Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылады. Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізатты күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бірақ жолы бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Қазіргі таңда ел экономикасы дамудың шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз.Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуышикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни «көз бояушылық» екенін түсінгенг ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриялық-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж. шілде айында ҚР Президентінің Жарлығымен «Инновациялық қызмет» туралы заң күшіне енді.
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
- Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады;
- Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлуде мемлектетті емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт – зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау.
- Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибеге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну;
Мемлекетті қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшін оған көп мөлшерде қаржы қажет. Осы мәселе қазір елімізде күрделі мәселелердің бірі болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негізделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкі, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды.
Инновациялар саласындағы мемлекеттің 2 қызметі болады.
- Құқықтық-нормативтік жағынан қамтамасыз ету.
- Бюджеттен немесе басқа көздерден қаржыландыру.
Ал мемлекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99 %-ын құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%-ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдаудың мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру болып табылады.
Мемлекттік деңгейде кәсіпорындарға мынадай қолдау көрсетеді:
- Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық кәсіпорындарға кеңес беретін комиссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындарға көмек көрсетеді.
- Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету;
Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжірибесі көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе ҚР үшін өте маңызды, өйткені 1990 ж. бастап елімізде бастап елімізде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндірістің техникалық деңгейі құлдырады, ғылыми өнімдердің шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциалымыз қысқарып кетті, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелімен жойылды, еліміз өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан да ЖІӨ көлемі де 1990 ж. салыстырғанда 1995 ж. 40%-ға дейін азайды.
Ал ЖІӨ-нің 0,5%-ға өсуімен экономикалық дағдарыс кері бұрылып экономикалық жандану кезеңіне өттік. Осы жылдардағы ЖІӨ көлеміне назар аударсақтек қана 2003 жылы 1993 жылғы деңгейге жеткен екенбіз. Сонымен қатар елімізде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемі 0,9%-ды құрап отыр. Ал индустриялы-инновациялық саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесі 0,6%-ға дейін кемиді екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖІӨ-нен бөлінетін қаржы 1,7%-ға дейін өсуді жоспарлап отыр.
Еліміздегі инновациялық саланы мемлекеттік қолдауды ҚР-ның «Инновациялық қызмет» туралы Заңынан көруімізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:
- Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламаларды жасау.
- Мемлекттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.
- Инновациялық инфрақұрылымды құру.
- Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру.
- Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.
- Мемлекттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қамтамасыз ету.
- Отандық инновацияларды шетелге шығару.
Елімізде ғылыми-техникалық инновациялық бағдарламаларды дамыту үшін арнайы даму институттары құрылған. Оның ішінде 3 қаржылық және 2 қызмет көрсету институттары бар.
Алдыңғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретінде посткеңестік елдерде инновация екінші деңгейдегі жоспар болып келді. Бірақ әлемдегі дамыған елдер тәжірибесі және отандық тәжірибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу инновациялық қызметсіз жүзеге аспайтындығына көз жетті. Міне осы себептен соңғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгерді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Ұлттық академия ғалымдарымен кездесуінде атап өткендей, «елімізде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт келіп жетті» деп атап көрсетті.
ҚР-ның бүгінгі таңдағы ұлттық инновациялық жүйесі негізінен үш құрылымдық қолдау және іске асыру бағыттарынан құралады. Олар:
- ҒЗТКЖ ұйымдары, яғни бұған ғылыми зерттеу институттары, инкубаторлар, инновациялық орталықтар, технопарктер, кәсіпорындар, жоғарғы оқу орындары, құрастырушылық орталықтар, кластерлер, шағын бизнес салалары қатысады.
- Мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама құралдары: заңдар, жарлықтар, стратегиялар, салық және несие жеңілдіктері, лизингтің дамуы және т.б.
