WordPad (Wіndows 3.х) және Wrіte (Wіndows 95) редакторлары күрделі де қиын мәтіндік құжаттарды құруға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған текстік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты, мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген мәтіндік редакторлардың жаңа түрлерімен сіздер кейінірек таныс боласыздар.
Сондықтан WordPad (Wrіte) редакторын қысқаша түрде оның тек негізгі жұмыс мүмкіндігімен таныстырамыз.
Wіndows 3.х жүйесінде редакторды іске қосу үшін «Реквизиттер» тобындағы «Wrіte редакторы» шартбелгісін таңдау керек.
Ал, Wіndows 95 жүйесінде – Іске қосу-Программалар-Стандартты- WordPad командасын орындау қажет.
WordPad және Wrіte редакторлары мәтіндік құжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге – ішкі көрінісі мен қаріпті мәтіндік өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.
Осы атап өткен мүмкіндіктердің ішінен біз, келешекте қажет болатын, мәтінді қағазға басып шығару жолын кеңінен қарастырып өтеміз. Wіndows жүйесінің бір ерекшелігі – ондағы кез келген қосымша программадағы тексті қағазға басу бір тәртіппен жүргізілетіні.
Программа терезесінде орналасқан құжатты баспаға шығармастан бұрын, принтер түрін және оның параметрлерін енгізу қажет болады. Бұл жағдайда «Файл-Принтер таңдау» (Файл-Выбор принтера) және «Файл-Баспаға шығару» (Файл-Печать) деген командаларды меню жүйесінен таңдау қажет болады. Бұл командалардың сұхбаттасу терезесінде құжатты басып шығару үшін қолданылатын принтердің аты мен маркасы көрсетіледі. Пайда болған тізімнен өзімізге қажетті принтерімізді таңдауымызға болады және де принтерден басып шығарылатын қағаздың мөлшерін де алдынала белгілеп анықтаған жөн (әдетте, бұл А4 форматындағы 210х299 мм көлеміндегі қағаз).
Егер де сіз Параметрлер батырмасын басатын болсаңыз, онда экранға шығатын сұхбаттасу терезесінде принтерден сапалы басылым шығарудың параметрлерін қолдануыңызға болады. Принтер түрін және баспаға шығарудың параметрлерін анықтап болған соң, меню жүйесінен «Файл-Баспа» (Файл-Печать) командасын таңдау қажет. Сұхбаттасу терезесінде басып шығару аумағы (құжатты толығымен, құжаттың белгіленген бір бөлігін немесе белгілі бір беттерін басып шығаруға болады) мен оның көшірмесінің саны анықталады.
Бұдан кейін «ОК» пернесін бассақ, онда параметрлері анықталған принтерге экран бетінде алдын-ала дайындалған информация қағазға басылып шығады.