Өзіндік жұмыс дербестік таным әрекетінің ұйымдастыру формасы

Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке түлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан үрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидиктиканың басты мәселесі — оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушының өзара эпекеттесуі болып отыр. Оқушы танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекерке көшу үшін жағжайлар жасау міндеті тұрады.

Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге асырылмақ. Егер оқушы сабақта белсенді ой-әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігшен табуға үмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады. Оқушылар белсенділігін осындай сипатын көрсететін қажетті шарт — дербестік таным әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әртүрлі өзіндік жұмыстарды өткізудің мазмұнын кэне әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді талап етті.

Бірақ оқушылар оқуын белсендірудің негізгі құралдары өзіндік жұмыстан басқа эвристикалық әңгімелесу, бақылау, проблемалық жағдаяттар, танымдық және қисындық міндеттер қою болғасын, өзіндік жұмыс оқушылар сабақта орындайтын, өздігінен ойлауды талап ететін алуан түрлі әрекеттерді қамтымайды. Екінші жағынан, кез-келген өзіндік жұмыс оқушылардан танымдық пекет пен дербестіктің жоғары деңгейін талап етпейтіні анықталуда. Өзіндік шығармашылық жұмыстармен бірге оқушалар меңгерген білімді, білікті бекітетін және дағдыны қалыптасьыруға бағытталған өзіндік жұмыстар орындауға тиіс. Осындай жұмыстар формасы бойынша дербес болып табылып, мәнділігі бойынша дербес емес болып табылмайды. Себебі олар оқушылардың дербес әрекетін ұйымдастырмайды.

Көрсетілген фактілерге байланысты өзіндік жұмыс деген ұғыммен қатар оқушылардың дербестік әрекеті деген ұғымды пайдалану, өзіндік жұмыстың және дербес әрекеттің ерекшелігі оларды, арасындағы байланыстылықты айқындау /белгілеу/ қажеттілігі туады. Сонымен қатар өзіндік жұмыстары екіжақты мәнділік және ұйымдастыру жағынан қарауға қажеттілік байқалады.

Өзіндік жұмысты және дербестік әрекетті дидактикалық категория ретінде талдау П.И.Пидкасистыйдың еңбектерінде орын алған /2/ Автор құрылысын жүйелі талдау негізінде оқушылардың танымдық әрекетінде екі іс-әрекет тобын бөліп шығарды. а) оқушы мұғаліммен бірлесіп орындаған әрекет шартты түрде деп аталатын әрекет мазмұнын қарастыратын әрекеттер мен б) оқушының дербестік әрекет әлементтері болып табылатын әрекеттер.

Бірінші топтағы әрекеттерге тән сипат — олар әрекеттің жалпы құрылысына кіріп, оқушының тікелей мақсаты ретінде әрекетті жүзеге асыру пәні болмайтыны. Оқушының әрекеті оған мұғалімнен өзіне не керек екені және кез-келген шешімді жүзеге асыру үшін бүған іс-әрекеттің қандай тәсілдері қажет екені туралы қанша қажетті ақпарат түсіп тұрса, сонша әрекет жүзеге асырылады. Бұл топтың іс-әрекетінің әрқайсысы оқушы әрекетінің бұдан былайғы әрекеті мен себеп мақсатына қатыссыз орындалады. Бұл әрекет атқарушы іс-әрекеттер бақылау әрекеттерінен басым, бағдарлы әрекеттер мүлдаем жоқ. Әрекеттің құрастыру тәсілін оқушы жасамайды. Себебі ол қолынан келетін операцияларды жүзеге асыруда. Сырттай бұл әрекеттер тыңдау, үғыну, жазып алу, жаңғырту, салыстыру, материалды жүйелеп беру, жинақтау, талдап корыту, құбылыстың жеке жақтарын айқындап білу, үқсастық бойынша үлгілер, кестелер және т.б. арқылы байқалады. Бұл әрекеттер мыналардан түрады:

  • меңгергенді жаңғыртудан және түсіндіруден;
  • ондағы тұрақты байланысты есептеуден;
  • -алгоритмді орналастырудан;
  • меңгерген тақырыптың мазмұнын ұғынып, бере алудан;
  • оны тәжірибеде қолданудан.

