Тұлғаның ішкі әлемі

Сабақтың мақсаты: топтық тұтастылық деңгейін көтеру және эмоционалды шиеленісті төмендету. Студенттерде ішкі жан қуатының, тұлғалық ерекшелігін сезінуге үйрету. Топтық жұмыс арқылы рухани үйлесімділік дағдысын қалыптастыру.

Әдістері мен формалары. Дәріс–әңгімелесу, талқылау, «даналық сабақтары», видеоматериалдарды қарау, ойындар және жаттығулар, медитация, өзіндікталдау.

Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, аудио және видеоматериалдар, қағаз, маркерлер.

Сабақ барысы:

Сәлемдесу рәсімі. Шаттық шеңбері.

«Қошамет әткеншегі» жаттығуы

Нұсқау: біз кішкентай кезімізде әткеншекте тербелгенді ұнататынбыз, қазір біз де тербетілеміз, бірақ «комплимент әткеншегінде». Екі шеңбер құруымыз керек (сыртқы және ішкі) және бір-бірімізге бетпе бет қарап тұруымыз қажет. Сіз бір адамның алдына келгенде оған комплимент айтуыңыз керек. Сіз адамның алдына келгенде әткеншек тоқтайды.

Қанша адам болса, сонша әлем

Жан тыныштық таппайды тән қамын жеп,

Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп,

Ыстық, суық, аштықтан сақтау үшін

Зұлымдық пен Айланы қылады сеп.

Сөйтіп ақыл бере алмай адал көмек,

Зұлымдықпен адам адам жемек.

Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ-

Осы болар таза ақыл өлді демек.

Сондықтан адам – залым, әлемге жау,

Ебін тапса, қоймайды ешкімді сау.

Жер білсе адамзаттың бұл қылығын,

Үстінен бәрін төгіп тастар еді – ау.

Олай қылмай, билесе бәрін ақыл,

Еш қиянат қылмаса зорлық, тақыл.

Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса,

Адамды сонда адам деген мақұл.

Шәкәрім.

Адамдар – жұмбақ әлем. Ол әлемнің ішіне үңілу қиынның қиыны.

Адамдар мені білмейді- ай деп қапаланба, мен өзім адамдарды білмеймін-ау деп қапалан.

Конфуций

Адамға ең мұқият зерттейтін нәрсе ең алдымен өзі. Өзінің жан дүниесі.

Л.Н.Толстой

Өзгені білмеу емес, өзіңді біле алмау- күнә.

Дәріс-әңгімелесу.

Оқытушы. Әрбір адам өзінше бір әлем, өзінше бір дүние. Ол дүниеде бәрі де бар…

Ертеде бір данышпан: «Білгеніңді сабырлылқпен ішіңде сақта. Тойымсыз, қанағатсыз оқып үйрен. Содан соң осыдан өзім не ұғып, не алдым деп өзіңе өзің сұрақ қой» десе, Александр Эверет: «Өзіңізгі өзіңіз жүгініңіз, өзіңізді өзіңіз таныңыз, өйткені, кемеңгерлік өз ішімізде жатыр дер едім. Өзіңнен артылып, тағы да өзге боламын деудің қажеті жоқ»,- депті. Мұндайда қазақ халқы «Өз қанатың бомаса, өзгенің қанатымен ұша алмайсың» демейтін бе еді? Кемеңгерлікті іздесең өзіңе жүгін. Даналықты да өзіңнен ізде. Ішкі дүниеңді ақтар. Мықты болсаң жан сарайыңның жақұттарын, маржандарын көрсет. Сонда ғана өзіңді табасың, өзіндік үніңді естірте аласың. Сырттай қарасаң адамдардың бәрі бірдей ұқсас, біркелкі сияқты. Араласа келе адамдар бір бірінен соншалықты алыс, тіпті кереғар, әркелкі екенін сезе түсеміз.

Тағдыр түрлі болғанымен, өмір біреу.

