Дүние жүзіндегі әр бір халықтың рухани дүниесін, байлығын көрсететін – халықтың ауыз әдебиеті, халықтың мақал-мәтелдері. Мақал-мәтелдер әр бір халықтың тәлім-тәрбиесін, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиетін көрсетеді. «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» деген ұлы ақын Абай атамыз.Адамның ойын жарыққа шығаратын күшті құрал – тіл. Ал тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Өзіміздің рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Ауыз әдебиеті халқымыздың асыл да мол мұрасы, қымбат қазынасы. Әр бір ел өз ұрпағын тәрбиелегенде бар білімін, ақылын салғысы келеді, сондықтан түрлі елдердің мақал-мәтелдерін байқап көрсек мағынасы бірдей екендігін аңғарамыз.Француз елімен қазақ халқының бірнеше мақалдарын көріп шықтық. Келтірілген мысалдар кейде құрылысы мен мағынасы жағынан бірдей, бір-бірінің тура аудармасы болып келетіні белгілі. Кейде 2 тілдегі мақал-мәтелдер бір-бірімен тек алынып отырған тақырып, білдіретін мағынасы жағынан ұқсас болуы мүмкін. Екіншіден, французша, қазақша мақалдардың синонимдері болады. Кейде мақалдар өз синонимдерімен тек образдармен ерекшеленеді, кейде мағынасы жағынан үндесіп, ұқсас болады.
Мақалдарды бірнеше тілде білу сабақ барысында өзімізге де пайдалы. Олар да түрлі тарихи жағдайларда құрылған, бірақ сонда да халықтың арманын, мақсатын көрсетеді. Белгілі бір ойдың әр түрлі халықтардың, яғни әр түрлі тілдегі қалай айтылытындығын есту қызықты.Сондықтан қай тілде болсын мақал-мәтелдерді оқып, үйрену керек. Өйткені тіл өзгерсе де, сөз өзгерсе де мақалдың түпкі мағынасы, айтайын деген ойы өзгермейді. Бірақ ең алдымен өз тілімізді, әркім өз халқының рухани байлығын білу керек. Бұл мақалдарды француз тілінде ғана емес, қазақ, орыс тілі пәндерінде көптеген құрал ретінде пайдалануға болады.
№ | Французша мақал-мәтелдер | Аудармасы | Қазақ мақал-мәтелдер |
1 | A bonne faim il n’y a pas de mauvais pain | Ашқа жаман нан жоқ. | Қарны ашқанда қара нан да май татыр. |
2 | A bon chat bon rat. | Жақсы мысыққа жақсы тышқан |
|
3 | Aller chercher de la laine et revenir tondu. | Жүн іздеп барып қырқылып қайту | Көптен дәметкен аздан құр қалар. |
4 | A merle soûl cerises sont amères. | Мас торғайға шие де ащы. | Тойғанға тоқты еті де топырақ татиды. |
5 | A qui se lève matin Dieu (aide et) prête sa main. | Ерте тұрғанға, құдай көмек береді. | Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық. |
6 | A petit oiseau petit nid. | Кішкене құсқа кішкене ұя. | Көрпеңе қарай көсіл. |
7 | A peit cloche grand son. | Кішкене қоңырау қатты сыңғырлайды | Айдағаның бес ешкі, ысқырығаны жер жарады. |
8 | A tout bon compte revenir. | Жақсы санасаң да қайталап тексер. |
|
9 | Au danger on connaît les braves. | Қауіп-қатерде батырлар танылады. | Шын батыр сын үстінде танылар. |
10 | Aux riches va la richesse. | Байлық байға барады. | Бай байға, сай сайға құяды. |
11 | Aujourd’hui en chère, demain en bière. | Бүгін тоқ болса, ертең табытта болар. |
|
12 | Autant de mariages, autant de menages. | Неше отбасы болса сонша шаңырақ болу керек |
|
13 | Aujourd’hui en fleurs, demain en pleurs | Бүгін күліп, ертең жылап отыру. | Дуние кезең. |
14 | Battre le chien devant le lion. | Итті арыстанның алдында ұру. | Қызым саған айтам, келін сен тыңда. |
15 | Beaucoup de bruit pour rien. | Түкке тұрмайтын нәрседен үлкен шу шығару. | Түймедейді түедей қылу. |
16 | Bien perdu, bien connu. | Жоғалған зат, керек зат. | Қолда бар алтынның қадірі жоқ. |
17 | Bouche serré, mouche n’y entre. | Жабық ауызға шыбын кірмес. | Сақтансаң, сақтаймын. |
18 | Brebis comptées, le loup les mange. | Санаған қойды да қасқыр жейді. | Сақтықта қорлық жоқ. |
19 | Ce qu’on apprend au berceau dure jusqu’au tombeau. | Бесікте үйренген көрге дейін барады. | Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсін. |
