Тұрар Рысқұловтың тарихқа қосқан үлесі

Тұрар Рысқұловтың 1920-1937 жылдар аралығында өте маңызды, ірі кітаптар мен қатар 200-дей мақаласы, баяндамалары, 100-ге тарта хаттары мен тезистері жарық көрді. Бұл еңбектері Тұрардың саяси күресі мен идеяларын ұғуда еліміздің тарихының ол тікелей араласқан ірілі ұсақта оқиғаларын бағалауда маңызы үлкен.

Оның Қазақстан тарихын жан жақты талдап көрсететін еңбектерінің біріне 1927 жылы жарық көрген «Қазақстан» кітабы жатады.

Тұрар Рысқұлов бұл кітабанда Қазақстан тарихын зерттеуді көне заманнан бастайды. Алайда, Қазақстан тарихын толық баяндап беру міндетін алға қоймайды. Оның нысаны — Қазақстанның баяғыда және беріде өткен тарихының аса күрделі, кейде тіпті қайшылығымен мол процесс болғаныны көрсету болды. Бұл ретте ол қазақ халқының өткен тарихын ғылыми тұрғыдан, обьективті түрде зерттеуге тырысады.

Ол кітабының «Қазақстанның өткен тарихы» атты бөлімінде Қытай деректеріне сүйене отырып, қазақтардың кеөне террриториясын сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, қыашақ сияқты тайпалар мекендегенін айтады. «Исаның тууынан 200 жыл бұрын дейдіол, қазақ жерінде усуния үйсін деген ел тұріпті. Иса туғаннан кейін, 177 жылдар шамасында қазақ жерін ғұн гәсілі мекендеп, олар батысқа қарай ойысқан, ҮІІ ғ. Алтайдан ұйғыр келіп патшалық түзеген, мұнан кейін қазақ жерін түрік руларының бірінен соң бірі келіп мекендеген. Осы күнгі Жетісу губерниясы мен Сырдария губерниясының бір бөлімін ІХ Х ғасырларда «Қарахан» нәсілі патшалқы

еткен түрік тайпалары мекендеген. Бұлар ислам дінін 955-956 жылдарда алған көрінеді. Бұлардан кейін бұл жерді «Қарақытай» алып, ақырында оны могғол келіп алдырған көрінеді деп қазақ жерін кезекпен мекендеген ел жұрттарды көрсетеді.

Т. Рысқұлов қазақ халқының шығу тегін, қазақ мемлекеттілігінің ғасырларға жалғасқан көмескі іздерін айқындап, кемел тарихын жасауға үлес қосуға тырысты. Алайда, дәлелді деректік құжаттың табу қиындылығынан еңбегінде «Арғы жергі қазақ халқының қайдан шыққанын, мекені қайда болып, мұнда қайдан келгенін тарих ашып айта алмайды», — деп келе, ерте және орта ғасырда Қазақстан аумағында туыстас түркі халықтары құрған үлкенді кішілі мемлекеттердің тарихын білуде Қытай дерегінен басқа араб, парсы деректерін қолдана отырып, ескі шежіреге де сүйену қажеттігін атап көрсетеді. Ол шежіренің қоғамдағы орны ерекшелігін, шежіре ұлтты, руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөліну үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні.

Отаны, елі, жұрты бар екеніне, тірлікке, бірлікке ұлттық сананы қалыптастыруға бағышталғанын түсіндіреді. Замандасы Ахмет Байтұрсынов «Қазақ қуғыншы халық, ол өмірбойы өзін іздейді, ата бабасын іздейді, кешегі күнін болашағын іздейді» демекші, Тұрар да қазақ халқының өткенін шежіреден іздейді. Ол түркі тайпаларын зерттеп білуде ХІ ғасырда өмір сүрген Фирдаусидің, орыс княздары Светослав пен Мситлавтың шежіре жазбаларына сүйену қажет дейді.

Осындай тұжырымға келген ол қазақтың шежіресі тураы қазақтың өзінен артық ешкім білмейді деген ой қорытады.

Тұрар тарихи шолуларында Шыңғыс хан өміріне, оның Қазқстан мен Орта Азияға жасаған жорықтарына айтарлықьай орын берілген. Сонымен қатар ол өз еңбегінде, қазақ халқының дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасап мемлекет болып қалыптасу барысына ерекше тоқталады. Қазақ хандығының құрылу мәселесіне байланысты «Алтын Орда өзара бөлшектене

бастаған соң, қазақ  оңашаланып көтеріле бастайды. өзбек ханы Әбілхайыр тұсында Алтын орда құруға айналған кезде сұлтандар Керей мен Жәнібек Алтын ордадан бөлініп шығады да, шағатайлықтардың Әбілхайырмен араздығын пайдаланып, Шу бойына келіп  мекендейді. Қазақтың басын қосуға бірінші қам еткендер осылар.

