Қазақстан Республикасының резиденттер еместері, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қарыз беруші болып табылатын сыртқы мемлекеттік борыштар;
Қазақстан Республикасының резиденттері қарыз беруші болып табылатын ішкі мемлекеттік борыштан тұрады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік борышты басқару мен қамтуды қамтамасыз етеді және ұйымдастырады.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ДЕГЕНІМІЗ — өткен жылдардағы бюджет талшығының жиынтығы. Жыл өткен сайын оның өтеуге қажет қаржының көлемі ұлғая береді. Нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік сфераны, ғылымды, мәдениетті, денсаулық сақтауды, білім беруді, тіпті қорғаныс пен ұлтық қауіпсіздікті каржыландыруға емес, қарыздар мен несиелер үшін проценттер төлеуге кетеді. Шетелге қарыздың проценттері елден біржола кете барады. Бұл процесс жалғаса берсе мемлекет проценттер емес, бастапқы қарыздың өзін төлей алмайтын жағдайға душар болады.
Дәл осы кезде қарыз дағдарысы (кризисі) басталады да елдің экономикалық дамуын көп жылдарға шегіндіріп тастайды.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ — бюджеттік тапшылықтарды қаржаландыруың басты жолы мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие қаржы-экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор-несие беруші рөлін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты толықтыру жайында болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем беруші ретінде қызықтырады.
Мемлекеттік қарыз (кредит) жеке адамның несие беруінен айтарылықтай ерекше. Соңғы жағдайда ол өндірістік мақсаттарға бағытталады. Бұл кредит бойынша процесс өндіріс прцесіндегі құнның өсуімен байланысты төленеді. Бюджеттік дефицитті жоюға бағытталған мемлекеттік несие көп жағдайда өндірістік қызметпен байланысты емес. Сондықтан мемлекет өзінің борышын негізінен бюджетке келіп түскен төлемдерді есебінен төлейді. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен түрлі мемлекеттік заемдарды шығару есебінен жиналады. Олар банктің сақтандыру және өнеркәсіп компанияларының уақытша бос ақшаларын пайдаланады. Ақша айналымы мен жалпыэкономикалық кызмет істеу үшін оған қажетті ресурстарды мемлекет қандай көздерден алады? Егер казначейлік міндеттемелері жеке секторларға орналасса, онда ақша ресурстары уақытша жеке адам иелігіне мемлекетке қайта бөлінеді. Ол үшін үкімет өзінің қағаздарын жоғары процентпен, капитал иелерін қызықтыратындай етіп шығаруы тиіс. Мемлекеттік борышты процентпен төлеу бюджет шығыстарының басты бөлігін алады. АҚШ-тың федералдық шығыстарының ішінде 1980 жылы 8,9 процентпен 1989 жылы 14,5 процентке өсті. Мемлекеттік қарыздарды жеке секторда орналастыру өз кезегінде бюджеттік шығындарды одан әрі ұлғаюына жол береді. Бірақ үкімет өзінің казначейлік міндеттемелерін тек жеке секторда ғана орналастырып қоймай, орталық банктердің(ақша шығаратын) есебінде де ұстады.Үкіметтің казначейлік міндеттемелерін есептей отырып, банк айналысқа көптеген қосымша төлем қаржыларын шығарады, бірақ олардың нақты тауар көлемдерімен еш байланысы жоқ. Мұндай жағдайда мемлекеттік бюджет ақша айналысына тікелей инфляциялық ықпал жасайды. Ақша көлемінің өсуі қоғам байлығын шын мәнінде ұлғайта алмайды. Мұндағы «мемлекеттік борыштың монеттенуі» көптеген елдерге тән жағдайды білдіреді, шексіз мемлекеттік шығындарды қаржыландыру ақша айналысын тұрақсыздандырудың тікелей себебі болады.
Мемлекеттік несиенің дамуы мемлекеттің қарызын басқарудың құрылымын жасауды қажет етеді. Мұндай шаралардың негізгілеріне жаңа заемдардың көлемін шығарудың уақытын, казначейлік міндеттеме бойынша проценттің мөлшерін, оларды орналастыруды анықтау жатады. Мемлекеттік заемдар әр түрлі мерзімге шығарылады, осы белгісіне қарай қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Олардың айырмашылықтары шартты. Қысқа мерзімді заем, әдетте 1 жылдан 5 жылға, орта мерзімді 3-тен 5, ұзақ мерзімді 5 жылдан ұзақ уақытқа шығарылады.
