Салық органдарына маңызды мәселесі болып табылатын ол – рейдтік тексерістің нәтижесі. Рейдтік тексерісінің нәтижесінде салық тексерісінің актісі толтырылады. Егер салық тексерісінде нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталса, онда салық қызметі органдары салық төлеушіге хабарлама жібереді, сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданады.
Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану сұрақтары бойынша рейдтік тексерісті қолдану тәртібі.
Фискалық жады бар бақылау-касса машиналарын тексеріске кіріспес бұрын БКМ-ң түсінігіне тоқталайық.
ҚР аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша, банктік төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде ақшалай есеп айырысу міндетті түрде фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану және бақылау чегін беру арқылы жүргізілінеді.
Бірақ:
- жеке кәсіпкер біржолғы талон негізінде немесе патент негізінде жүзеге асырылатын;
- егер салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бері 6 ай өтпеген болса;
- егер салық төлеуші квитанцияларды, билеттерді, талондарды, почта төлемі берілген немесе құзыретті мемлекеттік орган енгізген қорытынды негізінде уәкілетті мемлекеттік оргн бекіткен нысандар бойынша чектерге теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарын бере отырып, халыққа қызмет көрсетуіне қатысты ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.
- Адвокаттардың ақшалай есеп айырсуларына қолданылмайды.
Фискалдық жады бар БКМ қолану кезінде талаптар:
- Фискалдық жады бар БКМ тіреу карточкасын беру;
- Техникалық қызмет көрсетуге ФЖ бар БКМ қою жүзеге асырылады;
- ФЖ бар БКМ – ң чегін беруге жүзеге асырылады;
- ФЖ бар БКМ-на салық органдарының енуі қамтамасыз етіледі.
Алғашқы кезеңде мобильдік топ қызметкерлер сыртынан бақылайды. Мұнда салық төлеушінің фискалдық жады бар бақылау-касса машиналары жоқ не қолданбайтын субъектілерді анықтайды. Осы этапа бақылау-касса машиналарын тексермейді, ал тек қана визуалды бақылауда бұзушылықтардың мінездемелерін және сол бойынша ақпарат жиналады.
Жиналған ақпаратты талдау мақсатында белгіленген салық төлеушілердің тобы анықталады. Содан кейін, бақылау-касса машиналарын дұрыс қодану сұрағы бойынша рейдтік тексеріс өтеді.
Қазіргі уақытта салық қызметкерлері (контрольных закупов) сатып алу бақылауын жасамайды, олар тек басқа адамдар сатып алу жолын қадағалап отырады. Салық комитеті қызметкерлерінің көз алдында салық төлеуші жай сатып алушыға ақырғы есеп бергеннен кейін ғана, олар өздерінің қызмет куәлігін көрсетеді.
Содан кейін салық төлеушіден келесі құжаттарды сұралынады:
- Шағын бизнес субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігін;
- Фискалдық жады бар бақылау – касса машиналарының қолдануға есептік карточкасын;
- Ақша қаражатының қозғалу есебінің кітабын;
- Жұмыскерлермен жасалған келісім-шартын.
Осыдан кейін, кассадан ақша алынады, яғни тексеріс уақытында түскен ақша жазылынып алынады. Бірақ, бұл қаражатты салық төлеуші өзі санап, ал салық комитетінің қызметкерлері дұрыс саналуын қарап отырады.
Келесі жол болып БКМ бойынша Z-есебінің чегі печатетіледі. Ол чекте тексеріске дейін түскен ақша сомасы көрсетіледі.
Келесі этап болып тексеріс кезінде, Z-есебін кассадан ақшаны алған кездегі сомасымен салыстыру табылады. Осы кезде есеп пен касса сомасы тең болу керек.
Барлық анықталған келіспеушіліктер мен бұзушылықтар рейдтік тексеріс актісінде көрсетілу керек. БКМ қолданған жауапты тұлғада салық тексерісі кезінде заңдылық бұзушылықтар болса, әр бұзушылықтарға жазбаша түрде түсініктеме алынады.
Егер бұзушылықтар анықталатын болса, онда салық төлеушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастыру жері, мерзімі және мезгілі туралы хабарлану керек.