Бұл филлиалдың орман қорының жеріндегі негізгі өзенде – Сол Талғар және Оң Талғар. Бұл екеуі де негізінен Талғар өзеніне құяды, Сол Талғардың ұзындығы 25км, ал екіншісінікі 17км. Қалған өзеншелер мен бұлақтардың ені 0,5-3,0м аралығында, олардың ішіндегі үлкендеулері Қотырбұлақ, ұзындығы 4км, Белбұлақ – ұзындығы 4км, Армақай – 3км, Тасты — 5км, әрі Солдат өзеншесі -4км, Микушин өзеншесі – 6км№ Бұл өзендердің бәрі таулы жерде орналасқандықтан үлкен жылдамдықпен (13м/сек дейін) ағады. Апрельдің ортасында көктемгі тасқындар басталады. Барлық өзендер мен өзеншелер ормандағы өсімдіктердің өсіп дамуына көмектеседі, ауыз судың негізі болып табылады, олар бақтарды суғаруға да пайдаланылады. Басқа су көздері бұл мекеме аумағында жоқ. Тұзды және сор жерлер мұнда кездеспейді.
Гидромилиоративті топырақтар суару үшін арық түрінде жүргізілген. Жалпы ағаш бұталы өсімдіктер мен жеміс ағаштар отырғызуға, бақтар өсіруге Талғар филлиалының жері өте қолайлы.