Мұқағали Мақатаев

Жер бетінде саусақ таңбалары бірдей сәйкес келетін екі адам жоқ. Сондай – ақ, өмір өткелдері бірдей болатын екі адам болмайды. Егіздердің өздерінің өзара айыырмашылықтары бар. Себебі, әр адам өзінің әлемінде өмір сүріп, тіршілік кешеді. Біздің әрқайсымыз да туған сәттен бастап ата-ананың мейіріміне бөленіп, есейе келе ұстаздың, ересектердің, қоршаған ортаның әсерімен өзіміздің әлемімізді құрамыз. Адам сыртқы әлемге жету үшін көптеген тәсілдер ойлап тапты. Ішкі әлемді де зерттеуге болады. Біздің әрқайсысымыздың өзіміздің ерекше ішкі әлемеміз бар. Сондықтан да ол ол тек өз қожайынына қалауы бойынша ашылады. Өздерінің шығармаларын жасай отырып жазушылар, суретшілер, композиторлар, ғашықтар өздерінің ішкі әлемдерін көрсете алады. Сонымен біз өзіміз бен өзіміз қарым-қатынас жасай отырып, ішкі әлемімізді тани аламыз. Біз өзге адамдардың ішкі әлемін (қарым-қатынас жасай, кітіпа оқи отырып, әуен тыңдай отырып) түсіне аламыз және осының арқасында өз жанынының жаңа, құпия жақтарын ашамыз. Бірақ ақылды адамға бұл әлі аз болып көрінеді. Оған жалпылау, заңдылық шығаруға, жалпыға бірдей заң шығару ұнайды. Сондықтан да адамның ішкі әлемінің қасиеттерін түсінуге тырысқан ерекше ғылымдар құрылды. Көптеген адамдарға тән қасиеттер және сирек ездесетін қасиеттер де ерекше. Осы ғылымдардың ішінде психология және философия ерекше орынға ие. Философия, адамды және адамзатты толғандыратын басты сұрақтарға жауап іздеуге тырысады: «Адам дегеніміз кім?», «оның өмір сүруіңінің мақсаты және мағынасы неде?», «Оның әлемдегі орны және рөлі қандай?». Психология жауап беретін сұрақтар, қарапайымдау: «Адам психикасы қалай құрылған?», «Адам қандай психикалық қасиеттерге ие?», «Адамдар бір-бірімен несімен ерекшеленеді және ұқсайды?», «Біз қалай ойлаймыз, сезінеміз, әрекет етеміз?». Әрбір адам-өзінің ішкі әлемінің психологы. Оның қасиеттеріне жетуге психологқа көмектесетін: психологиялық және философиялық ғылымдар; әдебиет, өнер; басқа адамдармен ашық, сенімді қарым-қатынас; өз-өзімен қарым-қатынас, өз өмірінің тәжірибесі. Ішкі әлемнің жұмысының арқасында біз сыртқы әлемді танимыз: ақылдың арқасында оның тіршілік ету және даму заңдылықтарын, сезімнің арқасында біздің жеке пікірімзді және тілегімізді қаныққан бояумен әрілейміз.Әрқайсысымыздың қоршаған орта туралы жеке картинасына иеміз (әлем бейнесі – деп аталады).Адам — таңғажайып құбылыс, оның өмірі екі әлемде өтеді: ішкі және сыртқы. Әрине, бұл әлемдер өзарабайланысты, бірақ олар өз заңдары бойынша дамып, өмір сүреді. Сонымен, адам сондай қиын, адам тұра алмайтындай деп айтса да болады(соғыс, аштық, табиғи катаклизм) жағдайда өмір сүре алады, бірақ сонымен қатар шиеленіскен, ашық және бай ішкі өмірге ие. Тіпті осы кезде де өзін бақытты сезінеді. Тек тіршілік ету емес, өмір сүру үшін. Керісінше, қоршаған орта керемет болуы мүмкін,

Сократтың мына даналық сөзін ұғынып алыңыздар: «Егер адам өз жағдайыына қанағаттанбаса, оны екі жолмен өзгертуге болады: не өз өмірінің, не жан дүниесінің жағдайын жақсарту арқылы. Біріншісі әрдайым болмағанымен, екіншісі әрдайым өз билігіңде».