Қарыз түрлері мерзімінің арақатынысының мемлекеттік борышты басқаруда айтарлықтай маңызы бар. Инфляция күшейген және ақша айналысының жалпы тұрақсыздығы жағдайында қысқа мерзімінді қарыздын үлесі артады.Ақшаның инфляциялық құнсыздануы кезінде инвесторлар ұзақ мерзімді
үкіметтің міндеттемесі бойынша ақша жұмысаудан қашады. Несие берушілер қысқа мерзімді казначейлік міндеттемелерді қалайды, өйткені олардың инфляциялық процестердің әсеріне тап болу қаупі аз. Мемлекеттік қарыздың жүйелі өсуі ұлттық табыстың проценттік төлем ретінде қайта бөлінуіне әкеледі. Мысалы, Францияда мемлекеттік борышты процентпен төлеу 1982 жылғы 40 млрд. франкке жетті. АҚІІІ-та федералық қарыз бойынша таза проценттік төлемдер 1980 жылы 52,2 млрд. доллардан 1989 жылы 165,7 млрд. долларға көбейді. Мемлекеттік қарыз басқа да бөлшектер сияқты жалпы ұлттық өнімге қарағанда әлдеқайда жылдам өседі. Мысалы, АҚШ-та 1983 пен 1990 жылдар арасында Ж¥Ө 1,6 есе артты. Ал сол аралықта халықтың, мемлкет пен финанстық емес корпорациялардын берешегі 2,2 есе өсіп 10 триллион долл, яғни жалпы ұлттық өнімінен 2 есе көп болды. 90 жылдардын басында халықтың борышы 3,7 трлн. долл. финанстық емес корпорациялардың 3,5 трлн. долл. ал федералдық қарыз 3 трлн. жақындады. Ірі бюджет талшығы және мемлекеттік міндеттемелер бойынша төлемдердің проценті өскен жағдайда казначейліктер берешекті төлеудің уақытын кейін ығыстырады. Осы мақсатпен мемлекет заемдарды конверсиялау тәжірибесін кеңінен қолданады. Мұндай шараларды мәні заемдары жабуды кейінге қалдыру, мүмкін болғанынша мемлекет міндеттемелерін қысқа мерзімнен орта және ұзақ мерзімге айналдыру. Казначейліктер инвестордың келісімімен өздерінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орта, ұзақ мерзімді қарыздарға ауыстырады. Осымен қатар ол өзінің қысқа мерзімді заемдер міндеттемелерін жоғары процент негізінде жаңа ұзақ мерзімді заемдар шығару арқылы сатып алады. Мұндай шаралар тез тиімділік беріп, үкіметтің финанс жағдайын жеңілдетеді. Бірақ олар бюджетті айтарлықтай тұрақтандыра алмайды, өйткені ол ставка процентінің одан әрі өсуіне әкеледі, ең соңында жалпы борыштың сомасын көбейтеді.
Мемлекеттік қарызды басқарудың күрделі механизмін пайдалана отырып, казначейліктер бюджеттік талшықты жою үшін үлкен көлемде қаржы ресурстарын қолданады. Бюджеттік және қаржы-ақша саясаты макроэкономикалық реттеудің кең көлемдегі мәселелерін шешуге бағытталған. Олардың қатарына антициклдық саясатты жүргізу, жұмыспен қамту, төлеу қабілеті бар сұраныс дәрежесін және жалпы іскерлік белсенділікті реттеу жатады.
Бюджеттік шығыстарды ұлғайту мен салықтарды азайту шаралары сұраныстың және экономикалық белсенділіктің жалпы төмендеу кезінде экономикалық дағдарысқа ұшырау қаупі төнгенде жүргізіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру жиынтық сұраныстың жалпы көлемін ұлғайтады. Салықтың төмендеуі күрделі қаржының, әсіресе орта ұсақ компаниялардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Салықтың төмендеуі жағдайында мемлекеттік шығындардың артуы мемлекеттік бюджеттердің тапшылығын ұлғайтып, инфляциялық процестердің күшеюіне әкеледі. Шығыстардың кірістен осындай артық болуы активті бюджеттік дефицит деп аталады. Сонымен қатар экономикалық белсенділіктің төмендеуі себепті мемлекеттік табыстардың қысқаруы пассивті дефицит деп аталады.
