Қаржы жүйесі туралы жалпы түсінік

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады.

Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

Қаржы  жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:

  1. қаржы қатынастарының жиынтығы;
  2. ақша қорларының жиынтығы;
  3. басқарудың қаржы аппараты.

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

Қаржы қатынастары негізінен мына екі сфераны қамтиды:

1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен

байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;

2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.

Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады.  Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің ролі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.

Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады. Бұл ресурстар бюджет,  мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтк сақтандыру және қамсыздандыру. Амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын кіріктіреді. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған, бір қорлар үнемі жұмсалады, басқалары уақытша сақталады, үшіншісі қорланады.

Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы жүйе ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, бақылаудың және басқа қосалқы жүйелері.

Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үй шаруашылығының) қаржысына бөлуге болады.

Буындардың сипаттамасының  қатары ретінде жоғары элементтері болады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат. Жүйелердің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.

Қаржы жүйесін  құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы элемент жүйенің басқа элементтері арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады.