Мектептегі оқу-тәрбие процесінің жақсы жолға қойылуы, жоспарлы жүргізілуі де балалардың мінез ерекшеліктеріне әсер етеді. Шәкіртке ғылымның негізін үйретумен бірге біз олардың дүние танымын, ақыл-ой әрекетін, шығармашылық ізденуін, қабілеті мен дарындылығын дамытамыз. Әрине, бұл жәйттерді оқушыларға толық жеткізу әрбір мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, материалды жан-жақты толық қамтуына, көрнекі және техникалық құралдарды дұрыс пайдалануы мен оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруына байланысты. Міне, сондықтан біз мұғалімнің педагогикалық процестің негізгі тұлғасы деп санаймыз. Мұғалім әрекеті мазмұны жағынан оқушылар әрекетімен органикалық байланысқанда ғана тәрбие тиімді де нәтижелі болады. Бір сыныптың өзінде мұғалімдердің сабақ беру тәжірибесіне қарай сабақ үстіндегі шәкірттердің мінез ерекшеліктері кейде олай, кейде бұлай болып құбылып отыратыны педагогикалық тәжірибеден белгілі. Дегенмен сабақ қызықты, шеберлікпен өткен жағдайда оқушылардың зейіні басқа нәрсеге аууға мүмкіндік тумайды. Осындай кезеңде шыдамсыз, ұшқалақ оқушылардың қимыл-әрекетінде де байсалдылық байқалады. Егер сабақ тартымсыз, нәтижесіз болса, оқушылар қанша зейін қоюға әрекеттенгенімен шаршап, жалыға бастайды. Мұндай жағдайда жеңіл мінезді балалар өздері ғана тәртіп бұзбастан, басқаларға да теріс әсер етеді.
Оқу-тәрбие барысында ғылымның дидактикалық өңдеуден өткен зерттеу әдістерін пайдалану – оқыту мен білім берудің, тәрбиелеудің әдістерін ұштастыра түсуге, олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Инновация ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі.
Нәтижелік инновацияның критерий ретінде мұғалім қызметіндегі оң нәтижелелердің барынша тұрақтылығын білдіреді. Өлшемдегі технологиялық, нәтижені бақылау мен белгілеудегі, түсіну мен баяндаудағы тұтастық бұл критерийді, жаңа әдістің маңыздылығын, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін бағалаудың басты құралына айналады.
Инновациялық бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық инновацияны бағалаудың критерий ретінде қарастырылады.
Инновацияның негізгі критерий ғылыми педагогикалық тәжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жанашылдық деп білеміз.
Мектеп оқушыларының тәрбиелеуде инновациялық ұжым арқылы тәрбиелеу бойынша оның дамуына С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, И.П.Ивановтар үлкен үлес қосты. Мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі инновациялық технологияның ерекшелігі оқушының рухани және дене күшін, әрекеттері мен ой-сезімін тануы, өзінің қоғам мүшесі екенін, айнала қоршаған ортамен басқа адамдармен мәдениетті қарым-қатынас жасау. Бұл оқушының өз бойындағы қасиеттері мен қабілетін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін тәлім- тәрбие екені даусыз. Мұндай тәрбиенің бастауы бұрын да болған, біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан әдемі дәстүрі бар.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың инновациялық технологиясы бұл оқушының ұжымдық іс-әрекетке қатысуы, ондағы оқушының санасының оянуы, мәдениеттілікті сақтау, өз бетінше дұрыс әрекет етуі, мінез-құлқындағы дөрекі мінезден арылуға әрекет жасап, қарым-қатынаста мәдениеттілік көрсету мен өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады.
Өзін — өзі тәрбиелеу оқушыны жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. «Жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеуі» тақырыбы бойынша өтетін тәрбие жұмыстарында бала өзін объекті ретінде ғана санамай, субъекті ретінде де даму жолдарын талпынады. Баланың ойын, пікірін терең ұғынып логикалық бірізділікпен дәлелдей білуге үйрету — әр ұстаздың төлісі. «Мен кіммін?», «Менің кемшіліктерім неде?», «Мен неге әдепсізбін?» және т.б. сұрақтар арқылы өзін-өзі тәрбиелеудің басты құралдарымен таныстырған жөн.
