Бірінші Карл Маркстің еңбектік құн теориясына негізделеді. Осыған сәйкес, тауарлардың өндірісі мен айырбасы солардың құнының негізінде жүріп отырады, құнның өзі еңбектің қоғамдық — қажетті шығындарымен белгіленеді. Бұл жағдайда тауар өндірушілер мына заңдылықпен есептесуі қажет: егер еңбектің индивидуалдық шығындары қоғамдық қажеттіктен артық болса, онда шығындардың осы артық бөлшегін қоғам мойындамайды. Ал тауардың құны-ның негізінде (шын өндірісіне жұмсалған қоғамдық еңбек жатады. Сөйтіп, қайта тауарға сіңген тауар өндірушілердің қоғамдық еңбегі болып белгіленеді. К. Маркс тауарға бір жағынан, адамдардың белгілі қажеттерін қанағаттандыруға қабілетті тұтыну құны деп, екінші жағынан — құн деп анықтама береді. Тауардың екі жақты сипаты, осы тауарға сіңген еңбектің екі жақты сипатымен белгіленеді. Тұтыну құны деп алынған тауар белгілі формадағы еңбекпен жасалады, яғни нақты ецбекпен; құн деп алынған тауар нақты формаларына тәуелді емес жалпы еңбекпен жасалады, абстракты еңбекпен, яғни тікелей жұмыс уақытының нақты бірліктері емес, эквивалент қызметін атқаратын басқа тауарлармен салыстыру арқылы. Сөйтіп тауардың құны, өндірістің қоғамдық-қалыпты шарттары болған жағдайда және осы қоғамдағы еңбектің іскерлік дәрежесі мен қарқындығының орташа жағдайында, тауарды жасауға қажет индивидуалдық емес, қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді.
Әңгіме құнды орташа еңбекпен емес, өндірістің өткізудің қоғамдық шарттарымен болжамдалған еңбекпен белгілеу туралы болса да, басқа тауарлармен салыстыру арқылы жанама өлшеуіштерді қолдануды кейде еңбектік құн теориясына қарсылар қолдамайды.
Екінші бағыт шекті пайдалылық теориясын қолдануға негізделген. Бұл теорияны кең пайдаланатын маржиналистер. Бұлар бойынша құн және баға тауарлардың шекті пайдалылығының және олардың сиректігінің туындысы болып табылады. Бұл бағыттың өкілдері, субъектің қарамағындағы игіліктер қорының тең шамаларының тізбектелген өсімдері белгілі нүктеден артып кетсе, онда игіліктер бірлігінің пайдалылығы үдемелі төмендейді деп есептейді. Қордың ең ақырғы бірлігінің пайдалылығы, немесе игіліктің шекті пайдалылығы, осы тауардың құнының көлемін белгілейді.
Маржинализмнің теоретиктері, бұлардың ішінде австриялық мектептің өкілдері, материалдық игіліктердің бағалылықтарының екі түрін бөліп атайды — субъективтік және объективтік. Субъективтік бағалылық деп олар материалдық игіліктердің осы субъект үшін бағалылығын түсінеді. Австриялық мектептің өкілдері, олар баға теориясының негізіне жатқызған, субъективтік бағалылыққа шешуші рөл береді. Олар бұны сатып алушы және сатушылар жағынан осы тауардың пайдалылығын бағалаушы субъектердің нарықта қарсыласуьшын, нәтижесі деп есептейді.
Үшінші бағытты ішжырымдаған А. Маршалл. Шекті пайдалылық түрін алған сұраныс жағындағы және өндіріс шығындары түрін алған ұсыныстың негіздеріндегі нарықтық күштердің бір-біріне әсерін айқындау, осы бағыттың зерттеуінің мазмұның құрайды. Осыған А. Маршалл мынадай қорытынды жасайды: пайдалылық ұсынылған көлемді белгілейді, ұсынылған көлем өндіріс шығындарын белгілейді. Оның болжамы бойынша, сатушының тауар үшін төлеуге келісім беретін бағасы тауардың пайдалылығымен белгіленеді; бұнда ол пайдалылықты, тауар үшін сатып алушы төлей алатын, барынша жоғарғы құн деп есептейді.
А. Маршалл бағаны белгілеуде, оған әсер ететін екі факторды бөліп атайды: шекті пайдалылық және өндіріс шығындары. Оның тұжырымдауы бойынша, тауардың сатушы белгілеген бағасын оны өндіру үшін жұмсалған шығындар құрайды, ал нарықтық баға сатып алушылармен және сатушылармен белгіленеді, сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде.
Пайдалылықты өлшеу туралы бүгін маржиналистер кардиналистер — шекті пайдалылықтың абсолюттік шамасын сан жағынан өлшеуге болады деген идеяны жақтаушылар және ординалистер -шекті пайдалылықтың абсолюттік шамасын өлшеудің мүмкіндігін және қажеттігін жоққа шығарушылар, болып бөлініп отыр. Ординалистердің аса көрнекті өкілдеріне Дж. Хикс және П. Саму-эльсон жатады. Бұлар тұтынушылардың артықшылықтарының шәкілін жасады.
Дж. Хикс бойынша бүгінгі заманда тұтынушылардың артықшылық шәкілінің бастапқы пункті талғаусыздықтың қисық сызығының теориясынан басталады. Осы қисық сызықтың негізінде пайдалылықтың өзін өлшеумен айналыспай, тұтынушы тауарларға ең ұнамды тандау жасай алады. Дж. Хикс шекті пайдалылықпен және сатын алушы төлеуге келісетін бағаның арасында айырмашылықтардың болуымен есептеспейді, ал сұраныс заңын ол бағаның өзгерістерімен және тауарлардың саны арасындағы шамалас сәйкестік арақатынасқа жатқызады.
П. Самуэльсон экономикалық тепе-тендік үлгілерін қолдануда, шекті пайдалылық теориясын ақшаның шекті пайдалылығымен және табыстармен байланыстыруды ұсынады. Оның есебі бойынша, игіліктің әрбіреуінің шекті пайдалығы бағаға бөлінгенде бір-бірімен тең болуға тиісті және нәтижесінде (қорытынды) табыстың бір долларына келетін орташа шекті пайдалылықты беруге тиісті.
Нарықта сұраныс пен ұсыныста өзгерістердің әсерімен нарықтық бағалардың ауытқулары болып тұрады. Еңбектің құн теориясы бойынша, осындай ауытқулар бағаның құннан ауытқуы деп түсініледі. Осыған байланысты, тауардың өндірушілері, олардың айырбасталуында, бағаның негізі болып табылатын тауардың қоғамдық еңбектік құнымен есептесуге мәжбүр болады. Сұраныс және ұсыныс бір-бірімен сәйкестікке жеткенде тепе-тендік орнайды. Игіліктің бағасын шекті пайдалылық теориясы негізінде белгілегенде, бағаның ауытқулары «шекті өнімнің» бағалылығының маңайында жүріп отырады. Тауардың тепе-тендік нарықтық бағасы, сатып алушылар мен сатушылар жағының осы тауардың пайдалылығын субъективтік бағалауларының нәтижесі болып табылады.