Шағын инновациялық бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудың шет елдік тәжірибелері

Елбасы Н.Ә. Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдауында инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізеді. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға жаңа рыноктарды игеруге инновацияларды ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады.

Шағын инновациялық бизнесті мемлекет тарапынан қолдау құқықтық және заңмен қамтамасыз етуден, несиелендіруде жеңілдіктер жүйесін орнатудан, салық салудағы жеңілдіктерден, тікелей бюджеттік қаржыландырудан, ақпараттық — кеңес беруден, маркетингпен және мамандармен қамтамасыз етуден тұрады. Біздің көзқарасымыз бойынша инновациялық істі дамыту саласында үлкен жетістіктерге ие болған дамыған мемлекеттердегі тәжірибелерге сүйеніп, олар жиі қолданатын шараларға назар аудару керек. Шет елдік тәжірибеден өз экономикасымызға аларымыз мол. Өнеркәсібі дамыған елдердің мемлекеттік инновациялық саясаты инновациялық процестерді жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған және академиялық ғылым мен өндіріс мәселелері арасындағы байланыстырушы тарап болып табылады.

Батыста мемлекеттік реттеу – ұлттық бәсекелестік қабілетті жоғарылату мен халықтың әл-ауқатын көтерудің бірден бір негізгі факторы болып табылады. Біздің ойымызша, Батыс елдерінің ғылымды дамыту жағынан алда келе жатқандығы бұл елдердегі жеке ұмтылыстың күштілігімен түсіндірілмейді, мұнда инновациялық істі тиімдірек қолданады. Мемлекет инновациялық істі тікелей және жанама тәсілдер арқылы қолдайды. Тікелей мемлекеттік қолдау жүйесінде ғылыми-зерттеу-құрылыстық жұмыстарды бюджет тарапынан қаржыландыру маңызды орын алады, сондықтан, инновациялық істі тікелей тәсілмен қолдай отыра, мемлекет жаңа өнертабыстарды тарату орталығының және инновациялық іс субъектілеріне қызмет көрсететін кеңес беру орталықтарының желісін құра отыра, инновациялар нарығын (мемлекеттік басылымдардағы ақпарат, көрмелер, жәрмеңкелер) құрып және оның агенті ретінде (мысалға лицензияларды сату және сатып алу кезінде) қатыса отырып мемлекеттік инновациялық инфрақұрылымды құрады.

Шет елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекет шағын кәсіпорындардың өмір сүруі үшін қызмет көрсететін әртүрлі құрылымдар құрады, мысалға потенциалды инвесторларды, тапсырыс жасаушыларды іздестіру, венчурлық кәсіпорынды мемлекет тарапынан сақтандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету шағын кәсіпорын үшін өте маңызды. Инновациялық істі мемлекет тарапынан ынталандырудың ең тиімді түрі ретінде ғылыми зертеулерді жүргізуге салық салудың жеңілдетілген тәртібін орнату, бұл бүкіл әлемде танылған, сонымен қатар, шет елдерде салықтық несие сияқты мемлекеттік ынталандыру шаралары кеңінен таралған.

Салықтық жеңілдіктер кәсіпкерлік салаға негізінен екі түрдегі пайыздық шегерілімдерді ұсынады: көлемді және өсімді. Бірінші түрінде салық салынатын кірістен ғылымға жұмсалатын шығындардың белгілі бір бөлігі шегеріліп тасталынады. Мұндай жеңілдіктердің түрі Австралияда және Сингапурде үш мәнді деңгейде қойылған, бұл компанияларға ғылыми зерттеулер шығындарынан артық сомаларға салық төлемдерін 1,5-2 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Өсімді салық жеңілдігі негізгі жылмен салыстырғанда ғылыми зерттеулердің жоғарылаған шығындарының сомасына салынады. Мұндай салық ставкісі Францияда-50% құрайды. Кейбір мемлекеттер бірден екі салықтық жеңілдіктерді де қолданады. Мамандардың бағалауы бойынша, дәл осындай салықтық жеңілдіктерді қолдану ғылыми зерттеуді ынталандырады.