Өзін-өзі тәрбиелеу қоғамға пайдалы болу ұжымның лайықты мүшесі болу тілегінен тууға тиіс. Өзін-өзі тәрбиелеу үшін өзіне сын көзбен қарап, өз қателерін мойындауға батылы жетуі қажет. Мінездегі кемшіліктерді жойып, жақсы сипаттарды жетілдірмейінше өзін-өзі тәрбиелеу мүмкін емес .
Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі үшін, оқушыларды өздерін қолға алуға үйрету керек. Өзін-өзі тәрбиелеуге кірісе отырып, оқушы ең алдымен өзін-өзі қолға алудың жалпы мақсатын ұғынуы тиіс.
Осыған байланысты жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу әдістеріне:
- өзін-өзі сендіру;
- өзін-өзі иландыру;
- өзін-өзі бақылау;
- өзін-өзі талдауды жатқызамыз.
Баланың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде ұжымның әрекеті үлкен роль атқарады. Ұжымшылдық – адамгершіліктің ең ерекше белгісі, ол адамның шындыққа қатынасының барлық жүйесін, оның бар мінез-құлқын анықтап береді.
Ұжымдық шығармашылық форма – оған қатысушы жақтардың өзара бірлесіп іздену жұмыстары негізінде, яғни:
- әрбір қатысушының қызығушылығын және қажеттілігі ескерілуі тиіс;
- жеке тұрғыдағы мақсат топтық және ұжымдық мақсатқа қарама-қайшы келмеуі тиіс;
- ұжымдық шығармашылық іс жалпы ортақ істе әркімнің өзінің орнын таба білуі туғызуы тиіс.
Ұжымдық шығармашылық әрекет формасы басқалардан тәрбиелік
міндеттерді қою және оқушылардың тәжірибе жинақтау сипатымен ерекшеленеді. Оның негізін ұжымның барлық мүшелерінің өзара бірлескен әрекеттері ынтымақтастығы жағдайы құрайды. Мұндай жағдайда олар сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты жоспар құруды, тәрбие шараларын дайындау және өткізуді бірлесе атқарады.
Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығы мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін олар әртүрлі ұжымға тап келеді. Сондықтанда олардың сынып және мектеп ұжымдарында жеке бастарының қаншалықты үйлесіп, қалыптасуына байланысты оның кейінгі уақыттағы психологиялық жағдайы сәйкестенеді, қайсібірі әрекет нәтижелі болады. Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым-қатынасы тұрақты көңіл-күйді, бір-біріне сенім мен сыйласымдылықты қалыптастырады. Дұрыс қарым-қатынас — өмір құбылыстарын бағалау өлшемін және ақиқат, жақсылық әсемдік туралы көзқарасты тәрбиелейді.
Ұжымдық қатынас – тұлғалық ерекшеліктерді басады, оның пікірін көпшіліктің пікіріне бағындырады. Бұл баланың жаман іс-әрекеттері мен мінез-құлқындағы теріс қылықтарды болдырмауға ықпал етеді. Жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершілік, бір-біріне тілектестік және адал ниеттілік, сын және өзара сын орнығады. Сонымен қатар, еңбекке, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, жолдастарына тіпті өзінің міндетіне жауапкершілігі мұқият қалыптасады. Татулық пен достығы жарасқан ұжымдағы өзара қарым-қатынас жеке басының мүддесін қоғамдық мүддеге бағындырады. Балаларды ұжымдық қызмет тәсілдеріне үйрету – мұғалімнің ерекше және арнайы міндеті болып табылады. Оқушылар арасында ұжымдық жұмыс үстінде пайда болатын іскерлік қарым-қатынастарды үлкендер көбіне реттеп отыруға тиіс. Мұғалім жұмыс сапасына, ойын процесіне, жиындар өткізуге ғана емес, сонымен бірге осы ұжымдық қызметке қатысушылар арасында туындайтын қарым-қатынастарға да айқын талаптар қойып отырады. Бұл талаптарды балалар жақсы білуге және жете түсінуге тиіс. Өйткені баланың мінез-құлқы көп жағдайда ұжымдағы атмосфераға байланысты өзгеріп мінезі қалыптасып отырады.