- Қаржылық институттар: банктер, инвестициялық, сақтандыру және зейнетақы компаниялары, инновациялық қорлар, инновациялық банктер, венчурлық қорлар, даму институттары, экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация және Даму банкі.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде экономикада кәсіпкерлік қызмет даму үстінде. Кәспкерлік, әсіресе шағын кәсіпкерлік рыноктық жүйеде толыққанды қызмет ету үшін кәсіпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған тауарлары мен қызметтері бәсеке қабілетіне ие болады. Бірақ бүгінде отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметі мардымсыз болып, соның салдарынан отанды тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі әлсіз екендігі белігілі.
Әйтсе де бұл инновациялық жобаларға көптеген қаржы қажеттілігі туындап отыр, ол қаржыларды ЖІӨ-нің құрамынан көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткені елімізде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, әсіресе әлеуметтік салаларға. Сондықтан қаржы тартудың бірден-бір көзі инвестиция тартуды ынталандыру болып табылады.
Индустриялық саясат дегеніміз мемлекттік бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
Яғни еліміз осы мәселелерді шешіп жоғары бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы Қазақстан халқына Жолдауында, еліміз үшін өзекті мәселелердің бірі Индустриялы-инновациялық стратегияның негізгі бағыттарын атап көрсетті.
Стратегияның негізгі мақсаты – бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялы-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.
Стратегияның басты мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:
- экономиканың бір жақты шикізатты бағыттылығы;
- әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
- ел ішіндегі салааралық және өңіраралық ықпалдасудың босаңдығы;
- ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндірістік және әлеуметттік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;
- кластерлік желілердің дамымауы, яғни кәсіпорындардың бір орталыққа шоғырланбауы;
- мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында қорлардың тез тозуы;
- кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
- ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі;
- ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
- мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің болмауы;
- экономиканың өңдешуі секторына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы;
- ЖІӨ-нің 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейі бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнімділігі бойынша кейбір индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.
- Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорлары құлдырау алдында, 2001 жылдың басында негізгі құралдардың тозу дәрежесі орта есеппен 29,7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабілетінің төмендеуіне душар етеді. Егер Қазақстанда ЖІӨ-нің 1 долларын өндіруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония елдерде бұл көрсеткіш – 0,22 — 0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда – 0,4 -0,6; Канада мен Қытайда – 0,8 — 1,2 киловатт сағатты құрайды.
Осы мәселелерді шешу қызметі барысында стратегияның келесі міндеттерін атап өтсе болады. Стратегияның міндеттері:
- өңдешуі өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынының 8 – 8 ,4 % мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
- кәсіпкерлік құрылымды қалыптастыру, бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;
- ғылымды көп қажет ететін жәнежоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдік стандартына көшу;
- дүниежүзілік ғылым – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Осы стратегияны іске асыру мерзімі 2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесідей кезеңдерден тұрады:
І кезең. 2003-2015 жылдар аралығын қамтиды;
ІІ кезең. 2005-2010 жылдар аралығын қамтиды;
ІІІ кезең. 2010-2015 жылдар аралығын қамтиды.
Күтілетін нәтижелер: Индустриялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8 – 9,2 % қамтамасыз етеді. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ-нің көлемін 3,5 – 3,8 % еседей ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8 – 8,4 %-ға дейін жеткізуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыруға және ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді. ЖІӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9 %-дан 2015 жылы 1,5 – 1,7 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтардың көрнекі мысалдары Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерінің экономикалық даму саласында ірі бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Даму Банкінің қызметін жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделіп отыр. Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Стратегияны ойдағыдай іске асыру экономиканың адам капиталын, өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген тұрақты өркендеуіне алып келетін оның құрамында сапалы өзгерістер жасауға, Қазақстанның әлеуметтік дамуының құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуі керек.
Қорытындылай келе, индустриялы шараларды атқаруымыз керек:
- елдегі инновациялық -инновациялық саясатты жүзеге асыруда келесідей күштерді қалыптастыру және нығайту;
- мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялы-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы, фискалдьық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді;
- индустриялы – инновациялы дамуды халық арасында насихаттау;
- отандық өнімдердің халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу;
- инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнесті ынталандыру.