Дамыған елдерде мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі – кәсіпкерлік сектордағы инновациялық іс-әрекет үшін қолайлы жағдайлар жасау. Біздің көзқарасымыз бойынша осы қызметті жүзеге асыру мақсатында келесідей экономикалық және бюджеттік саясаттың шаралары қоданысқа ұсынылады: жеке сектордағы ғылыми-зерттеулер шығындарын өнімнің өзіндік құнына енгізу; ғылыми құрал-жабдықтардың маңызды бөлігін жедел амортизация нормалары бойынша шығынға жазу; ірі корпорациялардың ғылыми шығындарының көлемін үнемі ұлғайтуға және шағын және орта бизнесті жаңа технологиялар саласындағы инновациялық іске жұмылдыруға бағытталған мекен жайлық салық жеңілдіктерінің жүйесін қолдану; ғылыми-техникалық зерттеулерді жеңілдік түрінде несиелендіру және ірі жобаларды үлестік қаржыландыру, венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін институционалды жағдайлар жасау; аймақтарда инновациялық кәсіпорындар, ғылыми инфрақұрылымдарды құру үшін жеңілдіктер түрінде мемлекеттік мүлікті немесе жерді беру немесе қайтарымсыз беру.

Аталған шаралар еш кедергісіз дамыған және жаңа индустриалды елдерде жүргізіледі және монополияға қарсы реттеу, кедендік саясат, инновациялық белсенділікті жоғарылату мақсатында интеллектуалды меншік құқығын қорғау облысында орталық және жергілікті билік іс-әрекеттерімен толықтырылады. Ғылыми-техникалық салада шағын бизнестің ары қарай өркениетті дамуы үшін өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесі қажет. Шағын инновациялық кәсіпорындар АҚШ-та экономикалық өсудің және ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің маңызды қайнар көздері ретінде қарастырылды. Шағын бизнестің инновациялық белсенділігін ынталандыру саясаты бүгінгі күнде мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде жүргізілді. АҚШ-та шағын бизнес қатынасындағы мемлекеттік инновациялық саясаттың басты бағыты шағын фирмалардың қаражат көздеріне қол жеткізуін жеңілдетуге бағытталған қаржы ағымдарын реттеу болып табылады. Бюджеттен мақсатты қаржыландыру үш түрде жүргізіледі: қайтарымсыз субсидия (гранттарды бөлу); жаңа өнімдер мен технологияларды жасап шығаруға контрактілерді бекітуарқылы жеңілдік займдарын беру; шағын инновациялық кәсіпорындар іс-әрекетін қаржыландыруға жеке капиталдарды жұмылдыру.

Шет мемлекеттерде ғылыми-техникалық зерттеу жұмыстарымен айналысатын шағын және орта кәсіпорындарды мемлекеттік реттеу және ынталандыру тәсілдерін талқылай келе, дамыған елдерде қолданылатын мұндай шаралардың түрлерін Қазақстан Республикасының даму ерекшеліктеріне және қазіргі жағдайға сәйкес қолдану орынды болады деген қорытындыға келдік. Нарықтық механизмдерді және белсенді мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қолдануға негізделген инновациялық жүйелер әлемнің дамыған және дамушы елдерінде ғылыми-техникалық салаға, білімге, зертханаларды, ғылыми мектептер мен институттарды соғуға салымдарды көбейтуді тұрақтандырудың басты құралы болады. ТМД елдерінің ішінде Ресейдің инновация саласындағы тәжірибесі үлкен көңіл аудартады. Ресейдің инновациялық дамуына жауап беретін негізгі органдарға Ресей Федерациясының өнеркәсіп, ғылым және технология министрлігі және Ресей Федерациясының білім министрлігі жатады. Мұнымен қатар, мемлекеттік деңгейде 90-шы жылдардың басында құрылған және инновациялық істі ынталандыруға қатысатын бірқатар құрылымдар жұмыс істейді. Бұл – Ресейлік технологиялық даму қоры, ғылыми-техникалық саладағы шағын түрдегі кәсіпорындарды дамытуға жәрдемдесу қоры, Санкт-Петербургтің ғылыми-техникалық аймақтық қоры. Олардың негізгі міндеті – инновациялық жобаларды орындау үшін жеңілдік несиелерді бөлу.

Жоғарыда аталған құрылымдар инновациялық процестерді түрлі инновациялық бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру арқылы басқарады. 1997 жылдан бастап «Ғылыми-техникалық салаға инновациялық істі белсендендіру» атты Ведомствоаралық бағдарлама жүзеге асырылып келеді, бұған ғылым Министрлігі, білім беру Министрлігі қатысты. Оның мақсаты инновациялық істің жаңа түрін – «инновациялық-технологиялық орталықтардың» инфрақұрылымын құру бойынша күштерді ортақтандыру. Мұндай орталықтар көптеген шағын кәсіпорындардан тұрады. Аталған орталықты құру үшін маңызды қаражаттар бөлінді, бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 18 инновациялық-технологиялық орталық құрылды, мұның саны келер жылдары екі есе өсті. Бүгінгі күнде Ресейде 40 мыңға жуық шағын инновациялық кәсіпорындар жұмыс істейді. Ресей территориясында 70-ке жуық технологиялық парктер және 40 инновациялық-технологиялық орталықтар бар, олардың мақсаты-бәсекелестік қабілеті жоғары, ғылымды көп қажет ететін өнімді зерттеп шығару.

