Музыка мамандарын даярлауда қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі мемлекеттік деңгейде ірі оң өзгерістерге ұшырып жатқаны белгілі. Білім сатыларының барлығын дерлік қамтып отырған бұл іс – шара мектепке дейінгі мекемелерден бастап, орта білім беру сатысы және жоғары білім беру сатысына дейінгі жүйелі жұмысты алға қойып отыр.

Қазақстан Республикасының құзіретті орындары осы іске жан-жақты да кең көлемде кірісуге бағдарланды. Оның дәлелі ретінде мемлекет тарапынан шығып жатқан білім жүйесін жетілдіруге қатысты заңдар мен іс жүзіндегі аса маңызды бағыттар.

2006 жылдың сәуір айында шыққан “Инновациялық қызметтерге мемлекет тарапынан көмек көрсету” туралы Қазақстан Республикасының Заңы – бүгінгі таңда оқу-тәрбие ісіне жаңашылдықпен келуге бағыттайтын басты құжаттың бірі. Білім беру мен тәрбиені жетілдіру, жан-жақты саладағы оқу-тәрбие ісін дамыту жұмысына жаңашылдықпен келу, уақыт талабына сай оқу жоспарларын қайта қарау, құжаттар мен оқу ісіне қажет бағдарламаларды, әдістемелік нұсқауларды саралау және баспадан шығару, білім мекемелері басшыларының кәсіби деңгейін көтеру, т.б. мәселелерін өз шешуін күтіп тұр.

Соңғы әлемдік педагогикалық зерттеулерді саралау, ұлттық білім жүйесінің үрдісіне ұтымды қолдану, ұлттық жүйенің ерекшелігін ескере отырып жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды жұмыс формаларында орынды пайдалану тәрізді мазмұнды жұмыстар түзілуде. Дүние жүзінде жүріп жатқан ғаламдану саясаты, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі 15 жыл ішіндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мемлекеттік маңызды бағыттарының бірі – білім беру саласын жетілдіруге бағытталды. Осы жолдағы іргелі зерттеулер, ізденістер жүргізілуде. Тарихи тәжірібилерге сүйене отырып, өзінің қалыптасқан мәдени-білімдік дәстүрлері мен ұстанымдары бар елдің даму қадамы білімнен басталуы керектігін заманымыз зерделеп берді. Осы тұжырымдама негіздемесі ендігі күні келешек өскелең ұрпақтың ұлы мұратына айналады деген сенім мол.

Бүгінгі таңда елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі шұғыл бетбұрыстар жасап жатқаны белгілі. Тәуелсіздіктің туын тіккен мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де, білгір білікті азаматтар даярлау бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.

Жас жеткіншектің тәуелсіз еліміздің мәдениетті де, зиялы азаматы болуы үшін ана тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихын білумен қатар халқымыздың музыка мәдениеті саласынанда жан-жақты хабардар болуы қажет.

Қай халық болмасын өзінің ұлттық өнері мен дәстүрін аса бір ыждағаттылықпен дамытуға тырысады, оны жаңа дәуір, жаңа заман әкелген, жаңалықтармен сабақтастыра отырып байытады.

Бүгінгі қоғам талабына сай мектептегі мұғалімнің ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетану мәдениеті жоғары ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болатын өнерлі, рухани бай, шеберліктің шыңына шыққан маман болуы қажет.

Болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуы жоғарғы оқу орнынан бастау алады, сол кезден бастап, болашақ маман иесінің көзқарасы тереңдеп, қызығушылық пен қажеттілік қасиеттері тұрақталып, эстетикалық талғамы қалыптасады. Дәл осы кезеңде студенттің өзіндік дәрежесі жоғарылап, оның өзін-өзі тану мүмкіндіктері ұлғайып, кәсіби қабілеттіліктері сын көзбен бағаланады. Сондықтан болашақ маманға тән қасиеттер мен әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда — өнер, музыка арқылы тәрбиелеу зор мүмкіндіктерге ие.

Өнер арқылы берілетін тәрбие жастарды ұдайы сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, сезім байлығын қалыптастырады.

Музыка – эстетика саласынан жастарға тұрақты білім беріп, өнер жөнінен, оның ішінде музыка саласынан білім беріп, ән айту, музыка тыңдау дағдыларын үйретіп, музыканың өзі практикалық іспен, еңбекпен пайда болатын сезіндіріп, дүние әлемінің тынысын байқатып, аңғартып, оқушының сана сезіміне әсер етіп, оларды білгірлікке, тапқырлыққа өнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік бағытында тәрбие береді.