Өзін ұғыну төрт керемет мүмкіндікті ашады:

♦ өзін білу;

♦ өзін бағалау;

♦ өзін өзгерту;

♦ өзін қабылдау.

Өзін қалай білуге болады? Қарапайым кеңес: бақылау және талдау. Адаммен қарым-қатынас жасай отырып — өзіңізді бақылаңыз. Не сезінесіз? Басқа адамның сөзіне және әрекетіне қалай жауап бересіз? Қандай ойлар пайда болады? Қарым-қатынастағы серіктестігіңізді бақылаңыз: ол сізге қалай жауап береді?. Қандай-да бір іспен айналысып- талдаңыз, не және қалай жасайсыз. Бәрі ойдағыдай болады ма? Сіздің жетістігіңізді басқалар қалай бағалайды? Жұмыс процесі барысында және аяқталу бойынша не сезінесіз?

Бұрын өтіп кеткен оқиғаларды және осындай сұрақтарды талдай отырып әркім өзі туралы қорытынды жасауға болады.

Өзінің Менінің ашылуы — адам өмірінің маңызды ашылуларының бірі. Өзін ұғыну өз өмірімізді және өзінің басқа адамдармен қарым-қатынасын неғұрлым мағыналы, басқаруға икемді етуге мүмкіндік береді. Өзінің ішкі әлемін зерттеу- қызық тапсырма. Зерттеу ерекшелігі әрбір адам өзі жасай алады.

Әрбір адам — екінші рет қайталанбайтын ерекшк, нақты тұлға. Адамдар жаны мәндігілігімен ерекшеленеді; олар тек сырттай ұқсас. Қаншалықты өзіңмен өзің болсаң, соншалықты өзіңді түсіне бастайсың, соншалықты өзінің болмысына тән қасиеттері айқынырақ болады.

Мен бейнесі — бұл адамның өзі туралы түсінігі. Ол әрқашан сөзбен көрінеді, көбінесе — ішкі картина; ол жерде көру, дене және дыбыстық бейнелер, арнайы сөздер қатысады. Адам жалпы сирек сөз арқылы ойланады. Ол елестетеді, түйсінеді, бастан кешіреді. Мен бейнесі, адам өзін-өзі сипаттауға және эмоционалды баға беруге көмектесетін бірнеше тұрақты мінездемелерден тұрады. Бұл мінездемелер әртүрлі және олардың кез-келгені Мен-сипаттамалардың біріне қатысы бар: әлеуметтік, физикалық немесе психологиялық. Бұл туралы толығырақ тоқталайық.

Кім өзін түсінсе, ол өзгелерді де түсіне алды.

Әлеуметтік «Мен». Біз барлығымыз басқа адамдардың өмірлеріне қосылған кезде пайда болады, қоғам және осы қоғамға қатысты бірнеше міндеттерді мойындаймыз. Басқаша айтқанда, біз әлеуметтік рөлді ойнаймыз. Ойнаймыз-демек, сондай болып көрінгіміз келмейді ғой. Ойын шеңберінде, яғни ойын уақытысындағы біздің мінез-құлықымызды спонтанды және айтып жеткізуге болмайды, ол ол белгілі бір ережелерге бағына бастайды. Адам, оқушы, ұл (қыз), дос, спортшы, үлгеруші, жас жігіт (жас қыз) – бұлар тек жеткіншектік жаста орындалатын қысқаша рөлдердің тізімі. Біз көп уақытты басқа адамдармен рөлдік деңгейде қарым-қатынасқа түсеміз. Біздің көптеген рөліміз біздің Меніміздің маңызды бөлгі болып қалады. Өзімізді Қандай да әлеуметттік рөлдер арқылы біз нақты, шынайы бейнемізді сипаттаймыз. Басқаша қалай?

