1939-1941 ж.ж. Кеңес-түрік қатынастарының негізгі бағыттары

ХХ ғасырдың өте маңызды қасіретті оқиғаларының бірі болып табылатын екінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық тарихы көптеген отандық және шетелдік тарихшылардың зерттеу обьектісі болып табылады. Осы кезеңнің халқаралық қатынастар жүйесіндегі кеңес-түрік қатынастарының дамуы ерекше қызығушылық тудыратыны белгілі. Ұлы әлемдік державалардың бірі ретінде КСРО-ның сыртқы саясаты көп жағдайда тарих барысын айқындағаны күмәнсіз. Сонымен бірге Түркия да маңызды елдердің бірі болды. Шығыс пен Батыс қиылысындағы қолайлы географиялық орналасуы, сонымен бірге Басфор мен Дарданелл бұғаздарына бақылау орнату мәселесінде және Жерорта теңізінен Қара теңізге кемелерді өткізу мәселесінде шешуші роль атқаруы Түркияны ғасырлар бойы ұлы державалар арсындағы кескілескен дипломатиялық күрес пен соғыстардың обьектісіне айналдырды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Түркия тағы да Англия, Франция, Германия және Италия мүдделерінің түйіскен аймағына айналды. Түркияның маңызды стратегиялық жағдайы және түрік үкіметінің саяси жағдайға ықпал етуге ұмтылуы бұл мемлекеттірдің оған қатынасында белсенді саясат ұстануына жағдай жасады.Түркияның Кеңес Одағымен көршілік жағдайы олардың қарым-қатынасына екі мемлекеттің де қауіпсіздігі тұрғысынан қарағандаүлкен маңызға ие болды. Әсіресе, Қара теңіз бұғаздары аймағындағы қауіпсіздік мәселелерін екі ел өкілдері бірнеше рет талқылады. Өз кезегінде қарастырылып отырған кезеңде кеңес-түрік қатынастарында бетбұрыс кезең болды. Бұрынға Түркия Республикасының қалыптасу кезеңінде қол жеткізген достық байланыстарына салқындық түсе бастады.

Түркия Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңілісінен сабақ ала отырып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өте ұтқыр саясат ұстауға әрекет жасады. Мемлекет басшысы мен оның дипломатиясы елдің барлық шегараларында жүргізіліп жатқан әскери қимылдарға қарамастан елдің тұтастығын сақтай білді. Түркияның сыртқы саясатының ең басты жетістігі де осы болатын. Ұлы державалар арасындағы қарама-қайшылықты пайдалана отырып және өз мүмкіндігін дұрыс бағалай білген ел басшылығы бейтараптық ұстады. Кеңес басшылығы да бірнеше рет мойындаған осы бейтараптық соғыстың аса ауыр кезеңінде одақтастарға қызмет етті. Түркияның екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ұстаған саясатын американ ғалымы У.Боуэн одақтас бірақ соғыспайтын ел деп әділ бағалады.

Өзінің өмірінің соңында Ататүрік өз мұрагерлеріне солтүстіктен төнетін қауіпке мұқият болуды өсиет еткен болатын. Бұл қауіп дереу-ақ шындыққа айналды. Екінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы айларында-ақ КСРО Түркияға талаптар қоя бастады, нәтижесінде ол Шығыс пен Батыс арасындағы қарама-қайшылықтар аренасына айналды.

1939 жылы 23 тамызда Германия мен КСРОшабуылдамау туралы пактіге қол қойды, мұны Түркия мазасыздықпен қарсы алды. Бұл қадамның логикалық жалғасы Германияның 1939 жылы 1 қыркүйекте Польшаға соғыс ашуы болды, ал 3 қыркүйекте Ұлыбритания және Франция Польшамен келісіміне орай Германияға соғыс жариялады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.

