Есептің қойылымы және тапсырманы талдау

«Санды табу» ойынын Turbo C тілінде жазу. Мұнда бір ойыншы (компьютер деп алар болсақ) 1- ден 1000- ға дейін сан ойлайды, келесі ойыншы сол санды он сұрақ қоя отырып санды табу керек. Табушыға арнап программа жазу керек.

Есептің математикалық моделі:

Бізге түсініктірек болу үшін 1- 1000 аралығындағы сандарды он бөліктерге бөліп көрсетейік. Он бөлікке бөлгенде 2 санды бөліктердің шекаралық мәндері болатындай етіп таңдап аламыз.

Мысалы, біз сол мың санның ішінен мысал ретінде бір ғана санды алып қарасақ, мынадай болады:

Санды табу үшін ең алдымен осы аралықтағы мәндерді айтамыз. Осы сандардан үлкен, кішілігіне байланысты аралықты тағы осы сияқты бөліктерге бөліп, тағы да шекаралық мәндерді келесі кезекте айтамыз. Әр кезекте сандар тізбегі қысқара береді. 3 рет болжам айтқаннан кейін жасырылған санды табу оңайға түседі.

Суретте көрсетілгендей ең бірінші кезекте 187 саны айтылады. Егер де бұл сандарға тең емес болса, үлкен кішісіне байланысты екінші кезекте 99 не 658 сандары айтылады. Сөйтіп, ары қарай сан аралығы тарыла берсе, жасырылған санды табуға болады.

Айталық, бірінші кезекте 187 санын айтқанда ол санға тең емес және ол саннан кіші болады дейік. Онда екінші кезекте 99 санын айтамыз. Егер бұл санға тең болмай, ол саннан үлкен болса, онда жасырылған сан 99 болады. Ал кіші болса, жасырылған сан 12 болмақ. Осылайша басқа дағдайларды да талдап шығуға да болады.