Физикалық «Мен».

Анық қара: жан – өзің, дене – киім,

Мақтан, бояу – денеге берген сыйың.

Жанға мұндай алдауың азық емес,

Оған пайда не қылдың жалғыз тиын?

Шәкәрім.

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,

Мұрын, иіс, тіл дәмнен хабар бермек.

Біреуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.

Шәкәрім.

«Сыртқы келбетің – ішкі ақиқатың» дейді ғой, адамның адамдығын .

Дұрыс қалыпта қалыптастыру одан әріден, рухан деңгей: жүрегіндегі Жаратушының қуаты, бөлігі – ғазиз жанынан басталады. Мұны түсінбеген жағдайда адамшылықтың құлдырауының тек қана салдары ғана көрініп, ал оның түпкі мәні, негізгі себебі сол салдардың астында қалып көрінбей қалады. Түпкі себебін түзетсе, оның түрлі салдары өздерінен өздері жоғалатыны белгілі. Бірақ бұл үшін рухани білім керек. Адамның түпкі болмысы — өзінің ғазиз жанын тани білу!

Адам егер өзін тәнімен ғана балап, тек нәпсісінің ықпалымен өмір сүретін болса, онда ол надандық ықпалынан шыға алмай, жан ауруына ұшырайтын болады. Жан ауруына: дөрекілік, ашу, көрсеқызарлық, қызғаншақтық, мансапқорлық, сараңдық, өзімшілдік, көре алмаушылық, өсек, немқұрайлылық, күйзеліс, қорқыныш, сенімсіздік, уәдеде тұрмау, алдау тәрізді келеңсіз қасиеттер жатады. Ал ондай аурулардан аман, жаны таза адамның: сыпайылық, шыдамдылық, тазалық, мейірімділік, шыншылдық, жомарттық тәрізді рухани қасиеттері болады. Олар өмірде аз қателіктер жіберіп, табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады. Оларға жоғарыда айтылған қиыншылықтардың әсері көп болмайды. Осылай жан саулығы адамның денсаулығының негізі екенін көреміз. Адамның тәні, психикасы және жаны сау болғанда ғана ол толық сау адам бола алады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әуелі ғазиз жан – адамның жүрегінде орналасқан Жаратушының кішкентай ғана бөлшегін, қуатын:адам болмысын танып, оның бүкіл Әлеммен, Ақиқатпен, Ғарышпен, Табиғатпен, Жаратушымен тікелей байланысын, әлемдегі адамның алатын орнын, тіпті адам өмірінің негізгі мақсатын анықтап алу керек. Өмірдің осындай түпкі сырларын өзіміздің хакім – Абай атамыз, әулие – Шәкәрім атамыз сияқты халқымыздың ұлы тұлғалары ашып беріп, айтып кеткен.

Психологиялық «Мен». Біздің әрқайсысымыз өзімізді психологиялық қасиетке ие жеке, тіршілік иесі ретінде: мінез, тұлғалық ерекшелік, қабілет, әдет, бейімділікпен сипаттатталатын сипаттамалардың жиынтығы. Әрқайсысымыздың ішкі әлеміміздің бейнесі ерекше.

Студенттерге талқылау үшін ұсынылатын сұрақтар:

Өз ішкі әлемімізді танудың мәні неде?

Басқа адамның ішкі әлемін білу мүмкін бе және оны қалай жасау керек?

«Екі ағаш» аңыз.

Оқытушы.