Ақпараттық технологияның әдістері мен құралдарының көмегі арқылы болашақ мамандардың кәсіби біліктігін арттырып, олардың дағды және ептілік қабілеттерінде дамыту қажет.

Жаңа ақпарттық және телекомуникациялық технологиялардың, сонымен қатар, электрондық, аудио-видео құралдарын игерудің жалпы әсері негізінде білім беру қызметінің жаңа түрлерін пайдалана отырып, болашақ мұғалімдерді даярлау – бүгінгі күннің басты талабы.

Музыка өнерінде кәсіби бағдары жетік болашақ мұғалім өзінің назарын тек қана білімін толықтыруымен музыкалық білімін жетілдіуге ғана бағыттап қана қоймай, музыка мәдениетін көтеру ісін дамытуға өз үлесін қосуы тиіс. Бұл іс-әрекеттер болашақ маман иелерінен музыка иелерінен музыкалық құндылықтарды үгіттеуге қажетті сенімділігінің жоғары деңгейде болуын талап етеді.

Болашақ музыка мамандарының кәсіби біліктілігін қалыптастыру – осы саланы меңгерумен байланысты, атап айтқанда, ол музыкалық педагогикалық еңбектің бір бағытына арналған маманды тәрбиелеу үрдісі болып табылады. Музыка мамандарының кәсіби біліктілігін қалыптастыру үрдісінде маманның міндет-мақсаттар аясында не білу қажеттілігі, өзінінің білім алу барысында жинақтаған жалпы таным-деңгейінің жоғары нәтиже беру үшін қандай қасиеттерді дамыту керектігі туралы мәселелер анықталып, шешімін табуда.

Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіптік деңгейін қалыптастырудың басты шарты – компьютерлік сауаттылығын жетілдіру. Оларға компьютердің нақты бағдарламаларын білу, интернет-технологияларды меңгеру, компьютердің көмегімен дидактикалық материалдардың дағдыларын жетілдіру, атап айтқанда көрнекі құралдар, кестелер, ойлау құрылымы схемалары және жұмыстарға арналған карточкалары, тестілік жұмыстар, материалдар, хабарламаларға арналған ақпараттық материалдар, баяндамалар, дебатттар мен т.б. арналған материалдарды жинақтау қажет.

Болашақ мұғалімдерді жаңа заман талаптарына сай кәсіби даярлау ісін зерттеуде еңбек еткен Қазақстандық ғалымдар А.Е. Әбілқасымова,А.А. Жолдасбеков, Т.С. Садықов, А.С. Молдажанова, Ж.А. Қараев, А.П. Сейтешов және т.б. атап кетуге болады.

Болашақ музыка мұғалімдерін жаңа заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін көптеген музыка-педагогика факультеті оқытушыларының зерттелерінен кездестіруге болады. Қазақтың халықтық педагогикасы негізінде эстетикалық тәрбие беру мәселелерін С.А. Ұзақбаева, Ә.Ж. Өтешова т.б. ғылыми зерттеулерінде арқау етті.

Р.Р. Жәрдемалиева музыка мұғалімдерін жоғары білім беру жүйесінде әдістемелік дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін қарастыра отырып, әдістемелік дербестіктің мәні мен мағынасын, оның музыка мұғалімдерінің кәсіби қызметіндегі тиімділігінің әсерін ашып көрсетті.

Болашақ музыка мұғалімі керемет музыкант болуы шарт. Егер ол музыкалық аспапты еркін меңгеріп, даусы, есту қабілеті, нотаға қарап бірден ойнау және импровизациялық қабілеттілігігі жоғары болса, бұл оның келешектегі қызметінің шығармашылық жеңісі болып табылады. Белгілі педагог Д.Б. Кабалевский “Музыка мұғалімі бойындағы біліктіліктің ең маңыздысы — аспапты меңгеруінде”, — деп айтқан. [4]

Музыкалық аспапты меңгеру, ән салу, дирижерлаумен қатар мұғалімнің теориялық біліммен толық қаруланғаны керек. Білікті маман әдебиеттерді, музыка тарихын, оның тілін түсінуі тиіс. Сонымен қатар, музыкалық өнердің қоғам дамуындағы орны мен әдебиет, сурет және басқа мамандықтармен байланысын білуі, яғни өз пәнін толық меңгеруі қажет. Мұғалімнің музыкалық тәжірибесі қоғамдық пәндермен тоғысып психология, педагогика циклін құрып музыка тәрбиелеудің әдістемесін меңгертеді. Бұл тек болашақ педагогикалық еңбектің, ізденістің, өздігінен дамудың алғашқы жолы ғана.