Ұжымның шығармашылық әрекеті жеке тұлғаның өзін-өзі
тәрбиелеудің маңызды түрткісі ретінде көрініс береді. Соның нәтижесінде ол
өзара тәрбиемен мектеп оқушысының жеке басына оның жолдастарының ықпал етуімен толықтырыла түседі.
Мектеп оқушыларының қоғамдық белсенділігін ұйымдастырушылық қабілеттері мен құралдар мен әдістерінің бірі оқушылардың өзін-өзі басқару болып табылады. Ол барлық оқушының өз сыныбының және мектеп ұжымының іс-әрекеттерін басқаруға қатысуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың бойына саналы тәртіп пен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжым, ата-аналар ұжымы көмектеседі. Сондай-ақ олар оқу сабақтарына қатысуды есепке алуды ұйымдастырады, сабақтарға келмеушілікке және кешігушілікке қарсы күреседі, оқушылардың күн тәртібін қадағалайды.
Бастауыш мектеп оқушысының бейнесін қалыптастырып, эмоционалдық – еріктік, танымдық, мәдени адамгершілік мүмкіндіктерін жетілдіруде олардың құрылымы көп қырлы психологиясын танудың маңызы зор. Баланың мектепке келген күнінен бастап өздері іс-әрекет ететін, қарым-қатынасы, киім тазылығы, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздеріне назар аударып, қызығады. Дегенмен кейбір дөрекі мінездердің дұрыстығына қарамастан, іс-әрекеттермен сөздерге мән бермейді.
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде инновациялық технологияны қолдануда талап етіледі:
- тәрбиенің мақсаты мен мазмұнының дәлдігі;
- дұрыс бағыттары;
- әдістері мен тәсілдерін қолдануды.
Мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда инновациялық педагогикалық технологиясын сыныптан тыс ұйымдастырылған ұжымдық шығармашылық жұмыс өзінің ұйымдастыру формасы жағынан бірден-бір қолайлы әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да оны ұйымдастырудың жолдарын ұсынып отырмыз.
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың инновациялық технологиясы
Технологиялық процестің буындары | Технологиялық процесс буындарының мінездемелері |
Тұжырымдамалық негізі | Бастауыш мектеп оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу бойынша сыныптан тыс жұмыстардың бірізділігі, жүйелілігі, әртүрлі және мазмұнды әрекеттер арқылы балалардың адамгершілік қатынастарға кірістіруге бағытталғандығы оларды бұл құнды тұлғалық сапада тәрбиелеуде нәтижелі етеді |
Мақсаты | Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік құндылықтар, әсемділік пен көріксіздік туралы түсініктер, дұрыс ойлаушылық және орындылық талаптары, халық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрініс табатын, көпшілік мақұлдаған тіршілік әрекеті мөлшерлері мен ережелері туралы түсініктерді қалыптастыру және күнделікті өмірде, іс-әрекетте оларды орындауға әдеттендіру |
Міндеттері | -моралдық-адамгершілік білімдермен түсініктердің тереңдігіне, пысықтығына қол жеткізу;
-адамгершілік мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру; -адамгершілік мінез-құлық үлгілеріне қатынастарды (сезімдерді, бағалауларды) дамыту; -моралдық-адамгершілік нормалары мен ережелерін пайдалану, күнделікті өмірде және іс-әрекетте орындауға дағдыландыру; -баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзіндік мінезін бақылауға, дұрыс бағалауға баулу. |
Мазмұнының ерекшеліктері | Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің мазмұнына сай олармен ұйымдастырылатын сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстар өзара байланыста болған бірнеше бағытта іске асырылады. Оқушылар жоғары адамгершілік қатынастарға негізделетін әр түрлі, мазмұнды, мәдениетті мінез-құлық үлгілерін сезінуге мүмкіндік беретін әрекет түрлеріне кірістіріледі. Тәрбиелік іс-шаралар, ұжымдық шығармашылық істер оқушыда моралдық білімдер, қатынастар және әрекеттерді қамтитын біртұтас жүйесін қалыптастыруға бағдарланады.