Бір орманда екі ағаш өсіпті. Жаңбыр тамшылары жапыраққа тамғанда немесе бірінші ағаштың тамырына су құйғанда, ол өзіне аз ғана ұрттап былай депті: «Егер мен көп алсам, басқаларына не қалады?»деген екен. Екінші ағаш табиғат берген барлық суды ішіп алыпты. Күн сәулесін төккенде ол алтын нұрға рахаттана шомылыпты, ал екіншісі аз ғана алыпты. Көп жылдар өтеді. Бірінші ағаштың бұтақтары мен жапырақтары аз болғаны сонша ол тіпті тамған жаңбыр тамшысын да жұта алмапты, күн нұрын да дұрыстап сіңіре алмапты, осылайша басқа ағаштың тамырлары басып кетіпті.«Мен өмір бойы басқалармен бөлісіп келдім, есесіне маған ешнәрсе де тимеді»деп-ақырын қайталай беріпті, қайталай беріпті. Қасында екінші ағаштың бұтақтары жайқалып,жеміске толы болыпты. «Жаратқан ием, рахмет саған, бұл өмірде маған бәрін бергеніңе рахмет. Енді міне жылдар өткен соң мен де сен маған жасағандай мен де жүз есе қылып қайтарғым келеді. Өз бұтақтарымның астында мыңдаған шөптерді күннен және жуыннан қорғап тұрмын. Менің жемістерімнің дәмі көптеген адамдарды қуантады. Рахмет саған, маған сыйлауға мүмкіндік бергеніңе»,- деген екен екінші ағаш.

Студенттерге талқылау үшін ұсынылған сұрақтар:

  • Аңыздың мағынасы неде?
  • Адамдар неге өмірде түрлі рөлдерді таңдайды?
  • Сіздердің ішкі қорларыңыздың күші неде?

Педагог. Біздің ішкі әлеміміз сыртқы әлем секілді күрделі және әркімнің өзін-өзі бақылауы да мүмкін емес. Мәнісі бойынша, өзін-өзі бақылау қандай да бір қосымшаның көмегінсіз адамның өзін-өзі ұғына алуы, сондай ақ біздің Меніміздің саналы және санадан тыс жерлері де бар. Сонымен, ішкі әлем үш деңгейден, үш қабаттан тұрады:

  • Адаммен саналанатын;
  • Саналанбай өтетін, бірақ қаласа адам ұғынады;
  • Санадын тыс болаын нәрселер.

Даналық сабақтары. Шағын топтарда жұмыс.

Келесі айтылымдарды студенттермен талқылаңыздар:

  • «Егер де біз кемшіліксіз болсақ, онда біз оларды өзгелерден байқағанда рахаттанбас едік». (Көне грек сөзі)
  • «Егер сен бір нәрсені қажет етсең, барлық кеңістік осы тілектің орындалуын қабілеттендіреді.» (Пауло Коэльо)
  • «Біздің әрқайсысымыз Сиқыршымыз». Тек оның көрінуіне мүмкіндік беруіміз керек. (Николай Козлов)
  • «Мен жағдай күшіне сенбеймін. Қажет жағдайды іздеген, егер таппаса өздері құратын адамдар жетістікке жетеді. » (Бернард Шоу)
  • «Екі құсты бірге байлап қойса, олардың төрт қанаты болса олар ұша алмайды»(Шығыс даналығы)

Оқытушы. Күннен күнге өздерінің ішкі күштеріңе сеніп және өздерін жақсы көрсе, адамдардың өмірлері жақсара түсетіні таңқаларлық жағдай. Біз өзімізді жақса көрген кезде, өз қылықтарымызды қолдағанда, өз-өзімізбен болғанда біздің өміріміз кермет бола бастайды тіпті сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Кереметтер – барлық жерде: денсаулық жақсарады, жұмыста және оқудағы жетістіктер, біздің өзгелермен қарым-қатынасымыз жақсарады және біз өз тұлғамызды шығармашылықта көрсете аламыз.

