Орналастыру әдісі арқылы сұрыптау

Бұл әдістің негізгі мәні алдыңғы реттелген элементтерге соңғы элементтерді бір-бірімен қосып отыруда. Бірінші қадамға алғашқы екі элемент сұрыпталады. Содан кейін осы екі элементпен салыстырылып, сәйкес орынға үшінші элемент орналастырылады. Үш сұрыпталған элементтерге төртінші элементті қосамыз. Ол жаңа төрттіктегі өз орнына жайғасады. Сөйтіп, сұрыпталған n-1 элементтерге соңғы n-ші элемент қосылғанша жалғаса береді. Осы әдіске мысал ретінде мына процедураны қарастырайық:

Procedure ins(var x:Array Of Integer; n:Integer);

Var i,j,t:Integer;

Begin

For i:=1 To n-1 Do

Begin

T:=x[i];

J:=i-1;

While (j>=0) And (t<x[j]) Do

Begin

X[j+1]:=x[j];

j:=j-1;

end;

x[j+1]:=t;

End;

End;