Гельминттер түгелімен жер шарынын тропикалык жєне субтропикалық белдеулеріне таралған. Грузия, Азербайжан, Түркменстан, Өзбекстан және Қазақстанда анкилостомидоздар кездеседі. Тропикалык елдерде жұмыс кезеінде паразиттермен ластанған суда шомылғанда, антилостомалар жұмыртқасы тері арқылы енегенде тері анкилостомасы байкалады. Аскаридалар жұмыр құрттардың кең таралғаны. Кейбір елдердің тұрғындарының тұрмыстык жағдайына тікелей байланысты. Олар өте жиі кездеседі. Мысалы, Жапония тұрғындарының аскаридозбен 100% зақымданғаны белгілі, себебі сол елде адам нәжісі егіндікке тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Зоология ғылымының паразитті кұрттарды зерттейтін саласы гельминтология деп аталады. Паразитті кұрттар аркылы адам, жануарлар мен өсімдіктер организмде пайда аурулар болатын ішқұрт немесе гельминтоз ауруы деп аталады.
Паразитизм табиғатта өздігінен туа пайда болатын процесс емес. Тірі организмдердің бірімен-бірі тығыз байланысты тіршілік етуінен немесе селбесіп өзара карым-катынастык жасауынан, әволюциялык даму барысында өздері мекендейтін ортаның сан алуан әсерлеріне бейімделуден болатын процесс. Мысалы, судың ішіндегі (немесе теңіздің) өз бетінше тіршілік етіп жүрген балық пен майда құрттарды алатын болсақ, кандай бір жаѓдайлармен жаңағы қүрт балық денесіне жабысты. Бұл жерде ол өзінің әдетте қоректенуі бойынша, майда жәндіктерді кармап қоректене береді. Бір мезгілде ол балы денесіндегі сілекейдің дәмін татып, енді сол сілекеймен қоректенеді. Сілекей — бұл нағыз дайын органикалык зат. Сондай-ақбалық денесі кандай да бір әрекеттермен жараланып, ол жерден шыккан кан құрттың аузына құйылады. Бұл қанмен қоректенген құрт оған да бейімделе бастайды. Енді, кұрт осылай қоректенуге бейімделгенде, балық денесі жазылып, кұрт өзінің әдеттенген қорегін іздеп, жорғалап балықтың желбезегіне келеді, оны жаракаттап, канымен қоректенеді. Одан кейін құрт жұтқыншаққа, өңешке және тағы бір кезеңде ішекке өтеді. Міне осылай, құрт еркін тіршілік етуден, дайын қоректік затпен қоректеніп, өзінін иесін пайдаланып паразиттік тіршілік етуге көшеді. Паразитизмге өтуге көптеген баска жолдар да бар.
Паразиттер өздерінің тіршілік ету циклында екі иені пайдаланады: негізгі және аралық. Денесінде паразит ересек түрінде дамитын (жыныстық жетілген кезеңінде) болса, онда жануарлар паразиттердің негізгі (тұрақты) иесі, ал личинкасы дамитын болса, ол аралык иесі. Бұлардан баска екінші (қосымша) және резервуарлық иелері де болады. Мысалы, жалпақ таспа құрттың негізгі иесі адам, аралығы — циклон (шаян-тәрізділер), екінші (қосымша) аралығы — балық.
Паразиттер факультативті (жалған) және облигатты (нағыз) болып бөлінеді. Мысалы, Аlimpets туысына жататын құрттың кейбір түрлері бір себеппен жануардын ішегіне түскенде, онда өсіп, паразиттік тіршілікке көшеді, ал ішекке төспеген жағдайда олар топырақта еркін тіршілік ете алады. Сонымен бұл жерде паразитизм тек факультативті түрде болады.
Жоғарыда көрсетілген паразиттердің барлығы облигатты паразиттер. Солардың ішінде толык даму үшін аралык иені кажет ететін паразит құрттар — биогельминттер, ал топырақты қажет ететін -геогельминтте деп аталады.