20 | Ce qui est bon à prendre est bon à rendre. | Алуға жақсы болса, беруге де жақсы болу керек. | Алаған қолым береген. |
21 | Chacun le sien n’est pas trop. | Әркімге өзінікі. | Әр кімдікі өзіне ай көрінер көзіне |
22 | Chaque pays a sa mode. | Әр елдің заңы басқа, иті қара қасқа. | |
23 | Chaque vin a sa lie | Жақсы шарапта да тұнба болады. | Ханның қызында да қателік болады. |
24 | Chat échaudé craint l’eau froide. | Ауызы күйген мысық муздай судан қорқады. | Ауызы күйген үріп ішеді. |
25 | Comme on fait son lit on se couche. | Төсекті қалай салсаң, солай ұйықтарсын | Не ексең соны орарсын. |
26 | De grand vent petit pluie. | Қатты желден кішкене жаңбыр | Түймедейді түедей қылу |
27 | D’un coté le loup nous menace, de l’autre coté — le chien. | Бір жақтан қасқыр, бір жақтан ит. |
|
28 | En hiver les jours n’ont point d’heures. |
|
|
29 | Etre assis entre deux chaises. | Екі орындықтың ортасында отырған құлайды. | Екі кеменің басын үстаған суға кетер. |
30 | Faire d’une pierre deux coups. | Бір таспен екі ұру. | Бір оқпен екі қоянды ату. |
31 | Goutte à goutte on emplit la cave. |
|
|
32 | Gouverne ta bouche selon ta bourse. | Аузыңды ақшаңа қарай аш. | Көрпеңе қарай көсіл. |
33 | Graissez les bottes d’un vilain, il dira qu’on les lui brûle. | Жаманның етігін майласаң, күйдірді дер. | Жаман иттің ішіне сары май жақпас. |
34 | Grande fortune, grande servitude. | Байлықтан тыныштық жоқ. | Артық олжа басқа еңбек. |
35 | Homme affamé ne pense qu’à pain. | Аш адамның ойында тек қана нан. | Аштың ақылы астан аспайды. |
36 | Il faut battre le fer pendant qu’il est chaud. | Темірді қызған кезде бас. | |
37 | Il faut tendre la voile selon le vent | Қайықтың желкенін желге қарай ыңғайла. | Көршің көр болса көзіңді қыс. |
38 | Il faut tourner sept fois sa langue dans sa bouche avant de parler | Сөйлерден алдын тілінді жеті рет қимылдат | 1.Жеті рет өлшеп бір рет кес
2.Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі. |
39 | Il ne doit pas aller au bois qui craint les feuilles. | Жапырақтан қорққан орманға бармайды. | Қасқырдан қорққан орманға бармайды |
40 | Il n’est pire eau que l’eau qui dort | Судың ең жаманы тоқтам су |
|
41 | Il ne faut pas réveiller le chat qui dort. | Ұйықтан жатқан мысықты оятпа. | Жатқан жыланның құйрығын баспа. |
42 | Il n’est si belle rose qui ne devienne gratte-ciel. | Ең әдемі гул де солады. | Өмір озады, ажар тозады. |
43 | Il n’y a si bon cheval qui ne bronche | Жақсы атта сүрінеді. | Сүрінбейтін тұяқ жоқ. |
44 | Il vaut mieux être fou avec tous que sage seul. | Жалғыз ақылды болғанша, көппен бірге ақымақ бол. | Көппен көрген ұлы той. |
45 | L’amour et la pauvrété font ensemble mauvais ménage | Жоқшылық пен махаббат шаңырақ құрмас |
|
46 | La belle plume fait le bel oiseau. | Құс қауырсынымен көрікті. | Адам кқркі шуберек, ағаш көркі жапырақ.. |
47 | La brebis bêle toujours de même. | Қой бір қалыпты маңырайды | Ауру қалса да әдет қалмайды |
48 | La façon de donner vaut mieux que ce qu’on donne. | Мәселе не бергенде емес, қалай бергенде. | Сыйлап берсе қара су да бал татыр. |
49 | Patience est amère, mais son fruit est doux. | Шыдам ащы, жемісі тәтті. | Сабыр түбі сары алтын. |
50 | La peur grossit les objets. | Қорқыныш заттарды үлкейтеді | Қорыққанға қос көрінеді. |
Қазақ-француз, француз-қазақ мақал-мәтелдері екі елдің әдебиетіне, фольклорына, мәдениетіне деген қызығушылықты арттырады. Қазақ өркениеттің жоғары дамып, әр түрлі мәдениеттер бір-бірімен байланысып, тоғысып, неше түрлі жаңалықтар тілімізге еніп жатыр. Қазақ халқы да рухани дуниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өсиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың маңал-мәтелдері.