Бірінші топтың іс-әрекеттері дербестік әрекеттің әлементтері болып табылады. Олар оқытуда пәндерді және олармен жасалған әрекеттерді бейнелеуде, осы әрекеттерді орындау тәсілдерін оларды жүзеге асырудың шарттарымен қабыстыруда алға шығады. Мұндай іс-әрекетті оқушылар әрқашанда саналы бақылайды, себебі оларды орындауды  оқушылар саналы түрде меңгереді. Әрекеттер себептерден туындайды, себептер оқушы үшін аса маңызды болып табылады. Осы оптын әрекеттерін орындаған кезде оқушы жоспарланған нәтиженің жоспарланған әрекеттермен арақатынасын белгілейді. Ойша күтілген нәтиже эоекеттерге қатысты жетекші қызметтер атқарады. Нақты алынған нәтиже (таным әрекеттерінің өнімі) жаңа білім әрекеттің жаңа тәсілі ретінде

орыналады.

Оқушылардың әрекеттері мыналардан тұрады:

  • жаңа фактіні, қүбылысты табудан және олардың сипаттамасынан;
  • фактілерді жүйелеуден;
  • жақсы таныс пәнде басқалар көрмегенді көруден;
  • фактілер арасында байланыс орнатудан және олардың міндеттік
    сипаттамасынан;
  • олардың тәжірибелік әрекет саласына шығу жолдарын табудан;
  • құбылыстың, оқиғаның дамуында мәнді байланыс пен заңдылығын
    орнатудан, фактілерді қарама-қарсы қою негізінде олардың мәнін
    белгілеуден;
  • жаңа оқиғаларды табуда жалпының нақты көрінуінен;
  • өзгертілген жағдаяттарда тапсырмаларды шешуден;
  • мәселені қалыптастырудан;

— қүбылыстардың құнды мағынасынбелгілеуден және басқалар;

П.И.Пидкасистый бірінші топтың әрекеттері оқушыларды екінші топтың әрекеттерін жүзеге асыруына дайындау үшін қажетті сатысы мен шарты болып табылатынын айтады. Бірақ та олардың барлық ерекшеліктеріне қарамастан, әрекеттің осы екі тобы бірлікте ғана оқу құрылысын қүрады және оқыту үрдісін ең жоғары деңгейде ойдағыдай ұйымдастыру үшін тең дәреже де қажет.

Бұдан түсінетініміз: оқушы мұғаліммен бірлесіп орындаған әрекеттер де, дербес әрекет әлементтерін құрастыратын әрекеттер де әртүрлі сипаттағы өзіндік жұмыстарды орындау кезінде орын алады: репродуктивтік, құрастырулық-варианттық, эвристикалық және шығармашылық. Бірақ өзіндік жұмыстар түрлерінің әрқайсысында бұл әрекеттердің әлементтері әртүрлі арақатынаста болады және өзара іс-әрекет жасайды. Егерде репродуктивтік өзіндік жұмыстарды орындау оарысында бірінші топтың әрекеттері басым болса, онда эвристикалык өзіндік жұмыстарды орындау кезінде алғы шепке дербестік әрекет әлементтері шығады. Дербестік таным әрекетін талдауы П.И.Пидкасистый оның ішкі, мәнді жағына ерекше назар аударды. Олшынында да дербестік оның құрылымының барлық қажетті әлементтерін мақсатты бөліп алу, пәнді анықтау, әрекет құралдарын таңдау енгізетін әрекетті оқушы жеке өзі немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен істеуіне жатқызады. Р.И.Щамова өзіндік жұмыс пен дербестік әрекет деген ұғымдарды сараптау қажеттілігіне меңзейді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: Оқу тек дербестік таным әрекеті үрдісінде ғана өтеді, бірақ ол оқуды оқушылар өзіндік жұмыс үрдісінде ғана өткізеді деуге болмайды. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: Мысалы, мұғалімнің әңгімесін тыңдау кезінде мұғалім оқушыларға салыстыру, теңестіру мақсатында іске асырылатын әрекетті қайда жатқызуы керек? Мұнда өзіндік жұмыс бар ма? Біздіңше, жоқ, бірақ дербестік әрекет бар. Біз дербестік әрекет пен өзіндік жү-мыс ұғымдарын айырып алуды маңызды жағдай депесептейміз. Айтылған түсініктерді сараптау қажеттілігі туралы сұрақ қоя отырып, Т.И. Шамова дербестік таным әрекетінің мәнін ашпайды. Ал өзіндік жұмыс орындауда Б.П. Есиповтың өзіндік жұмыс оқу орындарының формалар міндетін өзіне жүктейтін туралы көзқарасты жақтайды. Ол өзіндік жұмыс жалпысыныптық жан-жақты жұмыс жағдайларында және жеке тапсырмалар орындау ретінде жүзеге асырылытынын көрсетеді. Т.И.Шамова ұйымдастыру формасы ретінде өзіндік жұмысты сипаттайтын нышандарға мынаны жатқызады:

  • өзіндік жұмыс мақсатының болуы;
  • нақты тапсырманың болуы;
  • өзіндік жұмыстың нәтижесін тексеру формаларын айқындау;
  • тапсырма алған әр оқушы жұмысты міндетті түрде орындау міндеттілігі;

Бұл нышан мақсаты оқушының міндетті түрде қабылдау керектігіне меңзейді және өз күшімен сол мақсатқа қол жеткізу біліктілігінің болуын көрсетеді.