Бүгінгі музыка мұғалімі – жан-жақты білім алған, оқушылардың бойында әсемдікке, көркемдікке деген нәзік сезім қылдарын қозғай алатын шығармашылық тұлға болуы шарт.

Болашақ музыка мұғалімі күнделікті сабақта пайдаланып жүрген әдістері арқылы оқушыларға музыкалық анықтамаларды түсіндіруге, оқушылар шығармашылығын, арттыруына, жеке тұлғаның рухани дамуын тәрбиелеуге көмектесуі керек.

Музыка өнерінің мақсаты — өскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын орнату. Көркем талғамын қалыптастыру, сұлулықпен әсемдік дүниесіне өз тарапынан ойлы пайымдауларын білдіруге тәрбиелеу.

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қоғам дамуындағы жалпы адамзат құндылықтарына деген, адамның өзіндік дара қасиетіне деген үндеуді сипаттайтын бүгінгі жағдайды айқындау болып табылады. Тәрбиеге деген жаңа көзқарас, болып жатқан өзгерістерге қарай педагогикалық процестің жаңа сапасын, тәрбие процесінің әлеуметтік саласының өзіндік ерекшелігін болжайды. Аса маңызды өзгерістер жағдайында жеткіншектердің санасында қарама-қайшы процестер дамиды. Тапқырлық, іскерлік, ынталылық, кәсіпқойлық, кейбір кезде прагматизммен, руханилықсыз қасиеттермен жиі жанасады. Қалыптасқан әлеуметік-экономикалық жағдай, іскерік қасиеттері жоғары адамгершілік қасиеттермен (парасаттылық, адалдық, әділдік, адамның адамгершілігін сыйлай білу) үйлесімді келген тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді. Міне, осыған байланысты жеткіншектердің музыкалық тәрбиесінің әлеуметтік маңызы арта түсуде. Оның маңыздылығы, әсіресе, жаңа педагогикалық ойдың тұжырымдамасы мен тәрбиедегі жүйелі көзқарас жалпы стратегияға және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға үлкен ықпал жасау бұрынғысынан да артып отыр.

Қазіргі педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде.

Президентіміз Республика Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде “Бізге тыным таппайтын аралардан гөрі, өзінше ойлап білетін мамандар көбірек керек. Бұл үшін біз өмір бойына жететін білім алу “моделіне” көшуге тиіспіз”,- деген. [1]

Скиннер: “Оқыту технологиясы – бұл оқытудың ілімділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқыту үрдісін бағдарлауды жүзеге асару және бағалаудың жүйелі тәсілі”, — деген. [2]

Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс – тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана. Оқытудың жаңа технологиясы құрамына білім стандартының инновациялық құрамы жатады.

Жалпы сабақтың дәстүрлі, дәстүрлі емес, сайыс, ойын, кірістірілген сабақ, аралас сабақ түрлерін жиі өткізу әдетке айналған жөн. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пәнаралық байланысқа үнемі көңіл бөлген жөн.

Музыка сабағында жаңа технологияларды пайдалану, оқушыларды аялап, эстетикалық, рухани байлығын кеңейтіп, қанаттандыру керек екендігін дәлелдеп отыр. Әр мұғалім білімді өз тәжірибесі арқылы жинайды. Қазіргі заман талабына сай мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізуге талаптанады.

Әдебиетер

  1. Дүйсембінова Р.Қ., “Музыкалқ білім беру педагогикасы”. Талдықорған.:

І. Жансүгіров атындағы Жетісу меемлекеттік университеті, 2006.-216 б.

  1. Алиев Ю.Б. “Настольная книга школьного учителя-музыканта”. Москва.: Владос, -336 с.
  2. Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Теория музыкального образования., Москва., академия.,-336 с.
  3. Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В., Методика музыкального образования., Москва., Музыка, 2006.-336 б.