Қалыптасқан терминология бойынша кластер сөзі өнеркәсіп топтарды білдіреді, оның ошағы бір немесе бірнеше жетекші өндіріс болады. Мұның мысалы, мұнай мен газ өндіру, елдің көмір алаптарын игеру, түсті металдар өндіру және агро — өндіріс секторының өнеркәсіптері. «Кластер немесе өндіріс топтары – М.Потердің жазуынша – бұл географиялық көрші өзара байланысқан компаниялардың тобы. Олар белгілі ортада әрекететеді және өзара толықтырушы сипатта болады. Кейін, М.Потердің нұсқауынша, кластердің географиялық масштабы бір қаладан немесе басқа территориялар әкімшіліктік бірліктен нұсқалануы мүмкін, мысалы, әкімшіліктік облыстаң елдің барлық территориясына кейде көрші елдерге дейін созылуы мүмкін. Бұл кезде кластерге бөлуді, оның өнеркәсіп — өндірісті ошақты анықтаудан бастаудан жөн. Сосын таңдап алынған ошаққа тиесілі тауар мен қызмет көрсетудің инфраструктуралық сигменттері анықталады. Кластерді қалыптакстырудың критерийі ретінде өндіріс пен оның құраушыларының тиімділігінің өсуін айтады.
Өндіріс тиімділгінің индикаторы ретінде кластер ошағының негізгі қызығушылықтарына сәйкес келетін әртүрлі көрсеткіштерді айтамыз. Баса айтатын нәрсе, өндірістің қосалқы құрамына әрпрофильді бірлестіеһктер мен оқу орындары кіреді, олар кәсіби кадрлар дайындаумен, жаңа технологияларды жасаумен айналысады. Бірақ, М.Потредің айтуынша, олардың негізінде кластердің қатысуңшыларына айтарлықтай әсер ететін үкіметтік немесе басқа да заң құрылымдары болуы керек. Бұл кластердің қалыптасуының аяқталуын бағалайтын негізгі сұрақ. Үкіметтің қолдауынсыз ешқандай кластер сәтті жұмыс жасауы мүмкін емес, сәйкесінше өз мақсатына жете алмайды. Мысалы, Калифорниялық шарап кластері арнайы Калифорния Сенаты мен Ассамблеясының демеуімен жұмыс жасайды. Яғни, мемлекеттік шенеуніктердің кластредің қалыптастырудағы ролін асқақтату және шығармалық еңбектерін бағалау – олардың ішінде коррупцияның дамуына қарсы қуатты құрал болып табылады.
Кез – келген кластердің шекарасы салалық құрал мен пунктердің территориялық әркелкілігімен салыстырғанда түйіндескен өндірістердің таралуы агломерация тиімділігімен анықталады. Агломарация тиімділігі кластердің салалық құрамының қосымша бір өндіріс бірлігіне өсуі, яғни кластер құрамына қосымша бір өндірістің қосылуы: егер жаңа кластердің суммасы жоғары болса, онда агломерация тиімділігіне жоғары болады. Кері жағдайда, кластердің салалық құрамының қалыптасуы аяқталады және кластер құрамына қосымша, онда бұл ұқсас жағдай: агломерация тиімділігі транспорттық тосуларды төмендету есебінен болады.
Ірі кластердің әлемдік даму тәжірибесі айтарлықтай. Олар – слотүстік және оңтүстік Каролинадағы тоқыма компаниялары, Германияның оңтүстік бөлігіндегі автокөлік компаниялары, Италиядағы модельді аяқ киім өнеркәсіптері, Калифорнияның шарап жасаушы топтар, Португалия мен Швециядағы орман және ағаш өңдейтін өнеркәсіптер. Қазақстан үшін жергілікті бәсекелестікті қамтамасыз ететін әлемдік тәжірибе үлкен қызығушылық тудыруда. Мұндай жергілікті кластерлерге мысал болатын Голливудтағы ойын – сауық индустриясы, Нью – Йоркеті қаржы кластері, Хай – Поинттегі тұрмыстық техника шығаратын кластер. Мысалы, Манхэттендегі мультимедиялық кластер фирманы қамтамасыз ететін провайдерден, олар өзара байланысты салалардан тұрады, баспалардан, радио мен видеодан құралған. Қазақстан үшін қызығушылық тудырғаны аймақтық кластер, мысал ретінде М.Потер Португалиядағы аймақтық кластердегі қарастырады.
