Еуропалық Одақ әлемдік саясаттың негізгі бір тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта Еуропалық Одаққа қарағанда басқа анағұрлым дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ. 370 млн. адамы бар біртұтас ішкі рынок жағдайында Еуроодақтың ішкі жалпы өнімі АҚШ-қа тең. Еуропалық Одақ тауарлардың әлемдік саудасының 40 пайызы және қызмет көрсету саудасының 30 пайызы шығырланған, ғылыми-техникалық және қаржылық әлеуеті АҚШ-тан кейін екінші орынды алады.
Аймақтық ынтымақтстығы дамыту, жанжалдарды реттеу , еуропалық құрлықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелеріндегі, шығыс блогының елдері есебінен Одақты кеңейту процесіндегі Еуропалық Одақтың өсе түсіп отырған ролі Еуропалық Одаққа қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болыуын айқындайды, ондағы мақсат өзара іс-қимылды тереңдету әрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнатылды. 1993 жылы желтоқсанда Брюссельдегі Еуропалық Одақ жанынан Қазақстанның өкілдігі ашылды.
Еуропалық Одаққа қатысты Қазақстанның саясаты оның әлемдегі экономикадағы ролімен және Еуропаның 15 дамыған елдері кіретін осы бірлестіктің жемісті интеграциялық саясатымен айқындалады. Еуропалық Одақ біздің еліміздің ең ірі сауда орталығы.1999 жылы біздің еліміздің Еуропалық Одақ мемлекеттерімен сауда айналымы 2,2 млрд долларды құрады. 2000 жылы Еуропалық Одақ елдерімен сауда көлемі-3 млрд долларды құрады, оның ішінде экспорт-2 млрд жуық доллар, импорт — 1 млрд доллар.Біздің еліміздің экономикасына Еуропалық Одақ тікелей инвестицияларын береді. Еуропалық Одақ ішіндегі негізгі инвестрлар Ұлыбритания, Нидерланд, Италия.
Қазақстан Батыс Еуропа елдерімен егемендікті және аумақтықты құрмет тұту, бір-біріне шабуыл жасамау және ішкі істеріне араласпау, күш қолдану қаупін болдырмау, теңдік әрі өзара тиімділік принціптерін баяндайтын саяси шарттар жасасты. Еуропалық Одақ елдерімен сыртқы экономикалық байланыстардың шарттық-құқықтық базасы екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың өсіміне ықпал етеді. Біздің еліміздің экономикасы құрылымдық қайта құруға және оның өнеркәсіптік әулетін дамытуға белсенді түрде қатысып жүрген елдермен қол қойылған құжаттар айырықша маңызды. Мәселен, Австрия мен ГФР 1993 жылы кредиттік желілерін ашты. ЕҚДБ, ЕЭҚ сияқты еуропалық құрылымдармен Қазақстанға қаржылық көмек көрсету жөнінде келісімдерге қол қойылды және олар жемісті түрде жүзеге асуда. Еуропалық елдердің ішінде Ұлыбританиямен, Германиямен, Франциямен, Нидерландпен, Швецариямен ынтымақтастық анағұрлым жемісті дамып келеді.
Біздің еліміз инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы,сондай—ақ қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық келісімдер жасасу жолымен өз экономикасына шетелдік капиталды тарту үшін дәйекті түрде құқықтық режим құруда. Мұндай келісімдер Еуропалық Одақтың елдерімен жасалды.
Саяси диалогты жандандыру және экономикалық ынтымақтастықты нығайту арқылы Қазақстандағы өзінің ықпалын кеңейту жөнінде Еуропалық Одақтың күш-жігерін еселеуі заңды болып табылады.
1993 жылы күшіне енген Еуропалық Одақ туралы Маастрих шартында оның сыртқы саясатының негізгі мақсаттарының бірі демократияны дамыту мен нығайту , заңның үстемдігі, адам құқығы мен негізгі бостандықтарды құрмет тұту болып табылады деп көрсетілген. Сондықтан біздің еліміздегі демократиялық реформалар процесіне байланысты мәселелер барлық уақытта қазақстандық-еуропалық қатынастардың басты назарында болды.
Энергетикалық ресурстардың ірі тұтынушысы ретінде Еуропалық Одақтың Қазақстандағы мүдделілігі үлкен. Болашақта энергоресурстарды тұтынудың өсімін ескере отырып, Еуропалық Одақ энергия көздерін өндіруге, мұнай және газ құбырлары желілерін құруға байланысты инвестициялық жобаларға қатысуға зор көңіл бөлуде.
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы техникалық ынтымақтастық сондай-ақ басқа да бірқатар бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асуда, мәселен: ИНТАС / ТМД елдерінің ғалымдарын қолдау жөніндегі халықаралық қауымдастық/, КОПЕРНИКУС, Европартенариат және т.б.
1992 жылдың аяғында Алматыда Қазақстан Республикасына техникалық көмек көрсету жөніндегі Еуропалық Одақ Бюросы ашылды, ол ТАСИС және ТЕМПУС сияқты Еуропалық Одақтың бағдарламалары шеңберінде құрылды.
