Қазақстандағы орта білім беру мектептері соңғы 10-жылда өз кейіпін жаңартуда. Қазіргі Қазақстандық орта білім беру мектептерінің негізгі ерекшелігі болып тұлғаның дамуы үшін жағдай жарату; оқытуды гуманизациялау және демократиялау; тығыз және әр түрлі қолданылатын құралдар, әр түрлі әдістермен ұйымдастыру түрлері, білім беру жүйесінің ашықтығы және ары қарай дамуы және өзін-өзі жетілдіру. Орта білім беру мектептеріндегі осы өзгерістердің бәрі бұрынғы мазмұны мен құрылым жағдайында өткізілген. Республикалық жалпы білім беру мектептерінің 12-жылдық білім беру жүйесіне көшуі 2001 жылдың ақпан айындағы Ғылым және оқыту қызметтерінің екінші съезінде бірінші рет талқыланған. Кейінірек бұл сұрақты аймақ және республикалық тамыз айындағы қызметкерлер жиналысында (22-23 тамыз, 2001 жыл) талқыланды, педагогикалық ұжымды қызықтырды және олар қолдады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу балалар мен жас өспірімдердің денсаулығының нашарлауы, оқушыларды әлеуметтік қорғау, орта білім берудің мазмұнын жаңарту, оқытудың жаңа техналогиясын денсаулықты сақтауда қолдану керек. Оқу және Ғылым Министрінің бұйрығы бойынша ҚР-сы 1 маусым, 2002 жылдан бастап №524 жоспар бойынша, 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуде 54 мемлекеттік, 2-мемлекеттік емес жылпы білім беру мектептері анықталған. Негізгі тәжірибелік жұмыстан қазақша, орысша, ұйғырша және өзбек тілдеріндегі оқытулар жүргізіледі. Олардың ішінен 60% мектеп ауылдық аймақтарда, 40%-ы ғана қала. Тәжірибеде барлығы болып 56-бастауыш сынып мұғалімдері, 56 әдіскер және психолог және де мектепті басқарушылар. Бірінші жылы тәжірибені 1300 оқушы қамтиды. Тәжірибені жүргізу үшін ең негізгі сұрақтың бірі оны оқыту — әдістемесін қамтамассыз етуі. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін шығармашылар ұжымы 12-жылдық білім беру мектептеріне алғашқы оқулықтар мен оқыту — әдістемелерін қазақ, орыс, ұйғыр және өзбек тілдерінде сынақтан өткізбекші.
Сынақ оқулықтарын анализдеу және сараптамадан өткізу мақсатымен оқыту-әдістемелік мектеп бақылаудан өту үшін Орталықта оқыту-әдістемелік кеңесі құрылған.
12 жылдық орта білім берудің келесі үлгісі болжамданады:
Мектепке дейінгі білім міндетті түрде 5 жастан бастап бала бақшаларда немесе мектеп қабырғасындағы сыныптарда жүзеге асады.
Бастауыш мектептегі білімнің жалғасуы 4 жыл (6 жастан бастап), негізгі мектепті – 6 жыл. Негізгі мектепті бітіргеннен кейін олар өздеріне бағыт таңдайды: профильді орта мектеп (11-12 сыныптар), лицейлер мен колледждер. Білімнің жаңа құрылымы (4+6+2) оқыту пәндерін тереңдетіп және жоғары сатыда оқытуды ұсынады. Ол құрастыру жолымен өзіне тән бағдарламамен мемлекеттік стандарттық білім негізінде жүзеге асырылады, бірақ қайсы бір орта кәсіптік білімді ауыстра алмайды. Орта мектеп реттілігін мектепке дейін, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарына даярлылығына әуестендіреді де және соңында үздіксіз білім беру қағидасы құрылуы керек. Жоғарғы мектептерде білім беру профильдік дифференциялау негізінде құрылады және жеке деңгейлік білім беру бағдарламасы арқылы. Орта мектептегі профильдік білім беруді қамтамассыз ету үшін бір немесе бірнеше бағытта оқытуына болады: гумманитарлық, нақты-математикалық, экономикалық, көркем-өнерлік, ауыл шаруашылық және техникалық. Профильдік мектеп, негізінде балаларды жоғары оқу орындарына даярлайды. Бұл жерде жалпы білім беру сыныптары, ауылдық жерлерде мектептердің аздығынан – жалпы білім беру мектептері және аз кешенді болады. Жалпы орта білім берудің 12 жылдық мазмұны қоғамдағы даму мәселелерінің алдын алуы керек, ғылым мәдениет, өндіріс, техника және басқа іс-жүзіндегі әрекеттер. Жалпы орта білім берудің мазмұны мен талаптарын жетілдіру жеке жүзеге асыру үшін келесі қағидаларға сүйену керек:
- Білім беру мазмұнының тұлғалық нысанасы. Ол оқушылардың шығармашылық даму мүмкіндігін болжамдайды.
