Қазақ руларындағы тамғалар және олардың классификациясы мен мән-мазмұны туралы

Қазақтар үш жүзге бөлінетіні тарихтан белгілі: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.

Ұлы жүз үйсін,қаңлы,шанышқылы,жалайр деп аталатын төрт арыс елден құралған. Орта жүз арғын, найман, қоңырат, қыпшақ, уақ, керейден, ал кіші жүз алшын, жетіру деп аталатын ел, арыс-елден бастау алатыны да тарихтан мәлім. Қазақтардың ел-арыстары тайпаларға, тайпалар, руларға, рулар, аталарға бөлінетіні ді белгілі. Әр рудың, тайпаның, және ел-арысының өздеріне жеке тамғалары мен ұрандары болған. Қазақтың ру тамғалары бір-бірінен айрықша ерекшеленеді. Олардың жүздеген тамғаларын үйреніп зерттеген ғалым Салғараұлы Қойшығара сол тамғалардың екі белгіге негізделіп жасалғандығын анықтай отырып, оның бірін «Көсеү», екіншісін «Тостаған» деп атайды. (1).

Қазақ тамғалары жайлы біздің зерттеү, ізденістеріміз бұл тамғалардың негізі Қайшығара дәлелдегендей екі емес, төрт негізге, сүйене жасалғандығын аңғартады. Олардың біріншісін біз шартты түрде «Айтамға» немесе «Айнатамға» деп, екіншісін «Көзтамға» немесе «Қостамға» деп, үшіншісін «Қастамға» немесе «Жылантамға», «Жайтамға» деп, ал төртіншісін «Оқтамға»деп атауға ұйғардық .

Сол жоғарыда шартты түрде келтірілген атаулардың тамға ретінде аталуына бірінші топқа оның сыртқы көрінісінің толған ай немесе сапы бар домалақ айнаға ұқсастығы себеп, негіз болды. Екінші топтағы тамғалардың бір бөлегі көздің сырттай белгі, көрінісіне бейімдеп «Көзтамға» деп атауға келістік.

Үшінші топтағы тамғалардың екеүі адамның қасы мен жыланның бейнесіне уқсайтынын ескеріп, оларға «Қостамға», «Жылантамға» деп атау бердік. Осы топтағы тамғалардың көпшілігі жайдың (садақ) сынық бөлектерін ұқсап кететінін есепке ала отырып, оларды «Жайтамға» деп атадық . Төртінші топтағы тамғалардың дені садақ (Жай) дың оғының бейнесіне уқсастығын ескеріп, оларға «Оңтамға» деген атау берілді.

Сонымен, қазақ рулары, тайпалары, ел-арысы тамғалары төрт топқа бөлінетінін аңғарамыз. Сол ру, тайпа ел арысы тамғаларының төрт тайпаның қайсысына көбірек байланысты екендігі туралы мәлімет бермекпіз.

Бірінші топқа, яғни «Айтамға» Айнатамғаға үйсін еліндегі дулат тайпасына тән Сиқым, Ботпай, Шымыр, руларының тамғалары, сонымен қайтар албан, суан, дулат, сіргелі тайпа-руларының тамғалары жатады. Бұл тамғаға найман елінің терістамғалы руына қарасты кетбуқа руының, түлегетей тайпасының Садыр руының тамғалары да тән. Бұл топтағы тамғаларға Кіші жүздің алшын, жеті-руға қарасты табын, кердері, рамадан руларының тамғалары да кіреді.

Екінші топтағы яғни «Көзтамға» яки «Қостамға» ға Орта жүздің арғын ,уақ, керей руларынаң, Кіші жүздің алшын тайпасына кіретін кете қаракере, төртқара жеті рудың телеү руларының тамғалары жатады.

Үшінші топтағы «Қастамға» яки «Жайтамға» ға Кіші жүздің Алшын, Әлім ұлысынан қаракесек, шекті, шөмекей, жаппас, алтын руларының, Орта жүздің найман елінің тамғалары кіреді.

Төртінші топ- «Оқтамға» ға Кіші жүздің алшын, әлім улысынаң қаракесек, шөмекей руларынан басқа барлық рулардың, байұлыдағы барлық рулардың , Орта жүздегі қыпшақ , қоңырат, найман елінің кейбір руларының, сонымен бірге Ұлы жүздің құрамындағы қаңлы, шанышқылы, жаламыр елінің кейбір руларының тамғалары да жататынын айта кетү керек.

Ендігі жерде, жоғарыда төрт топқа бөлінген тамғалардың мән-мазмұны жөнінде тоқталып, кеибір пікірлерді ортаға салсақ .

