Транспорттық кешен. Грузияда өзен транспортынан басқа барлық транспорт түрлері кездеседі.
Теміржол транспорты -1970 жылдары транспорттың негізін теміржол транспорты құрады. Көптеген теміржол магистральдары салына басталды. Мысалы, Баку–Батуми ,Тифлис– Самтредиа –Поти , Тифлис–Ереван, Тифлис –Телави т.б. Қазіргі кезде теміржол транспорты басты транспорт түрі болып отыр. Жүк айналымы көбінесе Баку арқылы, ал жолаушылар Қара теңіз теміржолдары арқылы жүреді.
Автомобиль транспорты – қазіргі кездегі дамып келе жатқан салалардың қатарына жатады. Бұл транспорт түрі халық шаруашылығы үшін маңызды роль атқарады. Қазіргі кезде халық қоныстанған жерлердің барлығында дерлік автомобиль жолдары салынған. Маңызды автомобиль магистральдары Натахтари – Ракат асуы – Самтредиа, Қара теңіз аймағында (Батуми –Самтредиа –Сухуми – Новосибирск), Военно – Осетин жолы, автомагистральдар Тбилиси – Акстауор – Ереван , Тбилиси –Акотава – Баку. Теңіз транспорты. Бұл транспорт Қара теңіздік порттар Батирми және Поти қалаларымен тығыз байланысты. Теңіз транспорты сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды Грузияның ғана емес, Орталық Азия елдерінің дамуына да үлкен әсерін тигізіп отыр. Батуми порты арқылы мұнай және мұнай өнімдері тасымалданады. Поти порты арқылы астық, құрылыс материалдары, металл рудалары тасымаладанады.
Құбыр жолы транспорты. Елде бұл транспорт түрі жақсы дамыған. Баку – Батуми мұнай тасымалдаушы магистральдары құрылған. 1950 жылдардың соңында газ тасымалдаушы транспорт дами бастады. Газ тасымалдайтын магистральдар Грузияны Азербайджанмен, солтүстігінде Кавказбен жалғастырады. Грузияны бұл саланы дамытуда батыс пен шығыс арасындағы дәліз болып табылады. Бұл арқылы Отралық Азия елдері минералды шикізаттарды , көптеген тауар түрлерін әлемдік рыногқа шығарады.
Дамудың ішкі айырмашылықтары. Қазіргі кезде Грузия территориясы 12 администрациялық – территориялық бірлікке бөлінеді. Катехи, Мцхет–Мтионет, Ішкі Картли, төменгі Картли, Сомухе–Джевахед, Имерти, Чача–Лечхум провинциялары, Төменгі Сванет аймағы Саметрия – Жоғарғы Сванет, Гурия, Аджария, Авхазия, Тбилиси жатады. Олардың әрқайсысы жеке экономикалық аудан болып табылады. Олар белгілі бір шаруашылыққа маманданған және олардың ішкі өнеркәсібі тығыз байланыста болады. Грузия экономикасы үшін олардың маңыздылары:
Тбилиси – Грузияның саяси , экономикалық, мәдени орталығы болып табылады. Халқы 1,3 млн адам. Тблиси VI ғасырдан бері Грузияның астанасы. (Тблиси сөзі жылы деген мағынаны береді. ) Онда минералдық ыстық сулардың маңызды түрлері кездеседі. 1936 жылға дейін аты Тифлис болатын . Ол кезде мұнда өнеркәсіптің дамуы әлсіздеу болатын. Одақ кезінде Тблиси Грузияның маңызды өнеркәсіптік орталығы болып табылатын. Мұнда ірі машина өнеркәсіп орындары (электровоз зауыттары, авиациялық станок жасау), сонымен қатар бұл жерде жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған болатын. Тблиси – Грузияның басты ғылыми орталығы. Мұнда көптеген ЖОО –лар орындары, университеттер, ғылыми академиялар жұмыс істейді. Мұнда ежелгі архитектуралық ескерткіштер сақталған. Мысалы, Норикала қорғаны, Сион шіркеуі, Метех бекінісі, Анчисхат бекінісі, Анчисхат шіркеуі т.б. айтуға болады. Тблисиде елдің транспорт артериялары шоғырланған. Мысалы, басты магистралы Закавказиялық теміржолдар , автомобиль транспорт салалары , Тблисиді Солтүстік Кавказ және көптеген қалалармен байланыстыратын бұл тарихи провинция 2 администрациялық бірлікке бөлінеді.