Реформалау жылдары құрылған бірқатар мемлекеттік ғылыми орталықтар бар, кейбір ірі корпорациялар өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді, шағын инновациялық кәсіпорындардың саны артуда, венчурлық қаржыландыру масштабтары кеңеюде. Ал Ресейдің венчурлық инвестициялау ассоциациясына кірген компаниялар экономикаға 400 млн. АҚШ долл. жуық қаржы салды, бұл өткен ғасырдың соңғы жылы бойынша барлық халық шаруашылығындағы материалдық емес активтерге бөлінетін инвестиция көлемінен 1,3 жоғары. Ресейдің зерттеу жұмыстарына жұмсалатын жалпы ұлттық шығындардың құрылымы ғылыми өнім өндірісін қаржыландырудың қазіргі кезде мемлекет ғана емес, отандық кәсіпкерлік секторлар, сонымен қатар, ғылыми ұйымдар іс-әрекетінің нәтижелерін қолданатын шет елдік тұтынушылар жүзеге асыратындығын көрсетеді (кесте 1).

Көптеген дамыған және жаңа индустриалды елдерге қарағанда Ресейде ғылыми зерттеулерді қаржыландыратын жалғыз ғана қайнар көз — бюджет болып табылады, оның үлесіне осы мақсаттағы шығындардың жартысынан көбі түседі. Алайда, жалпы бюджеттік шығындар көлеміндегі зерттеулер мен жұмыстарға кететін шығындардың үлесі белгіленген деңгеден екі есе қысқарған. Отандық бизнес ғылымға мемлекеттен гөрі 3 есе кем қаражат бөледі және шығындары бойынша аздап сыртқы тапсырыс жасаушылардан алға шығады.

Реформалауға дейін ғылыми-техникалық сала елдің әскери потенциалын нығайтуға жұмыс істеді. Қорғаныс зерттеулеріне ресурстардың жоғары дәрежеде шоғырлануы нәтижесінде (ол ғылымға жұмсалатын шығындардың 70-75% алды) азаматтық салаларда ғылыми зерттеулер қалдықтармен қаржыландырылды, ҒТП жетістіктерін өндіріске енгізу өте баяу қарқынмен жүріп отырды.

Кесте 1 — Ресейдегі ғылыми зерттеулер мен жұмыстарға жұмсалатын шығындардың құрылымы, %

Қаражат көздері 1995ж. 2000ж. 2001ж. 2005ж. 2006ж.
Бюджет қаржысы

Кәсіпкерлік сала қаражаты

Шет елдік қаржы

Ғылыми ұйымдардың өз қаржысы

Бюджеттен тыс қор

Басқа да қаражат көздері

Барлығы

60.5

17.4

4.6

 

10.6

6.7

0.2

100

53.7

18.7

12.0

 

9.0

6.5

0.1

100

53.9

16.5

13.3

 

8.9

7.3

0.1

100

54.1

16.8

13.5

 

9.0

6.5

0.1

100

54.2

16.9

13.7

 

8.9

6.2

0.1

100

Ескерту: Ресей ғылым Министрлігі мәліметтері негізінде

Кесте 2 — 2001 – 2007жж. Аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемі, млн. тенге

Көрсеткіштер 2001ж. 2002ж. 2003ж. 2004ж. 2005ж. 2006ж. 2007ж.
Қаржыландыру көлемі барлығы, оның ішінде: 634,0 810,4 853,6 1 568,2 2004,0 2 123,2 2 660,4
ғылымға 634,0 810,4 853,6 1 151,0 1 154,0 1 460,8 2 300,4
Құрал – жабдықтарды субсидиялауға 417,2 850,0 662,4 360,0
Ауылшаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 533,7 557,4 615,4 698,9 764,8 859,5 920,9*
Ауылшаруашылығының жалпы өнімінің көлеміндегі ғылымды қаржыландырудың үлесі, % 0,12 0,14 0,14 0,22 0,26 0,25 0,29

Ескерту: ҚР АШМ мәліметтері негізінде 2007 жыл

Абсолютті мәнде алғанда, Ресей ғылымға Жапониядан 9,3 есе, Германиядан-4,7 есе, Франциядан-2,8 есе аз жұмсайды. АҚШ-та ғылымға шығындар Ресейден 24 есе жоғары.