ТАСИС бағдарламасын 1991 жылы Еуропалық Одақтың Министірлер кеңесі бекітті және бағдарлама мемлекеттік, сондай-ақ жекеше мекемелерімен байланыстар орнату арқылы тәжирибе әрі арнайы білімдер алмасуға көмек көрсету үшін жәрдем ақша беріп, қолдауға бағытталған. Бағдарлама консультативтік қызмет көрсетуді, кейбір жобаларды қаржыландыруды көздейді. Бағдарлама бірнеше негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады, олар еуропалық тараптың пікірі бойынша қайта құру процесін жеделдету: жекеше секторды дамыту, әлеуметтік қызмет пен білім жүйелерін реформалау және басқалары үшін айырықша маңызды. ТАСИС бағдарламасы, мәселен, Қазақстан кәсіпкерлері конгреске қолдау көрсетті, шағын және орта кәсіпорындарды, банк секторын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды жүзеге асырды. ТАСИС экономика министірлігінің шеңберінде болжамдау мен жоспарлаудың макроэкономикалық үлгісін әзірледі және соңғы макроэкономикалық амалдар бойынша министірлік қызметкерлерін даярлаудың бағдарламасын өткізді. ТАСИС орта бизнесті дамытуды қолда, жекешелендіру және құрылымдық қайта құру , адам ресурстарына инвестициялар салу жобаларын жүзеге асыруға барлығы 130 млн. доллар қайтарымсыз көмек бөлінді, мұның өзі біздің елімізге көрсетілген барлық батыстық техникалық көмектің жартысынан астамын құрайды. 2000-2002 жылдар кезеңінде қосымша 24 млн. еуро бөлінеді. 1992 жылдан бастап ТАСИС біздің елімізге 120 млн. еуро сомасында қолдау көрсетті.
Ұлттық бағдарламамен қатар ТАСИС шеңберіндегі ынтымақтастық бірқатар аймақтық бағдарламалар бойынша да жүзеге асырылды, олар экономикалық байланыстарды қалпына келтіруге, сауда-саттықты дамытуға, көліктік және энергетикалық желілерді кеңейтуге бағытталған. Олардың бірі Орталық Азия және Закавказья елдерінің сауда-саттық және коммуникациялық мүмкіндіктерін дамытуға қызмет ететін ТРАСЕКА жобасы. Осы жобамен талшықтық — оптикалық кабель төсеу жоспары да байланысты, аталған жоспар Еуропа-Азия желісінде байланысты қамтамасыз етеді. ТРАСЕКА біздің еліміздің транзиттік әлеуметін іске асыру жөнінде қолоға алынып жатқан күш-жігер тұрғысында, сөз жоқ, Қазақстанның мүдделлігін туғызады.
1995 жылы басталған мұнай мен газды тасымалдаудың ИНОГЕЙТ мемлекет аралық бағдарламасы Энергетика саласында инфроқұрылымды қалыптастыруға көмек көрсетуге бағытталған. Бағдарлама энергоресурстарды Каспий және Қара теңіз арқылы Еуропаға тиімді түрде шығаруды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл бағдарламаны іске асыру — аймақ елдерінің тәуелсіздігін нығайтуға және энергоресурстарды тасымалдауға арналған экспорттық жолдарды дамытуға мүмкіндік береді. Көп жақты ынтымақтастық негізінде энергия көздерін тасымалдаудың проблемасын Қазақстанның шешуінің маңыздылығын ескертетін болсақ, бұл жобаның тиімділігі еселеп өсе түседі.
Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету және оның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерінде халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық Еуропалық Одақтың маңызды міндеті болып табылады. Осы бағытта Еуропалық Одақ Еуропалық қайта құру ісіне даму банкісімен анағұрлым белсенді түрде жұмыс істеуде. Еуропалық Одақпен ынтымақтастық БҰҰ-ны, ЕҚЫҰ-ны Энергетикалық партия жөніндегі конференцияны қоса алғанда, халықаралық форумдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды да қамтиды.
1995 жылғы 23 қаңтарда Президент Н. Назарбаев Брюсельде ҚР мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ол 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді. Бұл өзара қатынастың дәрежесі мен сипатын анықтайтын, оларды ұзақ мерзімді және тұрақты әріптестік деңгейіне көтеретін ауқымды халықаралық — құқықтық құжат болып табылады.
Жоғарыда аталған келісімге Ынтымақтастық кеңесі, ынтымақтастық комитеті, Парламенттік ынтымақтастық комитеті сияқты органдар құрылды. Келісім күшіне енгенге дейін ҚР мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерімен » «Қазақстан Республикасы — Еуропалық Одақ» Бірлескен комитеті тікелей айналысты, Комитет өзінің үш отырысын өткізді. 1996 жылғы маусым, 1997 жылғы мамыр және 1998 жылғы мамыр.
Келісімге сәйкес саяси салада еуропалық және ғаламдық қауыпсіздікті нығайту мүддесі жолында халықаралық проблемалардың бүкіл спекторы бойынша саяси диолог пен консультациялар жүйесі орнатылады. Осы мақсатта үкімет мүшелері, атап айтқанда, сыртқы істер министірлері деңгейінде диолог өткізіледі.
1999 жылы шілдеде Ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысында сауда- саттық пен инвестиция, сот әділдігі мен есірткілердің заңсыз айналысына қарсы күрес , қоршаған орта , аймақтық ынтымақтастық, сондай-ақ демократияны дамыту салаларында екі жақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары талқыланды.
Еуропалық тарап Арал теңізі мен Семей полигоны аймақтарының проблемаларын шешу үшін ТАСИС желісі бойынша бөлінетін техникалық көмек көлемін ұлғайту туралы Қазақстанның ұсынысымен келісті
Еуропалық тарап сондай-ақ ет өнімдерін Еуропалық Одақ рыногына түсіруге қатысты Қазақстанның өтінішін қарауға міндеттенді.
Қазақстан мен Еуропалық Одақ Орталық Азиядағы ірі сауда-экономикалық әріптесіне айналды, мұның өзі айтарлықтай деңгейде біздің ішкі саяси тұрақтылығымызға байланысты мүмкін болды.