Зертханалық сабақ

Биология сабақтарында зертханалық жұмысты тиімді пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып теориялық білімді практикамен ұштастырудың маңызы зор. 10-сыныпта жалпы биология пәнінен «Пластидтер» тақырыбында өткен зертханалық сабақ үлгісін ұсынып отырмын.

Пластидтер тек өсімдіктерге ғана тән негізгі органоид. Бірақ ескеретін жай, ол өсімдіктердің ішінде саңырауқұлақтар, бактериялар, көк-асыл балдырлардың жасушаларында кездеспейді.Қалған жасыл өсімдіктердің жасушаларының цитоплазмасында шашырап жатады. Цитоплазмаға қарағанда тығыз болатындықтан жарық микроскобының көмегімен ғана көрінеді.

 

Пластидтер

хлоропластар хромопластар лейкопластар ( жасып түс)

(сары, қызғылт-сары, алқызыл түсті) (түссіз)

Зертханалық жұмыс тақырыбы: Пластидтер

Мақсаты: Әр түрлі өсімдіктердің жасушаларын микроскоп арқылы қарап, пластидтердің түрін анықтау.

Құрал-жабдықтар: Микроскоп, (элодея жапырағының орнына) кез келген бөлме өсімдігі, картоп түйнегі, традесканция, қызыл бұрыш, қызан, пияз, сәбіз, заттық шыны, жабын әйнек, қандауыр, су, тамшуыр.

Жұмыс барысы:

  1. Бөлме өсімдігінің жапырақ өңін кішкене жұмсақ етімен қоса сылып алып, заттық шыныға салып, үстіне су тамызып, жабын әйнегімен жауып, микроскоп арқылы хлоропластарды қарау.
  2. Жемістер түстеріне-көңіл аударып, хромопластың маңызын түсіну. Жұмсақ етін қандауырдың ұшымен сылып алып, микропрепарат жасап, микроскоппен қарау.
  3. Традесканция жапырағының, пияз қабығының микропрепаратын микроскоппен қарау. Вакуольді, ядроның айналасындағы түссіз шар тәрізді лейкопластарды табу.
  4. Пластидтердің пішіндерін анықтап, түсін салыстырып, дәптерге суретін салу. Қорытындыны кестеге жазу.
Пластидтер Пішіні Түсі Ұқсас-тығы Айырма-машылығы Атқаратын қызметі Қоры-тынды