Соңғы жылдары ғылымға деген ішкі шығындардың төмендегендігі ғылыми ұйымдар және ондағы жұмысшылар санының азайғандығы байқалады.

Біздің ойымызша, отандық кәсіпорындардың инновациялық іс-әрекетінде болып жатқан мынадай жағдай ел экономикасына кері әсер етеді, өйткені көптеген технологиялық құрылғыларды шет елден сатып алуға тура келеді. Мұнымен қатар, отандық кәсіпорындардың ғылыми-техникалық және өндірістік потенциалы дамымайды да, қолданылмайды. Инновациялық іс технологиялық құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алудан тұрады екен, демек, сол елде оларды жетілдіру және модернизациялау бойынша жұмыстар жүргізілмейтіндігі анық.

Біздің ойымызша, елдің ғылыми саласындағы жағдай қаншалықты шиелініскенімен де, ресейлік ғылыми-техникалық потенциал өте жоғары болып қалады. Осы потенциалды тиімді пайдаланғанда, ғылым саласын қайта құрылымдық өзгерткенде ғана өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық істерін тиісті ғылыми көрсетуге, қамтамасыз етуге болады, халықаралық нарықтарда отандық өнімнің бәсекелестік қабілетін жоғарылатуға және экономикалық өсуге мүмкіндік береді.

Отандық кәсіпорындардың ісін ғылыми-техникалық қамтамасыз етусіз өнеркәсіптік кәсіпорындарда инновациялық істі белсендендіру, отандық кәсіпорындар өнімдерінің бәсекелестік қабілетін жоғарылату мүмкін болмайды. Осылайша, ғылыми-техникалық сфераға, оның жағдайына және даму келешегіне баға берусіз елдің инновациялық потенциалы толық талданды деп айтуға болмайды.

Біздің көзқарасымыз бойынша Ресей кадрлық ғылыми-техникалық потенциалы мен жалпы ұлттық экономика өнімділігі арасында теңсіздікке ие болып отыр. Алайда, Ресей ғылыми-техникалық кадрларының саны жөнінен көптеген дамыған елдерді артта қалдырып, әлемдегі алдыңғы орындардың бірін алады. Бай ғылыми және интеллектуалды потенциалына қарамастан, технологиялық қаруланусыз, инновациялық бейімделмей, ғылыми қамтамасыз етпей отандық өндірісті көтеру мүмкін емес. Ресейдің ғылыми потенциалына талдау жасап, оған баға беріп, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибелеріне сүйене отырып, біздің көзқарасымызша, осы сферадағы мәселелердің шешімі келесі бағыттарда жүзеге асырылуы керек:

  1. Өндірістік қуатты ұтымды деңгейде іске қосу. Өндірістік потенциалды толық қолдану арқылы өндіріс көлемін жоғарылату инвестициялық процестегі қаржылық кедергілерді жоюдың алғышарты болып табылады.
  2. Инвестицияны инновациялық бағытта жұмсау. Шет елден алған құрылғылар мен технологияларды үнемі жаңартып отыру керек, өз инновациялық потенциалымыз есебінде жаңа технологиялық өндірісті және технологиялық процестерді құру және оны меңгеру керек.
  3. Өндірістің инновациялық бағыттылығын күшейту және инновацияны енгізу қабілеттілігін жоғарылату мақсатында өндірісті қайта құру. Ол үшін бірлестіктер, ғылыми-өндірістік консорциумдар, холдингтер құру мақсатқа сай келеді. Ғылымның барынша тиімді де бәсекелі салаға бағытын күшейткен жағдайда, отандық өндірісті жандандыруға, елдің инновациялық потенциалын күшейтуге септігін тигізеді.
  4. Отандық кәсіпорындардың шикізатты терең және кешенді қайта өңдеу деңгейін жоғарылату. Қолда бар ғылыми-техникалық потенциалды қарқынды қолдану есебінде тауар өндіру ұлттық өнім өндірушінің бәсекеге қабілеттігін жоғарылатады, жалпы экспорт көлеміндегі шикізат ресурстарының үлесін төмендетеді.
  5. Әлеуметтік сұраныстағы өнімді өндіруге бейімделу. Бұл әскери-өнеркәсіптік кешендегі бос жатқан негізгі қорлар тиімдірек қолдануға ғана емес, әлеуметтік тиімділікті де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  6. Инновациялық стратегия тарапынан импорттың орнын басуды ынталандырып қана қою жеткіліксіз. Экспорттық өндірісті құру және осының есебінде қажетті өнім импортын қамтамасыз ету мақсатқа сай болады. Елдің экспорттық потенциалын күшейту және кеңейту үшін отандық кәсіпорындардың әлемдік технологиялық және экологиялық стандарттарға көшуі керек.
  7. Ресурсты және энергияны үнемдейтін технологияларға көшу. Ресурсты үнемдейтін технологияға көшу мемлекеттік экономикалық саясаттағы ең приоритетті бағыттың бірі болуы керек. Ғылыми-техникалық потенциалы сақталған және елде оның салыстырмалы бәсекелестік артықшылықтары бар салаларды дамыту керек. Осы салалар көтерілген жағдайда экономиканың басқа да аралас салаларын дамыту және техникалық жабдықтау үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
  8. Отандық кәсіпорындардың негізгі инновацияны меңгеруге бейімделуі. Бұл сапасы жоғары, тауарлар мен технологияларды өндіруге және ішкі және сыртқы нарықтарда кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
  9. Өнертабыстылықты дамытуға көмек көрсету және өз елімізде, шет елде отандық күрделі және қосымша зерттемелердің нәтижелерін патенттік қорғау.

