«Өзін-өзі тану» курсы бойынша өзіндік жұмыс, ортамен белсенді әрекеттестік жағдайында өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тәжірибеде қолдану барысында ізденуші, шығармашылық іс-әрекеттің даралық және топтық формасын білдіреді. Студенттердің өзіндік іс-әрекеттерін шығармашылық жоба, эссе жазу, баяндамаларға дайындық, рефераттардың орындалуы ұсынылған әдебиеттің (негізгі және қосымша), хрестоматиядағы материалдарды топтық талқылауға дайындық, коллаж және т.с.с фотоальбомдарды құрастыру сияқты тапсырмалардың дәптерде орындалуы қарастырылады.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдасыру және жүргізу барысында келесі талаптарға жетекшілік жасау қажет:
- Барлық сабақтарды өткізу барысында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде, курсты оқып үйренудің соңында студенттер өзін-өзі тану процесін өзіндік дамудың үйлесімді алып барушысы ретінде толық түсінікке ие болу керек.
- Студенттерді тікелей танымның қатысушысы етіп белсенді бағытқа бағыттау. Тапсырма тек арнайы фактілерді меңгеруге ғана емес, сондай-ақ өмірлік жағдайлардағы мәселелердің шығармашылық тұрғыда шешімін табуға бағытталған болуы қажет.
- Өзіндік жұмыста тапсырма жүйелі, логикалық құрылым сипатында болуы тиіс.
- Тапсырмаларды таңдау барысында студенттердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеру.
- Студентердің өзіндік жұмыстарын орындау барысында оқытушы оларға түсіндіру арқылы педагогикалық қолдау көрсету қажет.
Өзін-өзі тану — өзін, өзінің потенциалдық қасиеттерін, тұлғалық, интеллектуалдық ерекшеліктерін, мінез сипаттамаларын, басқа адамдарға деген өзінің қатынасарын тану процесі.
Тұлға өзін-өзі тануда тану – ену объектісі ретінде өзіне өзінің қатынасын көрсете отырып, танымдық субъект ретінде қатысады немесе танылады. Тану — ену «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Мен және басқалар», «Мен және әлем» т.б. диалогтарында өзараәрекеттесу арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі тану іс-әрекетте жүзеге асатын білім және әрекеттің бірлігін саналы ұғынуда, өмірлік жағдайларды түсінуде, нақты дербес тапсырмаларды шешуде болуы мүмкін. Осындай талқылаулар негізінде Б.Ц.Бадмаев «Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік қамтамасыз етілуі барысындағы ерекшеліктерді бөліп көрсетті:
- адамның өзін және өзгелерді танудағы сарқылмайтын танушы мен таным нысанының арасындағы диалогтың жүзеге асырылуы шексіздікке дейін, әсіресе ішкі жоспарда сарқылмайды;
- адамды символдар әлеміне «көшіретін», қайсібір жағдаяттарды олардың іс-әрекеттегі шешімін бейнелер, бояу арқылы елестетуге мүмкіндік беретін әдеби туындылар арқылы өзін және өзгелерді тануы;
- тұлға өзін-өзі тануға қызығушылық білдіріп, өз ойларын, мінез-құлқын, жай-күйін түсіндіруге үйренетін өзіндік іс-әрекетте өзін және өзгелерді тануы.
Өзін-өзі танудың бұл міндеттерін шешу үшін, қажетті жағдайлар:
а) танушы субъект пен (студент немес қатысушы) шынайы тұлға немесе қиялдағы, танылушы нысана арасында диалог тудыратын тапсырма беру қажет, мәселелік жағдаят құру.
б) жағдаяттарды, тапсырмаларды шешу арқылы, өзінің мінез-құлқын, қылықтарын, сондай-ақ өзгелердің мінез-құлқындербес талдауға мүмкіндік беру, танымдық іс-әрекетті ояту.
в) Өзін-өзі тану курсының тақырыптары бойынша өзін танушының және басқаларын да дербес шығармашылық әрекетке итермелеуші, мәселелік сұрақтар мен тапсырмалардың ойластырылған жүйесі қажет. Өзіндік жұмыс мынадай болуы мүмкін: мәселе-мәселелік тапсырмалар, мәселелік сұрақ, хрестоматиядағы әдебиет-сұрақтарға жауаптарды дербес іздеуге итермелеуші: «Неге?», «Сіз қалай ойлайсыз?», «Мұндай мінез – құлықты қалай түсіндіруге болады?», «Осы берілген мінез-құлықтарға деген сіздің көзқарасыңыз?» т.б.