Сұр топырақты зиянды тұздардан арылту жолдары

Ашық сұр топырақ жағдайларында сулық ережелер климат жағдайларына, жер асты суының байырғы игерілгеніне, жер асты суының минералдану дәрежесіне, суару және суландыру мөлшерлеріне, топырақ сортаңдануы және де өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.

Тәжірибе үш түрлі дәрежедегі сортаңдаған (әлсіз, орташа және күшті) топырақтарда, 9 түрлі соршаю мөлшерінің арасынан сортаңдану дәрежесіне байланысты ең тиімді 3 мөлшерін анықтап, орнықтыру мақсатынды зерттеулер жүргізілді.

Жұмыс бағдарламасының іс-шарасына бойынша ашық сұр топырақ жағдайында әр түрлі сортаңданған дәрежедегі топырақта, топырақтың сорын шаюға дейінгі және сор шаюдан кейінгі мерзімдерде, тұздық қалдық пен хлор-ион құрамдарын анықтау мақсатында талдау жұмыстары жүргізілді.

Топырақтағы зиянды тұздармен күресу үшін әр түрлі агромелиоративті шаралар қолданылды, соның бірі тәжірибелік алқапта топырақтың сорын шаю іс-шаралары жүргізілді.

Жалпы орташа үш жылғы нәтижелер бойынша тұздық қалдықтардың шайылуы әлсіз сортаңданған топырақта жүргізілген тәжірибеде, үш 1300, 1500 және 1700 м3 арасынан сор шаюдағы ең тиімді мөлшері, 1500 м3/га екені айқындалып, тұздық қалдық 72,8%, хлор-ион 53,9% көрсеткіште болды (сурет 1,2)

Сурет 1 — Орташа үш жылда тұздық қалдықтың шайылуы, %

Орташа сортаңданған топырақтағы талдаулар нәтижесі гектарына 2000-2300-2500 м3/га мөлшердегі сынақта орташа сортаңданан топырақтағы ең тиімді сор шаю болып гектарына 2300 м3/га сор шаю мөлшері орнықтырылып, тұздық қалдық 69,4%, хлор-ион 75,7% көрсеткіште, ал топырақтың күшті сортаңдану дәрежесінде жүргізілген зерттеулерде, гектарына 3000-3500-4000 м3/га әр түрлі сор шаю сынақтарында ең тиімдісі болып 3500 м3/га сор шаю мөлшері орнықтырылып, тұздық қалдық 49,8%, хлор-ион 90,1% көрсеткіште айқындалды

Сурет 2 — Орташа үш жылда хлор-ион шайылуы, %

Жер асты суының деңгейінің көтерілуіне, көктем кезіндегі үлкен көлемде топырақтың сорын шаюға жіберілген сулар мен жауын-шашынның түсімі жоғары болғандары себеп болды. Қорыта айтқанда, егістік жерлердегі жер асты суларын 2,5-3,0 м бір деңгейде ұстап тұратын, тұзданудан сақтау, жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту үшін салынған тік дренді қондырғылардың жұмыс істемеуінен, жер асты суларының көтерілуі жерге қаншама зияндығын көрсетіп отырғаны айқындалды.

Жалпы қорытындылап айтқанда, ғылыми-зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, ашық сұр топырақ жағдайындағы топырақтың терең қабатындағы әр түрлі сортаңданған құрам көрсеткіштерін төмендететін ең тиімді шаралар жиынтығы, әртүрлі сортаңданған топырақтың тұзданған дәрежесіне байланысты тиімді мөлшермен топырақтың тұздық жиынтық құрам көрсеткіштерін төментету негізі — сор шаю болып табылады.

Зерттеу нәтижелерін бағалау және қорытындылау үшін алынған нәтижелер бойынша, ашық сұр топырақ жағдайындағы әлсіз сортаңданған топырақта жүргізілген тәжірибе нәтижелерінде жүргізілген үш 1300, 1500 және 1700 м3 арасынан, топырақтың терең қабатындағы тұздық жиынтығын шаюдағы ең тиімді мөлшері, 1500 м3/га екені тәжірибе жүзінде бақыланып, өнімділік гектарынан 33,0 центнерден айналды.

Ал орташа сортаңданған топырақтағы талдаулар нәтижесі гектарына 2000-2300-2500м3/га мөлшердегі сынақта орташа сортаңданан топырақтағы ең тиімді сор шаю болып гектарына 2300 м3/га сор шаю мөлшері орнықтырылса, жалпы 3 жылдың орташа өнімділігі 32,4 центнерге жетті.

Тәжірибе барысындағы жүргізілген нәтижелерге сүйенсек, топырақтың күшті сортаңдану дәрежесі астарындағы гектарына 3000-3500-4000 м3/га мөлшерлермен әр түрлі сор шаю сынақтарындағы ең тиімді сор шаю көрсеткішімен ерекшеленген гектарына 3500 м3/га сор шаю мөлшері орнықтырылып, орташа өнімділік гектарынан 29,1 центнер көлемінде алынғаны анықталды.

Үш жылдық тәжірибе барысындағы ғылыми есепті қорытындылап айтсақ, жер асты суының деңгейінің көтерілуіне, көктем кезіндегі үлкен көлемде топырақтың сорын шаюға жіберілген жатқан сулар мен жауын-шашынның түсімі жоғары болғандары себеп болды. Жалпы айтқанда, егістік жерлердегі жер асты суларын 2,5-3,0 м бір деңгейде ұстап тұратын, тұзданудан сақтау, жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту үшін салынған тік дренді кәріздердің жұмыс істемеуінен, жер асты суларының көтерілуі жерге қаншама зияндығын көрсетіп отырғаны айқындалды.

Резюме

В статье приведены данные для установления оптимальных норм промывочных поливов подверженных различной степени засоленности почв.

Summary

In article data for an establishment of optimum norms of washing subject to a various degree of salinity почв are cited.