Тапшылықты қаржыландыру концепциясы неокейнсияндық бағыттағы экономистердің теориялық құрылмында берік орын алды. Оның негізгі ерекшеліктерін соғыстан кейінгі жылдары батыс экономистері экономиканы мемлекетік реттеу үлгілерін жасауға кеңінен енгізді, ал үкімет басшылары оны тәжірбиеде қолданады. Алайда тәжірибе барысында «дефицитті қаржыландыру» идеясы күткен нәтижесін бермеді. Бұл концепцияның ең әлсіз жері оны қолдану 60-70 жылдарда анық көрінген экономиканың инфляциялық тұрақсыздануын күшейтті. Белсенді бюджеттік дефицит қарыздың монеттенуіне ақша массасының бақылаусыз көп ұлғаюына және ұлттық валютаның құнсыздануына әкеледі. Сөйтіп, ұзақ мерзімді жоспарда активті бюджеттік дефициттер бегілі жағдайда халықтың сатып алу қабілеті мен мемлекеттік шығыстардың экономикаға ықпалының себебі болмақ. Мұндай мемлекеттік реттеудің ең басты бір проблемасы экономиканы «суыту» «инфляциялық қызып кету» дегенмен күресу.
Дефляциялық (инфляцияға қарсы) шаралардаң күрделілігі мынада: оны жүзеге асыру мемлекеттік шығындарды азайтуды, несиенің қымбаттауына жол бермеуі ақша көлемін тығыздауды, қысуды қажет етеді. Мүның бәрі өз кезегінде жиынтық сұранысты тежейді, күрделі қаржыны азайтады, іскерлік белсенділікті төмендетіп, жұмыссыздықты көбейтеді.
Сонымен мемлекеттің қарыз проблемасы ақша айналысының күрделі кешенімен, бюджет саясатымен, мемлекеттің экономикалық белсенділік ыкпалымен және әлеуметтік процестермен тікелей байланысты. Сыртқы қарыз. Шаруашылық өмірді жаппай интернаңионалдандыру процесі халықарылық кредиттің (несиенің) жедел дамуымен жүреді. Қажетті финанс қаржыларын шоғырландыру үшін мемлекет ұлттық шекарадан тыс жерлердегі ақша көздерін де кеңінен пайдаланады. Мұның нәтижесінде сыртқы борыш пайда болды, ол жоғарыда айтылған ішкі қарыздан айтарлықтай өзгеше. Халықаралық несие қызметінің басты қатысушылары жеке компаниялар, трансұлттық корпорациялар мен банктер әр түрлі қорлар және т.б. Бірақ соңғы кездерде халықаралық капитал рыноктарында операцияларға үкімет органдары қатысып заемщик, кредитор рөлін атқарады. Мемлекет финанс қаржыларын қарыз капиталының ұлттық рыноктарынан (жеке кредиторлардан немесе ресми органдардан) сонымен қатар «еврорыноктан», яғни қарыз капиталын ұлттық рыноктан тыс та алады. ¥лттық рыноктарда сыртқы заем жеке банктің өкілеттігі немесе мемлекетаралық келісімдер арқылы орнастырылады. Мемлекетаралық заемдар әр түрлі валюта арқылы орналасады, бірақ, әдетте шығарылған тұста бекітілген валюта паритетін сақтайды. Экономикалық өмірдің интернационализациялануының қазіргі кезең халықаралық несиенің тез өсуімен, осының негізінде сыртқы қарыздың ұлғаюымен сипатталады. Соңғы онжылдықта дамушы елдердің қарызы жоғары қарқынмен өсті, 1990 жыл ол 126,5 млрд. долларға жетті. Алайда сыртқы берешектіктің өсуі өнеркәсібі дамыған елдерге де тән. Мысалы қазір ірі нетто — қарыз ел АҚШ. Өткен онжылдықта жоғары процент ставкасы нәтижесінде АҚШ американ банкілеріне ірі шет ел капиталының ағылуын қамтамасыз етті. Бұл капиталдың едәуір бөлігі федералдық үкіметтің бағалы қағазына айналып, бюджеттің дефицитін қаржыландыруға жұмсалады. Алайда АҚШ-тың жалпы сыртқы экономикалық позициясы өзгерді. Егер 80-жылдарда АҚШ нетто кредитор болса, 1988 жылы оның таза борышы 540 млрд. долл. (Ж¥Ө-ның 11%) болды. Үстіміздегі онжылдықта бұл көрсеткіш 1 трлн. долл. жетпек. Халықаралық несиенің тез өсуі, шаруашылық өмірдің интернационалдануы елдер арасында капитал миграциясының аймақтар мен елдердің экономикалық өзара тәуелдігінің тереңдеуінің нәтижесі. Халықаралық несиенің тез өсуі, шаруашылық өмірдің интернационалдануы елдер арасында капитал миграциясының аймақтар мен елдердің экономикалық өзара тәуелдігінің тереңдеуінің нәтижесі. Халықаралық несие финанс ресурстары жеке сектордың қажетін өтеуге де мемлекеттік бюджеттің дефицитін жоюға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар сыртқы борыштың өсуі айтарлықтай проблема туғызды. Оның ең бастысы несие беруші елдер мен дебитор елдердің экономикасының сыртқы факторларға тәуелдігі.