Дамушы экономикады кластердің қалыптасуына білім деңгейінің төмендегі, жұмыс күшінің төменгі классификациясы, технологияның әсіздігі, керекті капиталдың жетіспеуі, қоғамдық инстуттардың әлсіз дамуы кедергі болады. Үкімет пен әкімшілктің саясаты кейде кластердің қалыптасуына кері әсе тигізуі мүмкін. Оқу орындарының бағдарламалары Қазақстанда кластер талаптарына сәйкес келмей жатады. Аймақтардағы кластерден тыс жеке жұмыс істейтін компаниялар кластердің дамуын тежейді.
Кластердің дамына шабыт беретін М.Потердің айтуынша ішкі сауда, ішкі бәсекелестіктің дамуы мен инвестиция. Ішкі бәсекелестік жергілікті органдар мен институттардың өздігінен дамуына жол ашса, ішкі сауда Халықаралық деңгейге шығуға жол ашады.
Шұғыл дамып келе жатқан Қазақстан экономикада бизнесті дамытуға қажетті факторлар мен институттар екі астанада немесе соның төңірегінде шоғырланған. Себебі, экономикалық өрлеудің алғашқы кезінде басқа аудандар аталмыш талаптарға сай емес. Мұнда Қазақстан үшін Жапонияның тәжірибесінің практикалық мәні бар, онда өндірістік жеткізулердің 50% Токио мен Осака үлестеріне тиесілі. Жапонияда экономикалық ұрбандалу өте тиімді жүруде. Осыны негіздеп айтсақ, Астана маңайында жаңа елді мекендер шоғырланып, жолдар салынып, Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуын тездетуде.
Қазақстан кең – байтақ жерінде әртүрлі өнеркәсіпке, минералды – шикізат базасына, ауыл шаруашылығына қажетті ірі алқаптарға бай және жергілікті халықтың төменгі урбандалу дәрежесі бірнеше кластерлердің пайда болуын талап етеді. Тарихи жағынан қарасақ, мұндай жұмыстар қазақ жерінде жүргізілген. Кеңес заманында жоспарлау органдары 3 түрлі территория — өндірістік кешендерді қалыптастырумен айналысқан, олар Павлодар – Екібастұз, Маңғыстау және Жамбыл – Қаратау, ал ірі ғылыми орталықтар олардың кешенді дамытумен айналысты. Ал қазір осы бағытта министрліктер, ведомстволарда әртүрлі органдарда жұмыс жасалуда. 2003 жылы Президент жарлығымен 2015 жылға дейін индустрия – инновациялы даму стратегиясы қаюылданды. Онда қара мен түсті металл өндірудің аяқтау сатылары көрсетілген. Осымен бірге мұнай химиясы, агросектор, транспорт пен телекоммуникация қарастырылған. Аталмыш өндірістердің бәсекелестігін арттыру критерийі ретінде қосымша құн тізбегін еңгізу қарастырылған. Осымен қатар Қазаұстанда жоғары технологияны дамыту және ғылымды көп қажет ететін ірі кластерлердің дамуына жол ашатын салалардың дамуы байқалуда. Оларды қаржылық қамтамасыз ету үшін арнайы даму инститтутарының торабы қалыптасқан.
Қазір іске асып жатқан даму бағдарламаларын сараптау мен олардың тиімділігін бағалауда және басқа да маңызды экономикадағы бағыттарды дамытуда кластерлік сараптау әдісінің ролі үлкен емес. Кластерлік сараптау әдісі өндірістік – технологиялық көппрофиьдегі тораптарды дамытуда «тар орындарды» анықтауда таптырмас әмбебап әдіс.