Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы отыз жылға арналған «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында болашақтағы Қазақстан дамуының стратегиясы көрсетілген. Онда 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі жеті басылымдықтары анықталған. Қазақстан Республикасының бұл бағдарламасының басты стратегиялық мақсаты – жоғары индустриалды –инновациялық дамуға қол жеткізу және Қазақстанның дамушы елдерінің қатарынан дамыған индустриялдық елдердің қатарына көшуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген мәселелерге қол жеткізу үшін төмендегідей мақсаттарды анықтаған:
Біріншіден, экономиканың барлық салаларына ғылым – техникалық жетістіктерді ашу мен енгізу жолында ішкі және сыртқы мемлекет аралық кәсіпкерлік іс-әрекеттегі бизнестің барлық төрт деңгейін қалыптастыру, әсіресе ынталандыру саясатын жалғастыру;
Екіншіден, экономикада құрылымдық салаларды қайта құруды жүзеге асыру, Қазақстандағы жүзеге асырылған индустриаландырудың ірі экономикалық потенциалдың қалыптасуына мүмкіндік жасау;
Еліміздің экономикасындағы технологиялық құрылымындағы өзгерістер тұрғысынан қарағанда республикадағы индустриалдыру процесі алғашқы он жылда іс жүзінде аяқталмай қалып отырды. Ол кезде экономиканың технологиялық құрылымының жағдайы төмендегідей еді:
— технологиялық базистің 2/3-ге жуық бөлігін төмен деңгейлі артта қалған және алғашқы машиналық технология құрады;
— автоматтандырылған және кешенде механикаландырылған өндіріс технологиялық базистң 1/3-ін құрады;
— кибернетикалық техника мен ақпараттық технология технологиялық базистің елеусіз бөлігін ғана құрады.
Сондықтан да ғалым-экономистер ұсынғандай әлеуметтік экономикалық даму стратегиясының басты бағыты қазіргі ғылыми- техникалық революция жетістіктері негізінде индустриалды-инновациялық жүйеге көшу қажет.
Индустриалық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі төмендегі экономикалық стимулдарды барынша қолдана білуге негізделуі: жедел амортизация және амортизациялық аударымдар, баж салығы, дотация, несие ставкалары, жеңілдікті салық салу. Сонымен қатар, индустриалдық саясаттың нақты стимулдары қажетті құрылымдық өзгерістердің мақсатына, тереңдігіне және қарқынына байланысты әркелкі қолдану мүмкін.
Жаңа индустриалдық-инновациялық қоғам жолындағы бағыт – Қазақстан Республикасының салалық құрылымын қайта құруға жол ашты.
Құрылымдық қайта құру – Қазақстан Респуликасының болашақтағы экономикалық саясаттың маңызды басышылықтардың бірі болып саналды.Индустриалдық дамыған елдерде экономикалық бәсеке қабілеттілігінің күрделі мәселелерін шешуге және олрдың әлемдік нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндік беретін өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы тұрақты пропорцияның болуы.
Мысал ретінде, жалпы ішкі өнім өндірісіндегі әр саланың үлесі бойынша индустриалды – дамыған және дамушы елдердегі салалық құрылымның пропорцияларын салыстырайық.
Индустриалды дамыған елдерҚазақстанда
Өнеркәсіп- 31%Өнеркәсіп-22,2%
Ауыл шаруашылығы- 2%Ауыл шаруашылығы-2%
Құрылыс- Құрылыс-2,4%
Қызмет көрсету-67 %Қызмет көрсету-57%
Сараптамашылардың айтуынша Қазақстан Республикасындағы мұнай салалық өнеркәсібі дамыған елдердікімен салыстырғанда пропорциялық арақатынас құрылым жетілмеген.
Болашақта ауыл шаруашылығының өнеркәсіпке арақатынасы 1/3 үлесінде қамтамасыз етілетіндей дамуы керек. Өнеркәсіпте ғылыми сыйымды өндірістің үлесі айтарлықтай артуы тиіс. Сонан соң ақпараттық технологияның үлесі атқаратын қызмет көрсету саласының өсуін қамтамасыз ету қажет.өйткені онсыз бәсеке қабілетті өнімінің кеңейтілген ұдайы өндірісін әрі қарай дамыту мүмкін емес.