Кредит-қарыз капиталынын қоғалысы, несие беру мүмкіндігі ақысын төлеу, қайтарып беру және мерзімдік принциптеріне құрылған. Экономикалық категория ретінде кредит құл иеленушілік қоғамда өсімқорлардың ақшаны қарызға беруінен басталып, өзінің айтарлықтай даму дәрежесіне буржуазиялық қоғамда қарыз капиталын пайдалану арқылы жетті. Кредит нарықтық экономика тұсында маңызды қызметтер атқарады.
Біріншіден, тарихи түрғыдан несие қоғамдық өндірістің шеңберін айтарлықтай кеңейтті.
Екіншіден, кредит қайта бөлу қызметін атқарады. Осының арқасында жеке жинақтар, кәсіпорындар пайдасы, мемлекет табысы қарыз капиталына айналып, халық шаруашылығының кіріс келтіретін салаларына жұмсалады. Мысалы, АҚШ-та жинақтың ірі көзі (басқа елдердегі сияқты) жеке адамдар (отбасы, халық).1989 жылы АҚШ экономикасының бұл секторында таза жинақтар (жалпы жинақтан берешекті шығарып тастағанда) 198млрд. доллар болды. Бұл қаржының үлкен бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалды.
Үшіншіден, кредит айналым шығындары үнемдеуге көмектеседі. Оның дамуы барысында банктік есепшот пен салымдар қолма қол ақшасыз айналымға түседі, сөйтіп ақша ағымы жеделдейді.
Төртіншіден, несие капиталдың орталықтануы мен шоғырлануы тездету қызметін атқарады. Кредитті бәсекелік күресте жиі пайданалады, ол фирмалардың бірігуі мен бірін-бірі жойып жіберуіне ықпал етеді.
Несиені жеңіл шарттар бойынша алған кәсіпкерлер капиталдың тез өсуіне қамтамасыз етеді, басқалары несиені ауыр шарттар бойынша алып, бәсекелік күресте ұтылып қалады. Тарихи даму барысында несиелер сан түрлі пішінде көрінеді, олардың негізгілері коммерциялық банктік несиелер.
Коммерциялық несие кәсіпорындардың, бірлестіктердің, өзге де шаруашылық субъектілерінің бір-біріне беретін кредиттері. Мұндай несие төлемін кейінге қалдыратын тауарлар түрінде де болады. Көп жағдайларда олар вексель — бағалы қағаз, оны алғандар белгілі уақыттың ішінде вексель иесінің көрсетілген ақша сомасын төлейтіні туралы міндеттеме қабылдайды. Коммерциялық кредиттің жан-жақты дамуына кедергі жасайтын нәрсе оның кредитор кәсіпорындарының резервтік қор мөлшерімен шектеулі тауар түрінде берілгендіктен, мысалы оны жалақыға пайдалануға болмайды және ол тек өндіріс қүрал-жабдықтарды өндіретін және оны тұтынатын кәсіпорындарға ғана беріледі. Коммерциялық кредиттің мұндай шектеулерін банктік несиені дамыту арқылы жоюға болады.
Банктік несие-қаржы мекемелерінің барлық шаруашылық субъектілеріне жеке кәсіпкерлерге, кәсіпорындарға, үйымдарға және т.б, қарыз ақша ретінде беретін несиесі. Банктік кредиттер қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орташа мерзімді (5 жылдан жоғары) болады. Бұл несиелер тек тауарлар айналысы ғана емес, сонымен қатар капитал қорлануына да қызмет етеді.