1.Ішкі Картли – Грузияның орталығында орналасқан. 2.Төменгі Картли – Оңтүстік шығысында орналасқан.
Ішкі Картли – Грузия территориясының ең маңызды аймақтарының бірі болып табылады. Барлық халықтың 1/3 бөлігі қалад тұрады. Мұнда бұрынғы Шығыс Грузин патшалығының астанасы орналасқан. (Мцхета). Қала Кури және Авагри өзендерінің жағасында орналасқан. Барлық шеті дерлік таумен қоршалып отыр. Елдің астанасы Мцхета Грузияға ауыстырылғаннан кейін қала елдің діни орталығы болып қалды. Мұнда Мцхетада – музей қаласы. Мұнда аса бағалы археологиялық және архитектуралық ескерткіштер бар. Төменгі Картли – Тблисиден оңтүстік шығысқа қарай 20 км қашықтықта орналасқан аймақ. Рустав қаласын айтуға болады. Грузияның ауыр өнеркәсіппен айналысатын ірі орталығы болып табылады. Оның өнеркәсіптік кешенінің негізін толық циклді металлургия зауыттары құрайды. Мұнай өнеркәсібіне арналған мұржалар шығаруға маманданған. Металлургиядан басқа мұнда химиялық кәсіпорындар да жұмыс істейді. Төменгі Картли аймағында ауыл шаруашылығы өте жақсы дамыған. Елдегі астық өндірісінің басты орталықтарының бірі . Мұнда жүзім шаруашылығы, көкөніс, бау – бақша дақылдары жоғарғы дәрежеде дамыған. Катехи – Грузияның табиғи ресурстарға бай аймақтарының бірі. Катехидің негізгі маманданған саласы жүзім шаруашылығы, жүзім шаруашылығымен бірге мұнда Қазандық роза өсіріледі. Оңтүстік шығысында темекі шаруашылығына маманданған . Катехидің мәдени және администрациялық орталығы – Телави қаласы. Сампхе – Джавахет – бұл Грузияның оңтүстігінде орналасқан елдің ауыл шаруашылықпен айналысатын негізгі ауданы. Мұнда жүзім шаруашылығына және бау – бақша шаруашылығына маманданған. Табиғи ресурстардан төменгі сапалы қоңыр көмірдің мол қоры кездеседі. Сампхенің орталығы – Ахапцих қаласы. Имирети – Батыс Грузияның орталық бөлігін қамтиды. Имиретидің экономикалық және мәдени орталығы Кутайси қаласы болып табылады. Кутайсидің географиялық жағдайы өте қолайды болып келеді. Оның территориясы арқылы Қара теңіз аймағындағы аудандар мен Грузияның шығыс бөлігіндегі аудандар арасында автомагистральдар өтеді. Әскери – Осетин даласы осы жерден басталады. Кутайси Кеңес Одағы кезінде өнеркәсібі дамыған қалалар қатарына жататын. Энергетикалық қала деп те айтуға болады. Рион өзенінде СЭС тер құрылған, ( Рион, Ладжанура, Гумат СЭС тері ).
Қалада бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорындар бар, олардың ішінде автомобиль жасау зауыты, жүк машиналары ( Каз маркасы ) шығарылады. Кутайси – Грузияның тоқыма өнеркәсібінің орталығы. Жібек, жүн комбинаттары жұмыс істейді. Қазіргі кезде бұл сала бойынша кәсіпорындар жұмыс істеуін тоқтатылды.
