Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу

Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу олардың (өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, тауардың) орын-орындарында және барлық қозғалыс кезеңдерінде сакталуьш тексеруге, оларды өндіріске қолдануды бақылауға. өткізу үшін қажетсіз жэне артық материалдарды уақтылы анъщтауға саяды.

Түгендеу материалдарға жауапты адамдардың катысуымен, міндетті түрде қайта есептеу, қайта өлшеу, өліпеу жолымен жүргізіледі. Іс жүзінде тексермей, материалды жауапты айтуымен түгендеу тізімдемесіне жазуға болмайды.

Жеке бөлімшелерде жүйелі өткізілген түгендеуден қейін оларға кіруге болмай-тындай жабылып, мөрлененді. Егер түгендеуді өткізу кезінде тауарлық-материалдык қорлар түссе, онда оларды материалдарға жауапты адам түгендеу комиссиясының катысуымен қабылдайды жэне түгендеуден кейін тізілім немесе материалдық есеп бойынша кіріске алады. Мұндай құндылықтарға түскен ай-күніне сілтеме жасалып, түгендеу комиссиясының төрағасы қолы қойылып, «Түгендеу кезінде түскен тауарлық-материалдық қорлар» атты арнайы тізімдеме (опись) жасалады. Түгендеу негізінде, аса қажет болған жағдайда тек қана субъекті басшысының және бас бухгалтерінің жазбаша рұқсатымен тауарлы-материалдық қорлар басталады, ол түгендеу комиссиясының төрағасы қол қойган «Түгендеу кезінде босатылған тауарлық-материалдық қорлар» жеке тізілімдемесіне өткізіледі.

Меншікті тауарлык-материалдық қорлармен бірге басқа субъектілерге тиісті және жауапты сақталуда тү,рған, оларды жауапты сақтауға қабылдауды растайтын құжаттарға сілтемесі бар жеке тізімдемелерге кіргізілетін қорлар да тексеріледі.

Басқа субъектілерде сақталып тұрған тауарлы-материалдық қорлар оларды жауап­ты сақтауға тапсыруды растайтын құжаттар негізінде түгендеу тізімдемелеріне жазылады.

Басқа субъеқтілерде қайта өңделу үшін тұрған тауарлы-материалдық қорлар бойынша негізіне сүйе-ні-п, қайта өңдеуге берілген құжаттарға сілтеме жасалып, жеқе тізімдеме жасалады.

Жолдағы, бірақ сатып шіушылар мерзімінде төлемеген тауарлы-материалдық қорлар да жеке түғендеу тізімдемесіне енгізіледі. Комиссия белгілі бір шоттарда есеп-телетін соманың негізділігін теқсеруғе тиіс. Шоттарда тиісті ресімделген құжаттармен: жолдағысы — жабдықтаушылардың есеп қүжаттарымен; тиелгендері — сатып алушылар ұсынған құжат көшірмелерімен; төлем мерзімі өтқен құжаттар бойынша — банк мекемесінің міндетті түрде растауымен; басқа субъектілердің қоймаларында тұрғандары бойынша түгендеу, өткізілген күнге таяу ай-күнмен қайта ресімделген, сақталған қолхатпен расталған сомалар ғана қалады.

Пайдаланып жүрген тауарлық-материалдық қорлар — түрған орны мен материалға жауапты адамдар бойынша; субъект қызметкерлерінің жеке қолданылуьша берілгендері -тізімдемеде қолхаттары бар, ашылған жеқе карточкаларда жазылған жауапты адамдар бойынша түгенделеді.

Түгендеу негізінде анықталған тауарлық-материалдық қорлардьвд қем шығуы былайша ткөрсетіледі:

а) Қоймадағы материалдар мен дайын өнімнің нақты өзіндік құн бойынша кем шығуы

334 «Кұндылықтардың кем шығуы, шығыны және бүлінуі» шот дебеті — 280000

201 «Материалдар» шот қредиті — 120000

221 «Дайын өнім» шот кредиті — 160000.

Бұрын ҚҚС есебіне жатқызылмайтын, Салық Кодеқсінің 237 б. 1 т. №2 тармақша-сына сәйкес ҚҚС бүлдіру, шығын жағдайларында (төтенше оқигалар нәтижесінде пайда болған жағдайларды қосиағанда) негізгі құралдарды да қоса тауарлар бойынша есептен шығаруға жатады.

821 «Жалпы жэне экімшіліқ шығындары» шот дебеті, «ұстап қалуға келмейтін шығындар» бөлімі

633 «Қосылған құн салығы» шот кредиті (280000 • 15%) — 42000.

Ыдыс тізімдемеге түрлері, мақсатты-белгілеуі мен сапалық жағдайы (жаңа, бұрын пайдалануда болған, жөндеуді талап ететін жэне т.б.) бойынша енгізіледі.

Аяқталмаған өндірісті түгендеудің мақсаты — оның нақты бағасы мен көлемін анықтау, босалқы дайындама (заттың, шикізаттың өндіріс қажетінен артық жиналып қалуы) нақты (бөлшеқтердің, дәнекерлердің, агрегаттардың), өндірісте тұрған бұйымдарды дайындау мен қүрастырып жинауы әлі бітпегендерін, сондай-ақ толық құрастырылмаған және қоймаға тапсырылмаған дайын бүйымдардың бар-жоғын, ескерілмеген ақауды анықтау; аяқталмаған өндірістің нақты құрастырылып жинақталуын, жинау жұмыстарының детальмен қамтамасыз етілуін, жойылған тапсырыстар, сондай-ақ орындауы тоқтатылған тапсырыстар бойынша бітпеген өндіріс қалдығын айқындау.

Түгендеу нәтижелері түгендеу жүзеге асырылған айдың есебінде, ал жылдьд түгендеу — бір жылдағы қаржылық есеп беруде көрініс табуы керек.