Біздің еліміздегі инновацияның даму жағдайын ескеретін болсақ, бізге шетелдік тәжірибеге жүгінгеніміз абзал, оның ішінде дамушы елдердің тәжірибесі қазақстанның қазіргі шындығына жанасады.

Солардың ішінде соңғы он жылдықта сәтті келе жатқандардың бірі – Үндістан, ол 7 млрд. долл-ға бағдарламалық өнім, дәрі-дәрмекті-3,5 млрд. долларға экспорттайды. Осы елдерде ғылымды көп қажет ететін салаларды құруды жеделдету бойынша Қазақстанға ең жақын келетіні — Бразилия мен Үндістанның тәжірибесі.

Ал шетелдік және ТМД елдерінің ішіндегі Ресейдің инновациялық даму тенденциясын сипаттай келе, біздің ойымызша шет мемлекеттерде сияқты ғылымды дамытуға мемлекет көп көңіл бөлуі және мемлекет тарапынан қолдау табуы керек, ал көршілес Ресейде мамандардың болжауы бойынша, осы ғасырдың ортасына қарай Ресей жоғары технологиялар нарығының-1%-ын бақылай алатын халге жетеді және мұнда жыл сайын 40-50 млрд долл. табыс табады деп күтіледі. Бұл болжам ресейлік өнім өндірушілердің өз орнын сақтап қалуын және нарықтың мынадай сегментінде орнын кеңейтуді ескереді: телекоммуникациялық, оптикалық, геодезиялық құрылғылар, бағдарламалық қызмет көрсету. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекет ұлттық инновациялық жүйені құратын негізгі құрылтайшы және қаржылай, материалдық, басқа да ресурстармен көмек көрсетеді.

Әлемдік тәжірибе негізінде инновациялық істі ынталандыру үшін нарықтық механизмдердің жеткіліксіз және ұлттық ғылымның деңгейін айтарлықтай көтере алмайтындығын көрсетеді. Сондықтан, біздің көзқарасымызша мемлекет шет елдердегі инновациялық процестерді басқару ерекшелігін және Қазақстан Республикасындағы жағдайды ескере отырып, өз елімізде ғылымды дамытуға өзінің тәсілдерімен реттеу және ынталандыру шаралары арқылы ат салысуы керек. Приоритетті ғылыми-техникалық бағыттар бойынша республикалық мақсатты бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландыра отыра, жоғары технологияларды және инновациялық өндірістерді құруға бағытталған ғылыми зерттеулерді және жұмыстарды дамытуға белсенді қатысуы керек деген қорытындыға келдік.

Біздің пікірімізше, қай мемлекетте болмасын, инновациялық істің даму келешегі сол мемлекеттің ғылыми-техникалық саясатты қаншалықты табысты жүргізуіне тәуелді.

Қазақстан Республикасының 2003 – 2015 жылдары индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыру нәтижесінде ұлттық инновациялық жүйе құру болып табылады. Бұл жүйенің негізгі элементтеріне ғылыми-техникалық саласы, кәсіпорындардың инновациялық қызметі және инновациялық инфрақұрылым жатады. Әр элементтің атқаратын рөлі өте маңызды.

Ал инновациялық істің дамуы – сол елдің экономикалық өсуінің кепілі болып табылады.