Зестафония қаласы Имертидің маңызды қаласы болып табылады. Мұнда экономикалық маңызы бар ферроқорытпа зауыты жұмыс істейді. Зауыт 1993 жылы салынып дамуы осы саламен байланысты. Негізі мамандану саласы – марганец қорыпа өндірісі.
Имертиде сонымен қатар отын және минералды ресусртардың ішінде тас көмір ( Ткибуль аймағында орналасқан ) және марганец ( Чиатур аймағында ) кездеседі. Бұл ресурстардың өңдеу орталықтары – Тхибул және Чиатура қалаларында. Имерети өзінің шипажайларымен әйгілі. Аса курорттты аймақтары Цхалтуба, Сойерме, Йуниси қалалары.
Гурия. Гурияның географиялық жағдайының негізгі ерекшелігі Қара теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің болуы. Гурияның басты қаласы Озургети ( бұрынғы Махарадзе ) – ғылыми орталығы болып табылады. Мұнда шай және субтропиктік дақылдарды зерртеу институты жұмыс атқарады.
Мергелия . ( Менгрелия ) – Грузияның батыс бөлігіндегі тарихи – географиялық облыс. Оратлығы Зугдиди қаласы. Маманданған басты саласы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу болып табылады. Оған шай фабрикалары, вино, консерві зауыттарын айтуға болады.
Абхазия . Грузияның құрамына 1921 жылы желтоқсанда кірді. Оның территориясында Грузияның барлық цитрус дақылдарының плантациялары орналасқан. Мұнда жүзім шаруашылығы ( шарап жасау ) дамыған. 19 ғасырдан соң темекі өсірумен айналыса бастады. Абхазияның сары темекісі әлемге әйгілі. Мұнда Грузияның темекі плантацияларының жартысынан көбі шоғырланған. Өнеркәсібінің негізгі мамандану саласы – ауыл шаруашылық шикізатын өңдеумен байланысты. Әсіресе маңызды орында шай фабрикалары, консерві зауыттары алады. Абхазия өзінің шипажайларымен әлемге әйгілі . Мұндағы аса маңызы бар курорттарға : Сухуми , Гагра , Кутаута , Жаңа Афон , Пицунда шипажайларын айтуға болады . Абхазияның астанасы — Сухуми қаласы . Бұл үлкен транспортты торап болып табылады . Теңіздік порттары және Тбилиси солтүстік Кавказ бен Ресейдің орталық облыстарымен байланыстыратын темір жол магисральдары жұмыс істейді . Абхазияның маңызы жағынан екінші саласы — Көмір және энергетика өнеркәсібі . Оның негізгі орталығы — Ткварчели аймағында орналасқан .
Аджария — Грузияның құрамына 1921 жылы Автономиялы Республика ретінде енді . Халқының көбін грузиндер құрайды . (70% )
Оның ауыл шаруашылығына мамандануы оның субтропиктік ылғалды табиғат жағдайларымен анықталады. Қара теңіздің оңтүстік шығысында жылдық жауын – шашын мөлшері 2500мм ге дейін жетеді . Басты ауыл шаруашылығының дақылдары — шай және цитрус дақылдары . Аджария маңызды рекреациялық орталық болып табылады . Негізгі курортты аймақтарына : Батуми , Кабулети , Махинджаури , аймағын көрсетуге болады .
Аджария астанасы — Батуми қаласы . Қаланың географиялықө орналасу жағдайы өте қолайлы.Қала қахзіргі кезде Закавказье елдерінің маңызды теңіз қақпасы болып табылады . Самтредия – Батуми мұнай құбыры салынды . Қала өнеркәсіптік кешенінің дамуын мұнай өңдеу , машина жасау , тамақ өнеркәсіптері құрайды .