Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Халыққа жолдауындағы басты мәселе «индустриялы дамытудағы кластерлік жүйені қолдану

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2004 жылғы 19 науырыздағы Қазақстан Халқына Жолдауында Республика Үкіметінің алдына келесі міндет қойып былай деді: «Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз керек. Соның бір мысалы индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады.

Биылғы жылдың соңына дейін біздің келешегі бар барлық Қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді (бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы айқындап алуымыз қажет. Даму инститтуры болса, алдағы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралдарына айналуы қажет».

Бірінші жарты жыдықтағы ел экономикасының дамуын қорытындылай келе Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Премьер – Министр Д.Ахметов Үкімет ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы кластерді дамыту жөнінде жұмыс жасап жатқанын айтты. Премьер: біздің экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы аса маңызды бөлігі аграрлық өндірістің тиімділігін көтеру болып табылады деп мәлімдеді. Сала тиімділігін арттыру мәселесі – шикізатты қосылған құны жоғары өнім алу үшін тереңірек өңдеуді ұйымдастыру және экономиканың өңдеуші салаларымен өзара байланыстырылған өндірістер тізбегінің агроөнеркәсіптік кластерлерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүйеге келтіруді талап етеді.

Үкімет басшысы Даму Банкінің жүелі технологиялық тізбектермен байланысты жобаларды кезең – кезеңімен қаржыландыру арқылы тоқыма өнеркәсібінің дамуына кластерлік тұрғыдан қарауын қолдайтынын білдірді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында мақта талшығынан есілген жіп өндіру жобасымен қатар, Семейде жүн дайындау және оны өңдеудің жобасы қаржылындарылмақ, сондай – ақ, Өскеменде химиялық талшықты қолдану арқылы мақта өндіру жобасы да қаралып жатыр.

Ел Президенті үшінші рет шақырылған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде экононмиканың әртүрлі секторларында кластерлерді қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Мәселен, ол жоғарырақ қайта бөлістерді енгізуге, жаңа индустриялдық кластерлерді қалыптастыруға баса көңіл аудара отырып, Қазақстанның экономикалық әлеуетін анықтайтын экономика секторларын дамыту туралы айтты. Ол, сондай – ақ, елімізде машина жасауды, мұнай, химияны, құрылыс индустриясын және жеңіл өнеркәсіпті дамытудың елеулі түрдегі әлеуеті бар деді. Агоөнеркәсіптік кластерлерді, мәселен, Оңтүстік Қазақстанда мақта және шарап салаларындағы кластерлерді қалыптастыру арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің болашағы бар.

Көріп отырғанымыздай, мемлекет Басшысы мен Республика Үкіметі экономикакда кластерлерді қалыптастыруға үлкен көңіл бөледі және ерекше маңыз береді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кластерлік тұрғыдан келу ұлттық экономиканың басымдқтарын анықтайды және оның бәсекелік қабілетін арттыруда үлкен рөл атқарады.