«Ұран» жаттығуы

Нұсқау: ертеде мынадай дәстүр болған — сол елді билеушінің идеясын немесе мақсатын көрсететін, қақпада құлып пен елтаңбаның және ұранды бейнелеп қоятын болған. Біз елтаңба салмаймыз, бірақ ұран туралы ойлануымызға болады. Топтың әрбір мүшесі өзінің өмірлік ұранын, әлемге деген қатынасын бейнелейтін ұранды қалыптастыру қажет. Бұл жаттығудағы басты нәрсе — идея және өзін-өзі көрсетудегі еркіндік. Талқылау барысында студенттер бір-біріне сұрақар қойып өздерінің ұрандары туралы ойларын айтуға құқығы бар.

Рөлдік ойын «Фильм түсіру»

Ойынның мақсаты: суденттерде адам тұлғасының күшті және әлсіз жақтарын көру дағдыларын қалыптастыру.

Нұсқау: студенттер тобында бір адам продюсер рөліне бөлінеді. Оның міндеті, «фильм түсіру»болса, негізінде қандай-да бір сахнаны ұйымдастыру. Оның өзі «жалпы саясатпен шектеледі»: қатысушылардың арасынан режиссер таңдап оның алдына: қызықты фильм түсіру, жақсы сценарийшi, жақсы актерлер, композиторлар және тағы басқалар жұмыс орындау міндеттерін қояды. «Фильмді түсіру»-ге 10 миунт уақыт беріледі. «Фильмді» көріп болған соң барлық қатысушылар шеңбер құра отырып келесі сұрақтарды талқылайды:

Студенттерге талқалауға берілетін сұрақтар:

  • «Продюсер» дұрыс таңдау жасай алды ма?
  • Режиссер бөліп берген рөлдерге қатысушылардың барлығы келіседі ме?
  • Әрқайсысының күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін продюсер мен режиссердің алдын ала әгімелесу ұйымдастыруы қалай болды?

«Қалтқы» жаттығу (релаксация)

Нұсқау. Көзіңізді жұмыңыз. Қарқынды теңiз, теңiз дауылы, өз жолындағының барлығын жуып — шайып келе жатқан толқынды теңіздің дауылын елестетiңiз. Аяқ асытанан сіздің назарыңызға біресе суға батып, біресе судың бетіне қалқып шығып келе жатқан қалтқы ілінді. Осы қалтқы сіз өзіңіз, ал дауылды теңіз менің өмірім деп елестетіңіз. Сізді тауқыметтің толқындары ары –бері домалатады, бірақ сіз батпайсыз. Сіздің сенімділігіңіз және сіздің сәттілігіңіз қалтқыңызды толтырып жоғарыға көтереді. Ақырында, сізді жеңе алмаған теңіз сабасына түседі, бұлттар арасынан күн көрінеді, және сіз-қалтқы- сәттіліктің күн нұрына толады. Сіз өзіңізідің өміріңізде кезекті теңіз дауылын бастан кешірдіңіз және одан жеңімпаз болып шықтыңыз. Өміріңіздің келесі дауылдарын да елестетіңіз, олардан да жеңімпаз болып, батпайтын қалтқы болып шығасыз.

«Қаһарманмен (кумирмен таңғы ас)» жаттығуы

Нұсқау: Келесі жағдайды елестетіңіз: әрқайсысымыз таңғы асымызды кумирмен, қаһарманмен бірге ішу мүмкіндігіміз бар. Бұл қазіргі кездегі атақты немес көне тарихи фигура немесе сіздің өміріңізге ерекше әсер еткен ерекше адам болуы мүмкін. Әркім кіммен, неге кездескісі келетінін өзі шешеді. Өз қаһарманыңыздың есімін қағазға жазыңыз. Енді жұпқа бөлініп, жұппен ақылдаса отырып бір қаһарманды таңдауларыңыз қажет. Пікірталасқа 2 минут. Енді жұптар төрттікке қосылады және 2 миунт ішінде қандай қаһарманмен кездесетіндерін шешу керек. Топтың барлығы бірігеді, енді таңғы асты кіммен ішетіндеріңізді шешіңіздер.

