Windows 3.1 жүйесінде жаңа мүмкіндік пайда болды, ол 32 разрядты жұмыс.1 Бұл мүмкіндік жүйе қателіктерінің болу дәрежесінің төмендетіп, оның жалпы жылдамдығын жоғарлаталы.
Қосымша қатты дискке сұраныс жасағанда, Windows сұранысты қабырдап, оны қорғалған жады құраушылармен қанағаттандыруға болатын — болмайтындығын тексереді. Әдетте сұраныстар файл ашуға не белгілі деректер оқуға негізделген. Егер Windows сұранысты қанағаттандыра алмайтын болса, нақты тәртіпке өтеп, DOS жүйесіндегі 21Һ үзіліс өңдеушісіне сұранысты береді. Өңдеуші сұранысты алып, онымен жұмыс істей бастайды, жұмыс барысында 13Һ үзіліске сұраныс беріледі. Жалпы сызбанұсқа көрінісі былайша:21h үзілісі — диспетчер, 13Һ үзілісі — орындаушы. 21Һ бүкіл тарсырманы алып, оны кішігірім фрагменттерге бөледі, фрагментермен 13Һ үзілісі жұмыс істейді. Сонымен, әрбір 21Һ үзілісі 13Һ үзілісінің көп шақырылуын тудыруы мүмкін.
Windows барлық операцияларын бақылайтындықтан ол дисктің барлық сұранысын нақты тәртіпте орындауы міндетті емес. Windows DOS өңдеушісі 21Һ үзілісі 13Һ үзіліске жасаған шақыруын тіркеп, сол сұранысты қорғалған жауаптағы деректер көмегімен анықтауға болатын — болмайтындығын анықтауға болмайды, егер мүмкін болып шықса, Windows нақты тәртіпке оралып, сұранысты — BIOS жүйесі өңдейді. Ол керекті іс әрекеттерді жасағаннан кейін ақпаратты қайта Windows — қа береді, ал Windows оны DOS -қа, DOS-тан Windows-қа содан кейін барып, қайта жібереді. Осы жұмыстың барлығы дисктен бірнеше байтты деректі оқу үшін жасалады.
Төмендегі суретте Windows 3.1х -те қолданылатын 32 разрядтық жұмыс жолы көрсетілген. BIOS жүйесі суретте мүлдем жоқ, өйткені Fast Disk (32 разрядты қорғалған тәртіп драйвері) BIOS жұмысын қорғалған тәртіптің бағдарламалық коды көмегімен атқара алады. Соның нәтежесінде әрбір 13Һ үзілісін шақыру үшіи тәртіпті екі рет ауыстырудың қажеті болмайды, сонымен қатар Windows- та дискпен жұмыстың көптігінде тиімді етіп тапсырмалылық өңдеу мүмкін болады. Сіз DOS пен BIOS-тағы өңдеуге емес, тек DOS-та өңдеуге уақыт жібересіз.Осы қажеттік арқасында белгілі мөлшерде тұрақтылыққа да қол жеткізілуі.
Windows3.ll мен Windows — 3.11 жұмысшы топтары үшіп тағы да жетістік жасалды. 32 разрядты дисктермен жұмыспен қатар бұл версиялар 32 разрядты файлдармен жұмысты да қамтамасыз етеді. Бұл Windows версияларында DOS жүйесінен алынған файлмен жұмыс жолдары қолданылған. Олар файлдарды іздеу жөне сол секілді операцияларды орындайды. Осы механизм арқасында DOS-тағы ауысулар саны азаяды, өйткені файлдық жүйе үшін BIOS — ң қажеттілігі жоқ. Нәтежесі — жылдамдық көрсеткіштерінің есуі, жүйенің тұрақтылығының өсуі.