Бюджет қалыптастыру негізі: Бюджет Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының тиісті жылға арнап Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған индикативті жоспарының параметрлерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы негізінде қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түрлі деңгейдегі бюджеттердің экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген жиынтығы сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау процесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының жинақтап алғанда мемлекеттің біріктірілген қаржы балансын құрайтын республикалық бюджет, жергілікті бюджеттер және бюджеттен тыс қорлап дербес жұмыс істейді. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен жергілікті бюджеттер тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі. Қаржы жылына арналған бюджеттен тыс қорлармен арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттері осы қорлар туралы заңдарға сәйкес бекітіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру, бекіту және олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Соңғы жылдары біздің қолымыз жеткен табыстар аз емес. Қазақстанның нарықтық жаңғырулардағы жетістіктері, экономикалық өрлеуі мен халықтың тұрмыс деңгейін көтеруі жалпыға мәлім, әрі әлемдік қоғамдастыққа да талпынып отыр.
Ұлттық қауіпсіздік пен ішкі саяси тұрақтылықтың нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру, өмірлік ынтамақтастықты дамыту жөнінде ұдайы дәйекті шаралар қолданып жатыр.
Ең бастысы, бізде қоғам мемлекетті, экономика мен әлеуметтік саланы тұрлаулы дамытудың келесі жолдарын іздестіру тынымсыз әрі нәтижелі жүргізіліп келеді.
2004 жылғы экономикалық және әлеуметтік саясаттың, қоғамды одан әрі демократияландыру мен мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мәдениет, білім беру мен руханият салаларының дамытудың негізгі бағыттары баяндалып отыр.