Органикалық тыңайтқыштарды ендіру мерзімдері мен мөлшерлерінің топырақтың агрофизикалық қасиетіне әсері

Қазіргі таңда егіншілік жағдайында топырақтың агрофизикалық қасиетін жақсартып, құнарын қалпына келтіру, немесе оның құрамындағы өсімдікке қажетті қоректік заттар мен қарашіріктің жеткілікті тепе-теңдігіне қол жеткізу – маңызды міндеттердің бірі болып отыр.

Ауыл шаруашылығы саласында сапалы өнім өндіру үшін нарықтағы өзгерістерді ескеріп, өндірілетін өнімнің және топырақтың сапасына, құнарлылығына назар аудару қажет. Топырақ құнарлылығын бағалау үшін өніммен тікелей байланысты болып келетін оның агрофизикалық көрсеткіштерін пайдаланады, яғни оның құрылымы, өңдеу қабатының тығыздығы, осы қатарға топырақтың су, ауа, жылу қасиеттері және оның физикалық-механикалық қасиеттері де кіреді.

Топырақтың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ол, топырақтың көлемдік салмағы. Топырақтың жоғары дәрежедегі көлемдік салмағы ауа және су ережелерін бұзып, ауыл шаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне және өнімділігіне кері әсерін тигізеді.

Көлемдік салмақтың мәліметтері топырақтағы ылғал мен қоректік заттардың салыстырмалы мөлшері және абсолюттік қоры, сондай-ақ суаруға және сор шаюға қажетті су мөлшерін қайта есептеу үшін қажет болады, топырақтың тығыздылығы тікелей осы көрсеткіштерге байланысты және онымен су-ауа, жылу және биологиялық қасиеттері де тығыз байланысты болады.

Қоректік заттардың бірдей көлемдегі қорында, әр түрлі тығыздықтағы топырақтың құнарлылығы түрлі деңгейде болады. Жауын-шашын, суару мен трактор агрегаттарының жүріп өтуінің әсерінен топырақ көктемнен күзге дейін едеуір тығыздалып қалады.

Топырақтың физикалық қасиеттері оның механикалық құрамы мен органикалық заттың мөлшеріне байланысты болады.

Жоғарыдағы келтірлген негізгі факторларды ескере отырып Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институт тәжірибе алқабының ашық сұр топырақ жағдайында, органикалық тыңайтқыштарды ендіру мерзімдері мен мөлшерлерінің топырақтың агрофизикалық қасиетіне тиімді әсерлерін анықтау үшін тәжірибелік зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу мақтамен жүргізілетін далалық тәжірибелер әдістемесі бойынша жүргізіледі (Бүкілодақтық МҒЗИ, 1981, А. Имамалиев) [1].

Егер топырақтың жоғарғы жыртылатын қабатындағы құрылымында агрономиялық қатты түйіршіктердің үлес салмағы басымдау болса немесе өсімдіктердің тамыр массасынан қалған органикалық зат молдау жиналса, онда сол қабаттың көлемдік массасы жеңілдеу болады.

Біздің мәліметіміз бойынша, әр танапта бұл көрсеткіш бірдей болмады. Органикалық тыңайтқыштардың топырақтың көлемдік салмағына әсері жайлы мәліметер төмендегі кестеде келтірілген.

Кесте — Органикалық тыңайтқыштардың топырақтың көлемдік салмағына әсері (г/см3), (егістен кейін, суарудан алдын және вегетация соңындағы кезеңдер)

 

Тәжірибе нұсқалары

Топырақ

қабаттары,

см

Егістен

Кейін

Суару-

дан

алдын

Өсіп-өну

кезеңінің

соңында

Тыңайтқышсыз (бақылау) 0-10 1,34 1,36 1,38
10-20 1,37 1,39 1,40
20-30 1,39 1,41 1,42
0-30 1,36 1,38 1,40
 

N 100 кг. (ә.з.е.). + P. 70 кг. (ә.з.е.)