Оқушының мінез-құлық мәдениетін меңгерудегі субъектілік позициясы қамтамасыз етіледі. Тәрбиелеудің дәстүрлі формалары, әдіс-тәсілдері, құралдарымен қатар, инновациялық тәсілдерінен кеңінен пайдаланылады. Ұжымдық шығармашылық тәрбие мен жеке дара тәрбиелеу технологиялары элементтері ұштасады. |
Формалары | -ұжымдық, топтық, жеке-даралық – жұптық;
-тәрбиелік іс-шаралардың кең өрісі(диапазоны); -тәрбие жұмысын ұйымдастырудың инновациялық формалары |
Оқушының іс-әрекеті формалары мен әдіс-тәсілдері | әңгімелесу; сұрақ-жауап; жұптық жұмыс; кіші топтардағы жұмыс; диалог; жаттығу; тәрбиелік ситуацияларды талдау; ролдік және іскерлік ойындары; ұжымдық және топтық жобалар; шығармалар жазу; «миға шабул» әдісі; мінез-құлық үлгілерін ұжымдық талдау, мінездемелер құрастыру; жаттығу |
Мұғалімнің басқарушы
і-әрекеті |
Оқушыларды мәдени мінез-құлық нормаларын игеруге белсенді ұмтылыстарын ынталандыру, олардың моралдық-адамгершілік қатынастарын дұрыс қалыптасуын бағыттау, қадағалау; мәдениетті мінез-құлыққа әдеттендіру процесін жоспарлау, ұйымдастыру, іс-жүзіне асыру, бақылау және диагностикалау, болжалдау |
Мұғалімнің іс-әрекеті формалары мен әдіс-тәсілдері | әңгімелесу; сұхбат; мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсіндіру; сендіру; жаттықтыру; үлгі-өнеге көрсету; кеңес беру; мақұлдау; марапаттау; сенім білдіру; |
Тәрбиелеу процесінің мониторингі және оның нәтижелерін диагностикалау | Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу процесінің іске асуын мониторинглеу; психологиялық-педагогикалық диагностикалық әдістер және әдістемелерге негізделе отырып оқушылардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиеленгендігі деңгейін анықтау, қажетті қорытындылар шығару |
Сыныптан тыс ұйымдастыратын пән үйірмелерінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, әсіресе техникалық құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы дамытып, өзінің мәдени мінез-құлық нормалары игеруге белсенді ұмтылыстарын ынталандыру, олардың моралдық-адамгершілік қатынастарын бағыттап, олардың қоршаған ортада қалай ұстау керектігін түсіндіріп отыру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс ұйымдастырылған жұмысы оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге, шығармашылық, зерттеушілік, танымдық қабілеттерін дамытуға, ықпал етуге, адамның жаңаша қалыптасуына көмектесуге негізделген. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда пән үйірмелерінің маңызды принципі – танымдық қызметті белсендіру, мүмкіндігі, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, қиыншылықтарды жеңу және материалды сапалы қабылдауды үйретудің болуы.
Ұжымдық істерді ұйымдастырудың нәтижелі формасы – жеке тұлғаның әрекет етуін жатқызамыз. Ол барлық балаларды ұжымдық істерге қатысуға, олардың жеке мүмкіншілігін қажеттілігін ескеруге жағдай тудырады.
Жұмыс тұлғаның қажеттілігін және қызығушылығын жүзеге асыру барысында оның дамуына мүмкіншілік тудырып қана қоймайды, сонымен бірге қабілетінде шыңдап, мінез-құлықтағы кемшіліктерін, басқа да қарым-қатынастарда өзара әрекеттесуі барысында жалпы сынып ұжымынан әсер алып оның дамуына ықпал етеді. Қалыптасып келе жатқан оқушы педагогикалық талаптарды орынды қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Рувинский Л.И., Хохлов С.И. Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек. Алматы,1989.
- Сабиров Г. Балаларға ақыл ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. Алматы. 1977.
- Богданова О.С. Воспитание культуры поведения учащихся 1-3 классов. М,1978.
- Бобков Ф.А. Воспитание сознательной дисциплины и культурное поведение школьников. М.1980.