл сабақтардың бағдарламасына үнемі өзгеріп отыратын, сыртқы факторларға тәуелді тірі организм ретінде қарау қажет.

Әр сыныптың өзіндік ерекшеліктері, құндылықтары және қалаулары болады. Әр уақытта сыртқы факторлардың әсерінен олардың қызығушылықтары бір құбылыстан екінші біреуіне бағытталуы мүмкін. Бір білімді әр бала әр түрлі қабылдайды. Оларда зерттеулік ізденістің әр түрлі біліктері мен дағдылары көрініс тауып, қалыптасуы мүмкін. Сондықтан педагог балалардың әрқашан өзгертуге және оларды қайта туындаған жағдайларға сәйкес түзету жүргізуге дайын болуы тиіс. Зерттеу қызметін табысты жүзеге асыру үшін субъектіге өзіндік жеке білім – зерттеулік қабілет қажет. Зерттеу қызметінің әдістері мен тәсілдері ретінде кез-келген зерттеушіге қажет даңғыны түсінген жөн: проблеманы көру, болжам жасау, бақылау, эксперименттер жүргізу, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, ұғымдарға анықтама беру және тағы басқа [4]..

Осы аталған принциптерге сүйене отырып, зерттеу қабілетінің теориялық моделін құруға болады және оның міндетінің маңыздылығы қазіргі уақытта ақиқат болуда.. Оны шешпей, зерттеу қабілетін дамыту және диагностикалау жайлы әңгіме айтудың еш мәні жоқ. Бұл жағдайда «модель» сөзін құбылыстың кішірейтілген, дәлірек айтқанда, біршама оңайлатылған көшірмесі деп түсінеміз.

Зерттеу қабілеті жүйесінің моделін төмендегі үш құрамдас бөліктің кешені ретінде құрастыруға болады:

-ізденіс белсенділігі;

-дивергентті ойлау деңгейі;

-конвергентті ойлау деңгейі.

Зерттеулік

қабілеттері

Овал: Ізденіс
белсенділігі
Бұлардың өзара қатынасын мынадай графикалық түрде корсетуге болады:

«Ізденіс белснділігі» өлшемі – зерттеу әрекетінің басты қайнар көзі және негізгі қозғаушы күші ретінде роль атқарады. Ол зерттеушілік қабілетінің мотивациялық құрамдас бөлігін сипаттайды. Ізденіс белсенділігіне деген талпыныс биологиялық қасиет болуы да, кейде сыртқы факторлардың әсерімен де дамуы мүмкін. Жоғары мақсаттылық (мотивация), кызығушылық, сезіммен берілу – «ізденіс белсенділігінің» бар екендігін байқататын зерттеу әрекетінің қажетті құрамдас бөлігі. Дивергентті нәтижелік немесе дивергентті ойлау қабілеті мен бейімділік зерттеу мінез-құлқы жағдайындағы аса маңызды қасиет. Бұлар зерттеулік мінез құлықтың ажырамас бөлігі.

Зерттеу әрекетін қажет ететін нақты жағдайларда жоғары дамыған конвергентті ойлау қабілеті болмаса, дивергентті ойлаудың да, іздену белсенділігің де пайдасы жеткіліксіз. Себебі, конвергентті ойлау – проблеманы талдау мен синтездей білу қабілеттері арқылы қисынды алгоритмер негізінде мәселені шешу дарынымен тығыз байланысты, бұл сатыларда жағдайды саралау мен бағалау, ойлар мен тұжырымдар жасай білу маңызды және ол зерттеу объектісін табысты дайындау және жетілдірудің, табылған ақпараттың, бағалаудың және рефлексияның басты жағдайы болып табылады. Қорытындылау мен ой бекітуді қалыптастыру, зерттеу объектісін сәтті талдау және жетілдіру, табылған ақпараттарды бағалау сияқты маңызды шарттармен тығыз байланысты.

Сондай-ақ, қорыта келгенде, бірінші, зерттеушілік технология — өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзіреттілік тәсілді қолдайтын технология. Екіншіден, жоғары білім беру жүйесінде зерттеушілік технологиясының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты бағдары-білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; білім алушының жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді. Үшіншіден, зерттеушілік қызмет дегеніміз – жаңа білім алуға бағытталған шығармашылық қызмет. Студенті зерттеушілік қызметке үйретуде оқытушының өзі дайын болуы, демек ұстазда зерттеушілік қызмет, зерттеушілік мәдениет қалыптасуы шарт.

Пайдалаланған әдебиет:

1. Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың
педагогикалық негіздері. А., 2001

2. Мырзабаев А.Б. Оқушылардың шығармашылығын дамытуда белсенді
оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. А., 2005.

3. Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын
қалыптастыру., -А., 1994.

4. Мұсабеков М.Ө. Оқушылардың зерттеушілік қызметі. Ш., 2003.

Смагулова Г. Студенттердің зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын өңдейтін теориялық негіздері [Текст] / Г. Смагулова, Ш. М. Майгельдиева // Молодой ученый. — 2015. — №8.2. — С. 33-35.