Ұлы жүздің үйсін еліне, оның дулатындағы сиқым, ботпай, Шымыр руларының тамғасы толған ай, сабы бар домалақ айна түрінде болып, бұл тамғалардың толған ай бейнесіне ұқсастығын қазақ халқы «тостаған» деп атап, ал сабы бар айнаға уқсастығын «шөміш» деп атаған. Ал В.В. Востроп, М. С. Муқановтар бұл тамғаларды «дөңгелек» деп атайды (2). Біздердің пікірімізше, тамғалардың алғашқысы яғни «тостаған», «дөңгелек» деп аталуы толған айдың , ал сабы бар айна түріндегі қол айнаның елес көрінісі болуы ықтымал. Осындай көріністегі айналарды Өзбекстанның Сопполитөбе. Жарқотаңда табылған бронза сабы бар домалақ айналарға ұқсаттық (3). Сопполитөбенің жасы біздің эрамыздан алдынғы 2 мың жылдықтың орталарына тура келеді (4).

Сопполитөбенің , Жарқотанның бронза сапты домалақ көріністегі айналарына ұқсас айналар Сурхандария, Оң түстік Тәжікістан региондарындағы қазба археологиялық ескерткіштерден, негізінде мешіт қорғандардан да табылып, олардың жасы да эрамыздан алдынға 2-ші ғасырмен белгілінеді (5).

Әбілғазы өзінің «Шежіреи тұрқы» шығармасында Шыңғысхан ұлдарының төртіншісі болған Толыхан (6) атының мәніне шолу, пікір жасап «Тұлуйдың мағынасы «айна» дегені» дейді (7). Халқымыздың рухани қазынасында да «бөрі жүзі жының» деегн нақыл ата-бабадан ұрпақтарға жетіп келген.

«Бөрі» атауы «долы» немесе «долта» деп те аталған болып, бұған өзбектердің «Нурата туркпені» деп аталатын этник тобының арасында кең тараған.

«Карим батыр құлақ сал, інім батыр»

Самал соқса есігінді шықылдатар.

Әкеңді долы бөрі жеп кетіпті .

Бір пұты мен бір қолы сайда жатыр деген өлең-әні мысал бола алады.

Біріншіден. Бөрі жүзі жағында тынық , (мубарай) деген мақалдың мағынасына тоқталар болсақжағымды тынық (Мубарай) сөзінің мағынасы тынық дегені яғни бөрінің жүзі яки басқаша айтқанда долының жүзі тынық . айнаның жүзі (беті) тынық болғандықтан айнадай тынық деген түсінік те осыдан қалған, сақталған. Күтірілген мысалдағы «айна» мен «тынық» сөздерінің синоним екендігін аңғарамыз, сондай-ақ бөрі мен, «долы» сөздері де синонимдес екендігі көрініп тұр. Жоғарыдағы мысалдарға «долы» «бөрі» сөздері қосарланып келген синонимдік қатар жасап тұрғаны анғарылады.

«Айна» мен «тынық» сөздері синоним болғандықтан «бөрі» мен «айна» сөздері де синонимдер ден біліүіміз керек.

Демек , қазақтардағы ұлы жүз құрамына кіретін «Дулат» руы тамғасының мағынасы да өз атына сәйкес «шөміш» емес «тостаған» да емес «айна» болуы ықтымал.

Жоғарыдағы мысалдарды есепке, негізге ала отырып бірінші топтағы тамғаларды «айтамға» немесе «айна тамға» деп атауды ұсынамыз. «Қостамға»немесе «Кастамға» деп аталған екінші топтағы тамғалар әдебиетте және халық ауызында «көзтамға», «крест», «ашам», «ашамайли» деп аталып келінеді. «Жайтамға» немесе «жылантамға» деп аталатын үшінші топтағы тамғалар әдебиеттерде, халых ауызында «бақан» делінеді. «Оқтамға» деп аталатын төртінші топтағы тамғалар ғылыми әдебиеттерде халық ауызында «оқ» «бақан», «тарақ», «көселі» «көсеү» немесе «қостамға» сияқты атаулар алған (11)

Сонымен, қазақ этносына тиісті болған тарихи ру, тайпа және арыс (ел) тардың тамғалары әр түрлі және көп санды болғанымен, олардың негізі төрт белгі-«айна», «көз», «жай», «оқ», негізінде жасалған болып шығады.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Салғараұлы Қойшығара Қазақтың қилы тарихи. Алматы, «Жалын», 1992 ж.299 бет.
  2. В.В.Востров, М.С. Муқанов. Родоплеменной состов расселение казахов А. 1968 ж. 256 бет.
  3. Аскаров А. Сополлитепа . Т. 1973. с 163 бет.
  4. Аскаров А. Сополлитепа Т. 1973. с.127.
  5. Манделыштам А.М. Памятники Кочевников кушанского времени в Северной Бактрии Л, 1975, 34-35 т.б, 183 с.
  6. Мирзо Улуғбек. Турт улус тарихи Т., 1994, 111 бет.
  7. Абулғозий Шажаран турк Т., «Чулпон», 1992,и 60 бет.
  8. Востров В.В., М.С.Муканов. Указанная литература. с 50.бет.
  9. Востров В.В., М.С.Муканов. Жоғарыдағы әдебиет. 66.бет.
  1. Востров В.В., М.С.Муканов. Жоғарыдағы әдебиет. 66.бет.