Хронометраждық зерттеуді жүргізу мерзімі 7 күннен кем емес және СК 535 бабында белгіленген мерзімнен аспауы керек. Хрономераждық зерттеуді жүргізу мерзімі салық қызметі органының бірінші басшысымен немесе оның орынбасарымен белгіленеді. Белгіленген мерзімге демалыс күндері мен мейрам күндері де тіркелуі мүмкін. Егер тексерілетін салық төлеуші белгіленген мерзімдерде қызметін жүзеге асыратын болса, сонымен қатар тексеру жұмыс тәртібінен тыс жүргізілуі мүмкін (вне зависимости от времени суток). Хронометраждық зерттеу 1жылына 4 реттен кем емес жүргізілуі тиіс. Хронометраждық зерттеу бойынша сұрақтар өз бетімен (самостоятельно) салық қызметі органдарымен анықталады. Сонымен қатар міндетті түрде тексерілуі тиіс:
- салық салу объектісі мен (немесе) салық салуға байланысты объектілер;
- салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектілерге қатысты қолма-қол ақша, ақша құжаттары, бухгалтерлік кітап, смета, бағалы қағаздар, декларациялар, есеп-қисап және басқа да құжаттар;
- табыс алу үшін қолданылатын кез келген салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер. Керек жағдайда салық қызметі органы салық төлеушінің тауарлы-материалдық құндылықтарын тексеруге құқығы бар;
- фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының фискалдық есебі (отчет).
Тексеруші салық төлеушіден зерттеуге керек келесі бухгалтерлік құжаттарды талап етеді:
- бас кітап немесе айналым баллансы;
- банкілік және кассалық құжаттар;
- жалдамшы жұмыскерлердің еңбек келісімдерін;
- еңбек ақы бюойынша төлем-есеп ведомості
- жеке кәсікердің табыс есебі кітабын;
- кассир-операционисттің кітапшасын, ақша қаражаты есебінің кітапшасын, жұқа чектер есебінің кітапшасын.
Хронометраждық зерттеуді жүргізу барысында салық қызметі органының лауазымды тұлғалары зерттеуден алынған мәліметтерді хронометраждық-бақылау картасына күнделікті толық және нақты түсуін бақылау керек. Әр салық салу объектісіне және салық салуға байланысты объектіге сонымен қатар әр табыс көзіне бөлек хрономераждық – бақылау картасы құрылады. Ол келесі мәліметтерден тұрады:
- салық төлеушінің атауы, тіркеу нөмірі және қызмет түрі;
- зерттеу жүргізілген күні;
- салық салу объектінің орналасқан жері;
- хронометраждық зерттеудің басталғанжәне аяқталған уақыты;
- салық салу объектісі және өндірілген тауар (көрсетілген қызмет) құны;
- зерттелген салықсалу мәліметтері;
- зерттеудің қорытындысы;
- күн басына және күн аяғына кассалық-бақылау машиналарының көрсеткіштері;
- басқа да мәліметтер.
Күн сайын тексеру аяқталған күн бойынша салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектілер, сонымен қатар табыс алу көздері бойынша еркін кесте құралтырылады.
Хронометжардық – бақылау картасы мен еркін кестеге салық қызметі органның лауазымды тұлғасы мен салық төлеуші қол қояды.
Хронометраждық зерттеудің аяғында күнделікті өгей кестенің негізінде әр салық салу объектісі тексерілген кезең бойынша алынған табыстар мен нақты кеткен шығыстардың нәтижесіне шығады. Анықталған орташа мәліметтер негізінде салықтексерісіне дейінге іс жүзіндегі табыстармен табыс алуға байланысты есептелген шығыстар және төленуге тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің салық төлеушімен байланысты олардың толықтылығы анықталады.
Хронометраждық зерттеу аяқталған соң акт құрастырылады.
Онда мыналар көрсетіледі:
- нұсқманың нөмірі мен күні, хронометраждық зерттеуді жүргізілген орны, акт жасалған күні;
- хронометраждық зерттеуді жүзеге асырған салық қызметі органының лауазымды тұлғаларының толық аты-жөні, қызметі;
- салық төлеушінің толық атауы немесе аты-жөні;
- салық төлеушінің орналасқан жері, банктік деректемелері, сондай-ақ оның тіркеу нөмірі;
- салық төлеушінің салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ететін жауапты басшысы мен адамдарының тегі, аты, әкесінің аты;
- алдыңғы жүргізілген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
- тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін слық төлеуші табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;
- хронометраждық зерттеудің нәтижесі.
Хронометраждық зерттеу бойынша акт негізінде салық қызметі органдары артық төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомсын бюджеттен салық төлеуші арнаулы салық режимінде қызметін патент бойынша жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілеріне қайтарылады. Салық төлеушіден кешенді және тақырыптық құжаттық салық тексерулері және басқа да шаралар заңға қайшы келмейтіндей хронометраждық зерттеудің қорытындылары пайдаланылады.
Салық төлеушінің хронометраждық зерттеу нәтижесі кешенді және тақырыптық құжаттық салық тексеруін жүргізудің нәтижесінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары тіркелген кезде саналады.
Хронометраждық зерттеу актісі 2 дана етіп жасалады және оған салық тексеруін жүргізген салық қызметі органдарының лаузымды тұлғалары қол қояды. Сонымен қатар ол салық тексеруі актілері мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы журналда тіркеледі. Актінің бір данасы салық төлеушіге тапсырылады. Салық төлеуші актіні алған туралы белгі қоюға міндетті. Салық қызметі органдары хронометраждық зерттеуді аяқтаған соң салық төлеушінің тексерілетін есептілік кезеңін талдау жасап, басқа да салық есептілік нысандармен салыстырып, жеке есеп шоты мен т.б. құжаттардан деректемелер алып салық және басқа да міндетті төлемдерден кемшіліктер байқалатын жағдайларда керек шаралар қолданады.