0-10 1,32 1,30 1,28
10-20 1,34 1,32 1,30
20-30 1,41 1,38 1,38
0-30 1,35 1,33 1,32
Негізгі өңдеуден алдын 20 т/га көң + 4,0 т/га вегетациялық суарумен бірге көң сұйықтығы 0-10 1,31 1,30 1,27
10-20 1,33 1,32 1,39
20-30 1,39 1,38 1,37
0-30 1,34 1,33 1,30
Негізгі өңдеуден алдын 25 т/га көң + 6,0 т/га вегетациялық суарумен бірге көң сұйықтығы 0-10 1,28 1,26 1,24
10-20 1,33 1,32 1,28
20-30 1,37 1,35 1,33
0-30 1,32 1,31 1,28
Негізгі өңдеуден алдын 30 т/га көң + 8,0 т/га вегетациялық суарумен бірге көң сұйықтығы 0-10 1,28 1,26 1,23
10-20 1,31 1,27 1,26
20-30 1,35 1,33 1,31
0-30 1,31 1,29 1,28
Негізгі өңдеуден алдын 35 т/га көң + 10 т/га вегетациялық суарумен бірге көң сұйықтығы 0-10 1,28 1,25 1,21
10-20 1,31 1,26 1,25
20-30 1,34 1,34 1,30
0-30 1,31 1,29 1,26

Органикалық тыңайтқыштарды ендіру мерзімдері мен мөлшерлерінің топырақтың көлемдік салмағына әсері, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, егістен кейін бақылау нұсқасында топырақтың ең жоғарғы көлемдік салмағы тұзіліп ол 0-10; 10-20; және 20-30 см қабаттарда сәйкесінше 1,34, 1,37 және 1,39 г/см3 құрады. Демек, егістен кейін бірінші бақылау нұсқасында топырақтың 0-30 см жыртылатын қабатында орташа көлемдік салмақ 1,36 г/см3 болды.

Топырақтың ең төменгі және қолайлы көлемдік салмағы егістен кейін алтыншы негізгі өңдеуден алдын 35 т/га көң + 10 т/га вегетациялық суарумен бірге көң сұйықтығы берілген нұсқада тұзілді. Көлемдік салмағы бұл нұсқадағы 0-10; 10-20; және 20-30 см қабаттарда, сәйкесінше 1,28; 1,31 және 1,34 г/см3 құрады.Топырақтың жыртылатын 0-30 см қабатында орташа көлемдік салмақ 1,31 г/см3 құрады.

Өсіп-өну кезеңінің соңында бірінші нұсқада, әдеттегі қарапайым технологияда, топырақтың көлемдік салмағы, басқа нұсқаларға қарағанда әдеуір жоғарылағаны анықталды 0-10 см қабата – 1,38 г/см3; 10-20 см қабатта – 1,40 г/см3 және 20-30 см қабатта 1,42 г/см3 құрады. Топырақтың жыртылатын 0-30 см қабатында орташа көлемдік салмақ 1,40 г/см3 құрады.

Күз айында өсіп-өну кезеңінің соңында, органикалық тыңайтқыштарды қолданылған нұсқалардың жыртылатын қабаттарында көлемдік салмақ 1,26 г/см3 ден 1,30 г/см3-ге төмендегені анықталды.

Органикалық тыңайтқыштардың топырақтың көлемдік салмағына әсерін зерттеу нәтижелерін сараптай келіп вегетация соңында негізгі өңдеуден алдын 30-35 т/га көң + 8,0-10,0 т/га вегетациялық суарумен бірге көң сұйықтығы берілген нұсқаларының 0-30 см жыртылу қабатының көлемді салмағы ешқандай тыңайтқыш берілмеген бақылау нұсқасымен салыстырғанда көлемдік салмақ тиісінше 0,12-0,14 г/см3 аз болды.

Резюме

В статье приведены влияние органический удабрений на на агрофизические свойства почв в условиях светло-сереземных почвах юга Казахстана.

Summary

In article are provided influence organic fertilizers on on agrophysical properties of soils in the conditions of light-serezemnykh soils of the South of Kazakhstan.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. 1. Имамалиев А. Методика полевых и вегетационных опытов с хлопчатником в условиях орошения. — Ташкент. СоюзНИХИ. – 1981. – С. 18-27.