Талдауды жүргізу үшін мәліметтерді кәсіпорынның еңбек бойынша есебінен, табельдік есептің және кадрлар бөлімінің мәліметтерінен алынды.Мұнда еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне кәсіпорындағы нақты жұмысшылар санының жоспар бойынша категориялары және мамандықтарын анықтай отырып, салыстыру арқылы талдау жүргізілді.
Бұл талдауды “Любакс” тігін өндірісі мәліметтері негізінде жүргіземіз.
“Любакс” тігін өндірісінің жұмыс күшімен қамтамасыз етілуін талдау. Кесте 1
Жұмысшылардың категориясы |
Жұмысшылардың саны | Қамтамасыз ету проценті | |
2003 | 2004 | % | |
Өндірістік персоналдың орташа тізімдік саны | 400 | 400 | 100 |
Қызметкерлер | 12 | 12 | 100 |
Жетекшілер | 24 | 24 | 100 |
Мамандар | 34 | 30 | 88,2 |
Жұмысшылар | 160 | 164 | 102,5 |
Оның ішінде:
Бұйымды кесіп-пісушілер |
30 |
32 |
106,7 |
Тігіншілер | 90 | 94 | 104,4 |
Инженер-техникалық жұмысшылар | 30 | 26 | 86,7 |
Көмекші жұмысшылар | 20 | 18 | 90 |
Енді жұмысшылардың квалификация деңгейі бойынша жұмысшылар құрамына талдау жүргіземіз.
Жұмысшылардың квалификация деңгейі бойынша құрамы
Жұмысшылардың разряды |
Тарифтік коэффициент | Жыл соңындағы жұмысшылардың саны. | |
2003 | 2004 | ||
I |
1,00 | 10 | 6 |
II | 1,30 | 15 | 13 |
III | 1,69 | 20 | 25 |
IV | 1,96 | 50 | 68 |
V | 2,27 | 35 | 33 |
VI | 2,63 | 20 | 25 |
Барлығы | 150 | 170 | |
Жұмысшылардың орташа тарифтік разряды | 3,96 | 4,08 | |
Орташа тарифтік коэффициент | 1,95 | 1,99 |
Жұмысшылардың квалификациялық құрамын төмендегідей анықтайды:
10*1,00+15*1,30+20*1,69+50*1,96+35*2,27+20*2,63 = 3.96, (2003)15
6*1,00+13*1,30+25*1,69+68*1,96+33*2,27+25*2,63 = 4,08, (2004)
Жоғарыдағы кесте мәліметтерінен жұмысшылардың орташа тарифтік разрядының 2004 жылды 2003 жылмен салыстырғанда 3,96-дан 4,08-ге жоғарылағанын көріп отырмыз. Ал жұмысшылардың орташа тарифтік коэффициенті 2004 жылы 1,99-ға тең болып отыр. Бұдан жұмысшылардың квалификациялық деңгейінің біршама жоғарылағанын көруге болады.
Жұмысшылардың квалификациялық деңгейі олардың жасына, жұмыс стажына, білім деңгейіне және т.б. байланысты болады. Сондықтан талдау барысында жұмысшылардың осы белгілеріне байланысты жіктеп алу керек.
“Любакс” тігін өндірісінің жұмысшыларының еңбекақы көрсеткіштері.
Жұмысшылардың категориясына байланысты тізімі | Жылдар | Ауытқу (+,-) |
% |
|
2003 | 2004 | |||
Қызметкерлер | 1081,9 | 1351,9 | 270 | 125 |
Жетекшілер | 1012 | 1059,5 | 47,5 | 104,7 |
Мамандар | 673 | 731,3 | 58,3 | 108,7 |
Жұмысшылар, оның ішінде:
Бұйымды кесіп-пісушілер |
202,4 |
238,8 |
36,4 |
118 |
Тігіншілер | 102 | 105 | 3 | 103 |
Инженер-техникалық жұмысшылар | 352 | 359 | 7 | 102 |
Барлығы | 3 423,3 | 3 845,5 | 422,2 | 112,3 |
Бұл тігін өндірісінің жұмысшылары мен қызметкерлері еңбекақыны жасалған келісімшарт бойынша мерзімді еңбекақы жүйесімен алады. Бұл кестеде өндірістің барлық еңбек ресурстарының еңбекақы көрсеткіштері жалпылай беріліп, талданған. Кәсіпорында жұмысшылардың еңбекақы көрсеткіштері жұмысшылар қанағаттанарлықтай дәрежеде және болашақта кәсіпорында еңбекақыны көтеру мәселесі жоспарланып отыр. Кәсіпорынның пайда үлесі жылына әр түрлі мөлшерде зейнетақы қорына, кәсіподақ қорына, сақтандыру қорына және салыққа аударылады.