Әр тауар мен әр қызметтің, олардың нарықта орналасу формасына байланысты, өз бағасы болады. Осы баға ақшаға айналып табыстың белгілі бір тұрып құрайды.
Жоғарыда айтылғандай, бағаның негізін тауарлардың бағалылығы құрайды. Еңбек өнімдері өндіріс сферасынан нарықтық факторлар әрекет ететін айналыс сферасына келіп түседі. Олар бағаның жоғары немесе төмен ауытқуын тудырады. Ал баға өз тарапынан тауарлардың сұранысы мен ұсынысына әсер етеді. Яғни, сатып алушылар мен сатушылардың іс-әрекетіне ықпал жасайды.
Бағаларға, айырбас пропорциясы болғандығы ретінде, бағаны құру механизмі деп аталатын, оларды белгілеу әдістері өте зор әсер етеді. Экономикалық практикада бағаны белгілеу туралы екі негізгі ықпал қалыптасқан: нарықтық және шығындық (өндірістік). Бұлардың айырмашылығы, ең алдымен, бағаның қалыптасуына әсер ететін факторлармен анықталады.
Нарықтық әдістегі шешуші факторлар: нарықтың конъюнктурасы, тауарға сұраныс жөне ұсыныс. Шығындық әдісте баға белгілеу негізінде өндірістік шығындар, алдымен — тауарды жасауға жұмсалған еңбек шығындары жатқызылады.
Нарықтық баға құрылуында баға игіліктерді айырбастау процесінде байқалатын, олардың бағалылығын көрсететін форма болып табылады. Бірішіден, Бұл жағдайда, тауарлардың бағасы және олардың тұтыну объектісі болуымен байланысты өздеріне тән бағалылықтың арасында тікелей байланыс бары байқалады. Екіншіден, тауардың бағасы тек оның ақшаға, немесе, басқа тауарға айырбасталуында ғана көрінеді.
Сауда-саттық операциялардың масштабына сәйкес және сатылатын тауарлардың түрлеріне қарай, бағалар мынадай түрлерге бөлінеді:
- көтерме сауда бағасы арқылы көтерме саудада өнімдердің ірі партиялары сатылады;
- бөлшек сауда бғгасы арқылы тауарлар индивидуалдық сатып алушыларға шағын мөлшерде сатылады;
- тарифтер көрсетілген кызметтер үшін (телефонды пайдаланған үшін, электр қуаты, газ, су үшін, пәтерді жөндеуші, төленетін баға.
Еркіндіктің дәрежесіне сай, баға былай бөлінеді:
- қатаң белгіленген тұрақты бағалар — баға құру органдарының белгілейтін бағалары. Осындай бағаны қалайда болмасын бұзу заңға сәйкес қудаланады;
- реттелген бағалар. Бұлардың мөлшерін мемлекеттік органдар реттеп отырады. Бірақ осы ықпал белгілі бір тауарлар тобына бағаның жоғарғы шегін белгілеумен аяқталады. Бағаларды реттеу рентабельдіктің шекті дәрежесін белгілеу арқылы жүргізіледі;
- нарықтық бағалар — мемлекеттік органдардың тікелей реттеуіне жатпайтын бағалар.
Бұл бағалар нарық конъюнктурасының сұраныс пен ұсыныс заңдарының ықпалы нәтижесінде қалыптасады. Нарықтық бағалар сатып алушылар мен сатушылардың еркін саудаласу процесінде белгіленуге тиісті. Қатаң белгіленген мемлекеттік бағалардан нарықтық еркін бағаларға көшу, бағаны ырықтандыру деп аталады.