- Адамгершілік және ізгілік білім беру мазмұны. Бұл қағида білім берудің мазмұны мен бейнелеуін әр кезеңде қарастырады, оқушылардың физикалық жағдайын, ақыл-ойын, рухани ізгілігін, тәрбиелік, технологиялық және коммуникативтік білім беруді қамтамассыз етеді.
- Білім беру мазмұнын құрайтын іргілікті нығайту. Берілген қағиданы орындау алдында, алған білімнің әмбебаптығын қамтамассыз ету, негізгі теорияларды, заңдарды, қағидаларды, түсініктерді, ұғымдарды зерттеу және алған білімдерді жаңа жағадайларда қолдану.
- Оқушылардың денсаулық сақтау жүйесі. Оқушылардағы оқу матемриалының, оқу бағдарламасы мен жоспарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі.
- Орта білім беруді іс-жүзінде жүзеге асыру. Бұл әрекет оқушылардың әрекетінің нәтижелі немесе нәтижесіз жолымен жүзеге асады.
- Білім берудің мазмұнын іс-әрекет және құрамдас бөліктерін нығайту. Ол оқыту іс-әрекетінің негізгі түрлері мен әдістерін қарастырып, білім беру саласында зерттейді және оның жеке пәндерімен, олардың бөлімдері және тақырыптары бойынша.
- Профильдеу және дифференциялау білім беру мазмұны. Бұл қағида оқушылардың қай бағытта және қай деңгейде оқу бағдарламасының қағиадаларын орындауды талап етеді. Ең негізгі мәселе, бұл оқулықтардың осы заманға сай және сапалы болуы. Республикалық ғылыми тәжірибелік орталық 12 жылдық білім беру мәселесі еліміздің басты педагогикалық жоғарғы оқу орнымен, яғни – Абай атындағы ҚазҰПУ мен қызмет істейді, бұл жерде педагогикалық және методикалық ойлар тексеріледі, ғылыми- әдістемелік негіз және жоғары мамандар кадрлары 12-жылдық оқыту-әдістемелік зертханалар құрылған. Қазіргі кезде Республикалық ғылыми тәжірибелік орталық мәселе 12 жылдық оқыту курстарын жетекшілерге байқап көру жұмыстарын жүргізуде, бастауыш сыныптарға әдіскерлерді, тәжірибелі мектептерге жетекшілерді және психологтарды даярлау. Бұл оқытылып жатқан курстарда семинарлар, дөңгелек үстелдер, 12-жылдық жалпы орта білім берудегі өзекті және маңызды сұрақтар талқыланған.
ХХІ ғасыр мектебі радикалдық өзгерістерді талап етеді, әлемнің тез өзгеретін шарттарын оқушыларды үйрету, жанұя және жеке өмірінде өзінің шығармашылығын іске асыру, келешектегі мамандық, кәсіптік іс-әрекеті де. Мектептегі білім прогрессін маңызды тенденциялардың бірі деп есептеуге болады, рухани тірек болып қалатын. Әлемдегі білімнің дамуы, соның ішінен маңызды үміт тудыратын тенденцияларды аламыз:
- мектеп жүйесін демократизациялайтын бағыт;
- мектептегі білім беруді диверсификациялау және дифференцияциялау;
- мектеп тәрбиесінің ізгілік бағытты;
- оқушылардың өз бетімен, өз іс-әрекетімен, жоғары белсенділік пен жұмыс істеу үшін оқытудың әдістері мен формаларын қолдану;
- Сынып-сабақ жүйесін жаңарту;
- Жаңа технологиялық құралдарды оқыту;
- Тәжірибе-бақылау іс-әрекеті;
- Мектептегі және мектептен сырт тәрбие және білім беру интеграциясы.
Жалпы орта білім беру құрылымын әлемдік тәжірибемен талдау, көптеген дүниедегі елдердің 12 — жылдық, 13 – жылдық білім беру мақсаты бірінші кезекте жастардың әлеуметтік жағдайын қорғау.
12 – жылдық білім беру мектебіне көшу – бұл жалпы ұлттық білім беру жүйесі, дәстүрлі ескере отырып, отандық мектеп тәжірибесі бар болуы, халықаралық тәжірибе, дауыссыз, республикамыздың халықаралық спецификасы. Әлемдегі жалпы қабылданған оқыту жалғастыру 12 – жылдық орта білім беруді Қазақстанға да енгізілу жоспарланып отыр.