Тұрар Рысқұлов қазақ хандығыны ң қайт а жанданып елдікке көтерілуін қайта 200 жылдан кейін үш жүзге бөлінуін басталды деп топшылайды. Қазақ халқының үш жүзге бөлінуі ХҮІ ғасырға таяды, дейді ол. Қазақтың үш жүхге бөлінуі Тұрар Рысқұлов Ақназар ханның тұсіна жатқызады.

Тұрар Рысқұлов қазақ жоңғар қатйнастары мен осы екі мемлекет арасындағы көптеген жылдарда созылған соғыс тарихижөнінде зерттеу жүргізіп, өз пайымдауларын қаллырған.

ХҮІІІ ғасырдың басында жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы «Ақтабан шұбырынды» деген атпеен әйгіленеді,дей келіп Тұрар Рысқұлов өз еңбегінде мынадай маңызды қорытынды жасайды:  «ХҮІІІ ғасырды ң әуелгі жарымында қазақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» бастан кешірді. Қазақ қазақ болып мұндай аыр заманд ы көрген емес. Нақ сол кезде жоңғарды ң Қалдан Серен еген ханы ұлы жүз бен орта жүзді келіп бағындырады. Кіші жүз бен орта жүздің бір бөлімін Әбілхайыр мен Семекелер бастап, жоңғардың екпінінен қорқып, орыс қол астына қарайды. Қазақтың Әбілхайыр 1730 жылы орысқа бағындырған екен. Міне, осы мезгілден бастап қазақ елі саясат еркіндігінен айрылады.

Тұрар Рысқұлов еңбегінде көтерген негізгі тақырып қазақтардың Ресей қол астына кіру тарихы. Әрине, бүгінге дейін бұл тақырыпқа арналған ондаған зерттеу жұмыстары дүгниеге келгендігі оларды қазақтардың Ресей қол астына кіру тарихы әр түрлі тұрғыдан қарастырылып, сан алуан мұрағат құжаттары мен бсқа да дерек негізінде мәселенің көптеген қырлары ашгылғандығы белгілі.

Осыған қарамастан осы кезге дейін, Т. Рысқұлов еңбегінің құндылығын жоғалта қоймағандығын, керісінше көп жағдайда оның ХХ ғасырда жасаған тұжырымддары мен кейбір болжамдарының дұрыстығы кейінгі зерттеулердің еңбектері ғылыми негізде дәлелденгенін айтуымыз керек.

30-шы жылдары Тұрар өзін тарихнамашы әрі сыншы ретінде көрсете білді. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси және мәдени өмірін зерттеген қазақ жерлерін зерттеулері мен ғылыми мақалаларына талдау жасады.

Тұрар Рысқұлов бұл қазақ қауымында адам еңбегін қанаудағы күндік, құлдықұқа тікелей тоқталып өтеді. «әйел сату- сатып алу құралы есебінде болды» дей келе әйелдің күң есебінде барлық негізгі  жұмыст ы атқаратын күш болғандығы туралы айтады.

Қазақ даласында құлдық пен күңдіктің болғандығы Т. Рысқұлов Тәукенің «Жеті жарғысындағы» баптар мен неміс оқымыстысы этнографы георгидің еңбектеріне сүйене дәлелдейді.

Тұрар Рысқұлов туысқан Қырғыз тарихына арнап «Қырғызстан» атты кітап жазды, оның 1935 жылы Мәскеу қаласында жариялады. Сегіз бөліснен тұратын бұл еңбегінде ол қырғыз елінен территориялық, географиялық жағдайынан бастап халықтың әдет-ғұрпін, дінін, тайпалық және рулық құрылымын зерттеген. Сонымен қтар Қырғызстанға кеңес өкіметінің орнауына, бұл өмірде ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында орын алған экономикалық мәдени және саяси өзгерістерге шолу жасаған. Қырғыз бен қазақ халықтарының әдет ғұрпы мен мәдениетнің ортақ белгілері мен өздеріне тән ерекшеліктерін көрсетуге талпыныс жасаған.

Тұрар Рысқұлов тарихи зерттеу еңбектерінің бір шамасы ХІХ-ХХ ғасыр тоғысында қалыптасқан қазақ ұлттық интелегенциясының саяси бағыттарын айқындау мен олардың іс әрекетіне баға беруге арналған. Ол 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы кезеңі мен одан кейінгі жылдардағы қазақ зиялыларының қызметіне жалпы алғанда оң баға береді.

Ол ұлттық интелегенция қалыптасу жағдайына қарай екі топқа бөлінді деді. Өйткені, деді ол, «Зиялылардың өзі екі түрлі тәрбие алғандардан құралды: бірі – орыс мектептерінде оқып, орыс тәрбиесін алғандар, екіншісі – мұсылман медреселерінде оқып, мұсылманша тәрбие алғандар.»