Студенттерге талқалауға берілген сұрақтар:

  • Неліктен дәл осы қаһарман таңдалынды?
  • Басқаларға жол берген оңайға соқты ма не үшін жол бердіңіз?

Оқытушы. Адамзаттық қоғамда белгілі бір іске шоғырлану үшін ұғынылатын құбылыстардың шеңберін қажет кезде шегере алуы өте жоғары бағаланады. Бұл іс-әрекетке берілу, шоғырлану деп аталады. Ең бастысы, бағалысы: ішкі және сыртқы әлеміңізде болып жатқан түрлі жағдайларды түсіне білу, түрлі көптеген түрлі бейнелерді өзіңнің бойыңа сіңіре білу, парасттылықпен өмір сүруге ұмтылуға қабілетті болу керек.. Мұндай қабілеттіліктің болмауы адамды көптеген қателіктерге ұрындырады, азап шектіреді, басына қайғы – қасірет алып келеді. Әрбір адам өзінің өмірінің иесі, сондықтан тек жақсы ойлармен, ізгі ниеттермен, ақ көңілмен өмір сүру қажет.

«Менің жан қуатым» жаттығуы

Нұсқау: қатысушылар, өмірлік қиыншылықтарды жеңуге және қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін ресурс-факторларды, мысалы, тұлғааралық қарым-қатынаста өзараәрекеттегі жетістікті бейнелейтін шығарманы құрастырады. Қатысушылар өз шығармаларын жасау барысында бір нәрсеге сүйену үшін оқытушы адам қорларының негізгі топтары туралы айтады.

  • Ішкі: тұлғалық, интеллектуалды және еріктік қасиеттер, білім және ептілік, өмірлік тәжірибенің түрлі элементері.
  • Сыртқы: тұратын жері, түрлі материалды мүмкіндіктер, оқу орны т.б.
  • Әлеуметтік: қойған мақсатқа жетудегі қиыншылықтарды жеңуге көмектесуге қабілетті адамдар — туысқандар, достар, оқытушылар т.б.

Шығарманы қатысушыға ұнаған кез-келген жерде — үстелде, еденде, орындықта, тіпті терезе алдында да орындауға болады. Сонымен қатар шығарманы орындау барысында бейнелеу материалдарынан басқа қандай-да бір жанына қуат беретін (сүйіктісінің суреті, ұялы теелфон, қол сағат) заттарды қолдануға болады.

Талқылау. Талқылау саяхат түрінде болады: топ студенттері бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысып тамашалайды, ал олардың авторлары жетекші рөлінде таныстырады. 1,5-2 минут уақыт беріледі.

Қорытынды. Сабақтың қорытындысы.

Оқытушы. Әрбір адам өзін сүю қажет және ол өзінің іштей және сырттай қандай болса сол күйімен мақтана білуі маңызды болып табылады. Таңертең ұйқыдан тұрғанда мынадай бағдармен оянған дұрыс: «Мен-жақсы, тартымды, сүйікті, керемет адаммын». Өз-өзіне деген терең сенімділік «Мен- сенімді және қызықты адаммын» сендіру, гипноз сияқты адамға санаасты деңгейінде сөзсіз әсер етеді. Өзінің бейнесі басқалар үшін де сол бейне болады. Рухани жаны сау адам әрқашан махаббатқа және сыйлауға лайықты екенін біледі. Ішкі жан қуатына ие адам басқалармен қарым- қатынаста, махаббатта кездескен кедергілерді оңай жеңеді, өзгелерге көмекке келуге дайын тұрады.

Қоштасу рәсімі. Қол ұстасып шеңбер құрып, «Мен ең жақсы, керемет, дана және бақытты адаммын» дегенді бәрі бірге айтуы керек.