Коммерциялық несие бағаты, мерзімі мен келісім сомасы жөніндегі шектеулігін жоя отырып, банктік несие — кредит қатынастарының негізгі және басым түріне айналады. Кредиттің басқа көп тараған түрлеріне: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-біріне кәсыпорындар мен ұйымдар шағырған акцияларды, облигацияларды т.б. бағалы қағаздарды сатуы жатады. Бұл операциялар кәсіпорындарды қаржыландыру мен несие берудің орталықсыздандырылған түрлері деп аталады.
Тұтыну кредиті жеке адамдарға ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін 3 жылға беріледі. Ол бөлшек сауда дүкендерінде төлемін кейінге қалдырып тауар сату арқылы жүзеге асырылады немесе тұтыну мақсатында банктік қарыз беріледі. Тұтыну несиесін пайдаланғаны үшін, әдетте жоғары процент(30%-ке дейін) төлейді және кредитті қайтару отбасы бюджетіне үлкен салмақ салады. Ипотекалық кредит қозғалмайтын (жер, қүрылыс, үй) мүліктер орнына берілетін ұзақ мерзімді қарыз. Мұндай қарызды берудің құралы банктер мен кәсіпорындар шығаратын ипотекалық облигациялар. Ипотекалық несие көбіне ауыл шаруашылығының негізгі қорларын жаңартуға пайдаланып, бұл салада капитал шоғырлануына көмектеседі.
Мемлекеттік несие-кредит қатынастарының жүйесі. Мұнда мемлекет заем беруші, ал халық пен жеке бизнес қаржылардың кредиторлары. Мемлекеттік несиенің көзі тек орталық үкімет қана емес, жергілікті өкімет органдары да шығаратын мемлекеттік заем облигациялары болып табылады. Мемлекет несиенің бұл түрін алдымен бюджеттің талшығын (дефицитін) жоюға қолданады. Мемлекеттік облиғация шығару (эмиссия) және оны тарату нәтижесінде АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2трлн. доллардан асып отыр. Халықаралық кредит-карыз капиталының халықаралық қатынастар саласындағы қозғалысы. Халықаралық несие тауар немесе ақша түріне беріледі. Несие берушілер мен заем берушілер банктер, жеке фирмалар, мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар.
Мемлекеттік қарыздың көбеюі мынадай себептерден банкротқа ұшыратпайды: қарызды өтемей-ақ оны қаржыландырып отыруға болады, қарызды және пайызды өтейтін қаржыны қосымша салық салу немесе айналымдағы ақшаны көбейту арқылы табуға болады.
Алайда мемлекеттік қарыздың өсуі кері тенденциялар туғызуы мүмкін:
1.табыста теңсіздіктің күшеюі;
2.өндіріс дамуын экономикалық ынталандырудың бүлінуі;
3.ел ішінде инвестицияның қысқаруы;
4.жеке инвестицияларды ығыстырып шығару, т.б.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 2001 жылы салықтан басқа өзі 64,3 млрд теңге құраған. Кәсіпкерлік қызмет төлемдерінен түскен табыс үлесі 57,8 %, әкімшілік алымдар мен төлемдерден, коммерциялық емес және ілеспе тауарлардан түскен табыс үлесі 14,5 % құрады.
Салық түсімдері 583,3 млрд теңге құрады, олардың ішінде заңды тұлғалардан түсетін табыс салығы жетекші орын алады, олардың үлесі — 26,8 %. Қосылған құн салығы үлесі — 25,1 %, әлеуметтік салық үлесі — 19,2%, жеке түлғалардантабыс салығы — 10,5%.
Мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігінде өндіріс саласына жұмсалатын шығын үлесі 14,2 % құрады, әлеуметтік қызметтер бабына 53,7 %-дан келеді, негізгі қарызға қызмет ету — 5,4 %.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы бойынша 2002 жылы табыстан жиналатын республикалық бюджет 465,5 млрд теңге сомасында белгіленді. Шығының жалпы көлемі 572,9 млрд теңге көлемінде және несие бойынша — 33 млрд теңге қарастырылып отыр. Бюджет талшығы 80 млрд теңге мөлшерінде болжанады, бұл ЖІӨ көлемінін 2,3 %-ын құрайды.