Мәнділік пен ұйымдастыру аспектісінің өзара байланысы өзіндік жұмысты дербестік әрекеттің ұйымдастыру формасының бірі ретінде қарауға мүмкіндігін береді., оның өзгешілігі — мұғалімнің көмегінсіз дербес орындалатындығында.. Сонымен дербестік әрекет деген ұғым өзіндік жұмыс ұғымына қарағанда кеңірек ұғым болып табылады және онымен шектелмейді. Дербестік әрекет, сондай-ақ ұжымдық және жан-жақты жұмыс барысында орын алуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда оны оқушылардың өзіндік жұмысы деп атауға болмайды.

Өзіндік жұмысты дербестік әрекетті ұйымдастыру формасы ретінде қарауға байланысты белгілеу қажеттілігі туындайды. Оқу үрдісінде өзіндік жұмыс пен дербестік әрекет арасындағы байланыстылық мынадан байқалады:

— оқушылар өзіндік жұмысты орындауға ұжымдықпен орындалатын
дербестік әрекет барысында дайындалады. Оқушылар ұйымдастырудың
¥жымдық тәсіл барысында қол жеткізетін дербестік әрекет деңгейі сол
деңгейдегі өзіндік жұмыстарды орындау мүмкіншілігін белгілейді.

— өзіндік жұмыстарды орындау оқушылар мұғалімнің басшылығымен, оқушыларының іске асыратын дербестік әрекет барысында қол жететін дербестілік пен белсенділіктің деңгейін бекіту мен дамытуға қажетті шарты болып табылады. Оқытудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін — білім жүйесін оқыту және оқушылардың таным белсенділігі мен дербестігін дамыту -оқулықпен ғана емес, өзіндік жұмыстарды орындау үрдісіне жүзеге сыратын дербестік әрекетті ұйымдастыру қажет.

Осы ережені негіздеу дэлелдеу үшін біз кеңестік психолог Л.С.Выготскийдің оқушылардың ақыл-ой әрекетіне екі даму аймағытән пеген сілтемесіне сүйенеміз: өзекті даму деңгейі және таяу даму аймағы. Белілі болғандай өзекті даму деңнейі баланың дамуына қалыптасып болған психикалық үрдістерді көрсетіп білдіреді және ол жат көмегінсіз орындауға қабілетті жұмыста байқалады.

Егер педагог дамудың қалыптасқан психикалық үрдістерге ғана сүйенбей, қалыптасу кезеңінде тұрган даму циклдеріне де бағдар алса, білім мен дамудың өзара байланыс мәселесін шешу ойдағыдай болуы мүмкін. Демек , оқыту үрдісінде ересектердің басшылығымен міндеттерді шешу деңгейі мен өзіндік жұмыста қол жеткізген міндетті шешу деңгейі арасында ыдырауды құрастыратын таяу даму аймағын да есепке алған өте маңызды. Л.С.Выготскиийдің ересектердің көмегімен ұжымдық әрекетке бала әжептәуір көбірек және саналы ересектердің көмегімен ұжымдық әрекетте бала әжептәуір көбірек және саналы, түсінікпен істеуге қабілетті деген сілтемесі /нұсқауы/ маңызды болып табылады.

Таяу даму аймағын өзекті даму аймағына айналдыру үрдісі үзіліссіз болып табылады, себебі әр кез сайын жақындықта дамудың жаңа аймағы пайда болады.

Қорыта айтар болсақ, дербестік әрекет пен өзіндік жұмыстың өзара байланысы — оқушының таным белсенділігі мен дербестігінің үдемелі алға басқан дамуының маңызды шарты. Оқушыларды ұжымдықпен жүзеге асырылып жатқан өз деңгейі бойынша дербестік әрекетке сәйкес өзіндік жұмыстарды орындауға қосу таяу аймақтан өзекті даму аймағына оқушылардың өте маңызды біліктілігінің тез арада көшуіне ықпал жасайды. Бұл дегеніңіз әр оқушының таным қабілетінің дамуын басқаруға, осы дамуды бақылауға мүмкіндік береді.