Дүниежүзілік тәжрибе көрсеткендей осы мақсаттарға жету үшін инвестицияның төмендегідей көздерін пайдаланғанымыз тиімді болады, олар мыналар:
— банктер мен халықтың жинаған қорларын тарту;
— шикізат экспортынан түсетін табыс және ұлттық қорды құру;
— тікелей және партфелдік шетел инвестицияларын тарту;
— шетел капиталын біріктіретін біріккен кәсіпорындар құру;
Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуының «Қазақстан-2030» бағдарламасында экономика салаларының басымдылықтары деп : отын-энергия, металургия, азық –түлік өдірісі. халық тұтынатын тауарлар, өндіріс салалары және коммуникация салаларын атады .Сонымен бірге
Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» Жолдауында былай атап көрсеткен: «Өндірістің инерциялық және ауыр жүкті құрылымын бірдей жөндеу мүмкін емес. Дүниежүзілік тәжрибеде ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімінің жалпы ұлттық өнімдегі үлесінің үнемі азайып, керісінше, қайта өндіруші өндірістің, әсіресе , ғылыми сыйымды , жоғары қосымша құнды өндірістің, сонымен бірге қызмет көсету салаларының үлесінің өсуіне негізделген белгілі бір реттіліктің қажеттігі дәлелденді» деген. Осыған байланысты
Экономикалық құрылымдықты қайта құруды жүзеге асыруда айтарлықтай нәтиже беретін мемлекеттің кәсіпкерлік инициативасы маңызды рол атқарады. Қазақстан Республикасы үкіметті кәсіпкерлік инициативасын көтере отырып , болып жатқан өзгерістерге үлкен мән берді. Банкроттықтың алдында тұрған ірі отын-энергетикалық , металургиялық кәсіпорындарды көтеру үшін шетел инвесторларының инвестицияларын елімізге тарты.
Жалғыз тек теңіз мұнай кен орнын іске қосу Қазақстан Республикасының алдағы 20 жыл ішінде 100 млрд.доллорға жуық табыс алуына жағдай жасады.
Соңғы бес жылдықта Еліміздің экономикасын дағдарыс салқынынан шығарып, қарқынды даму жолына түсуінің басты себебі , Ел басшысының дер кезінде дағдарысқа іс қимыл бағдарламасының Қазақстандық үлгісін қабылдауы болып табылады , осындай дер кезінде әрі қаржылық жағынан қамтамасыз етілген шарарлардың нәтижесінде еліміз экономикасының барлық саласында күрделі қиындықтарға жол берілмеді. Соның нәтижесінде өткен жылы ел экономикасы 7,5 пайыз өсімге қол жеткізді. Оның ішінде еліміздің өнеркәсіп саласында жеткен жетістіктері жоғары. Өнеркәсіп – Республика халық шаруашылығының жетекші саласы болып табылады. Ол еліміздің қоғамдық өнімдердің жартысынан астамын өндіреді. Қазақстан өнеркәсібінің тағы бір ерекшелігі , оның жергілікті шикізат және жанар –жағар майымен толық қамтамасыз етілуі болып табылады.
Сөйтіп 2011 жылы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2010 жылымен салыстырғанда 103,5 пайызды құрады.оның ішінді тау-кен өнеркәсібінде өнім өндіру көлемі 10056 млрд.теңге болды. Елімізде соңғы кезеңде өткізілген реформалардың арқасында өңдеуші өнеркәп өндірісінің көлемі жылдан-жылға артуда. 2011жылы өңдеуші өнеркәсіпте өнім өндіру көлемі 4590 млн. теңгеге жетіп, 2010 жылмен салыстырғанда 106,2 пайыз болды. Жалпы алғанда, еліміздің ІЖӨ құрылымында өндеуші өнеркәсіптің үлесі екі жыл ішінде 2009 жылғы 10,5 пайыздан 2011жылы 12,8 пайызға дейін өсті. Елімізде қабылданған үдемелі индустрияллық-инновациялық бағдарлама аясында іске қосылған жаңа зауыттар мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту өнім өндіру көлемін арттыруға оң ықпалын тигізді. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша еліміздегі метллургия саласында 62 кәсіпорын жұмыс істейді. 2012 жылдың 1қаңтарындағы жағдай бойынша бұл саланың негізгі капиталына салынған инвестиция 1560,2 млрд. теңгені құрады. Индустрияландыру картасы бойынша 470 жоба белгіленген, сол барша жобаларға тартылған жалпы инвестицияның көлемі 1,5 трлн. теңге болды,ал 2011 жылы жалпы құны 52667 млн.теңге болатын 11 ірі инвестициялық жоба іс жүзіне асырылды. Нәтижеде еліміздің өндіріс өнеркәсібін жаңғыртужәне экономиканы әртараптандыру бойынша белгіленген шараларды іс жүзіне асуына және үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының дамуына жаңа қарқын берді. Бағдарламаға сәйкес 2010-2014 жылдар аралығында бұл кәсіпорындарды жанғыртуға 1,72трлн. теңге инвестиция салынып,3мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Алдағы уақытта негізінен ірі кәсіпорындар маңайына шоғырланған шағын және орта кәсіпорындар қатарын көбейту мәселесі күн тәтібіне қойылған. Елбасы Н.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында «Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу-өмірлік маңызды нәрсе. Бұл таяу оңжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты» деп атап көрсеткен болатын. Сел экономикасын даму баспалдағының жаңа биіктеріне көтеру үшін өнеркәсіп саласын жаңғыртып, тың табыстарға қол жеткізудің маңызы зор.