1939 жылдың мамыр-маусым айларында Анкараның Лондонмен және Парижбен екіжақты декларацияға қол қойуын Түркияның саяси топтары ғана емес, ел жұртшылығы да қуанышпен қарсы алды. Декларацияда Ұлыбритания Түркияның территориялық тұтастығына кепілдік беретіні айтылған болатын. Ел президенті И.Инёню осындай кепілдікті Кеңес Одағынан да алғысы келді. Осы тақырыпта келіссөздер жүргізу үшінТүркияның сыртқы істер министрі Ш.Сараджоглу 24 қыркүйекте Мәскеуге бет алды, 1 қазанда оны И.Сталин мен В.Молотов қабылдады. В.Молотов кеңес тарапы өзара көмек туралы англо-франко-түрік пактінің жобасын қызығушылықпен танысып шықты және «Біз бұл келісімнің статьяларын мұқият талдауға әркет жасадық және Түркияның Англиямен, Франциямен жасаған өзара көмек туралы пакті нақты кімге қарсы бағытталғаны, жалпы құжаттың мазмұны бізге түсініксіз болды деген қортындыға келдік», — деп мәлімдеді. Кеңес-түрік қатынастары туралы мәселені қозғай отырып белгілі орыс тарихшылары А.Данилов пен А.Пыжиковбұны басталған соғыс жағдайында КСРО Түркияға қандай да бір кепілдік бергісі келмегені жайлы әділ түрде бағалады/1/.

Ш.Сараджоглу Мәскеуде 16 қазанға дейін қалды, бірақ бұдан кейінгі келіссөздер нәтижесіз болды. Осындай жағдайда бұл «дипломатиялық ойынның» барысын тамашалап отырған ағылшындардың және француздардың ресми өкілдері көктемде басталғанкеліссөздерді аяқтау мақсатында шешуші іс-әрекетке кірісті. Ақыр аяғы, 19-қазанда бұл процесс Анкарада ағылшын-француз-түріктер арасында өзара келісім туралы шартқа қол қоюмен аяқталды. КСРО бұл келісімге байланысты ұстамдылық көрсетті. Дегенмен қазіргі таңда жарыққа шыққан құпия дипломатиялық құжаттар Кеңес Одағының Түркияның бірқатар мәселелерде тіптен дербесшешім қабылдауынаөкпелі болғанын көрсетеді. И.Сталин Түркияға үлкен қызығушылық танытты және оның тағдыры туралы мәселенің бәрі Кеңес Одағының қатысуынсыз шешілуі мүмкін емес деп есептеді.

Көріп отырғанымыздай 1940 жылы Түркияның төңірегінде күрделі дипломатиялық шиеленіс орын алды. КСРО-ның үкіметтік делегациясының Берлинге (1940 жылы қараша) сапары кезінде, оны басқарып барған В.Молотов немістерден КСРО-ның Түркиядағы мүддесін қолдауын талап етті. Ең алдымен бұл бұғаздарға байланысты болды. В.Молотвқа Түркияны Кеңес Одағы мен Болгария арасында бөлісу жоспарланғанын аңғару қиын емес. И.Сталин Бұғаздар мәселесін бейбіт жолмен шешуге болмайтынын білді және оны тек Кеңес әскерлерін Болгарияға кіргізіп Түркияға қысым жасау арқылы шешу керек деп есептеді. И.Сталиннің бұл ойының барысы Коминтерннің Атқару Комитетінің Бас Хатшысы Г.Дмитревке 1940 жылы 25-қарашадаайтқан: «Біз түріктерді Азияға қуып тығамыз. Бұл қандай Түркия? Онда 2 миллин грузин, бір жарым миллион армян, 1 миллион күрдтер және т.б. Түріктер тек 6-7 миллион» — деген сөзінен анық көрініс тапты/2/.

1941 жылы 18 маусымда сыртқы істер министрі Ш.Сараджоглу Түркияның атынан және елші фон Папен Германияның атынан бір-біріне шабуылдамау туралы пактке қол қойды. Екі жақ ұлттық шегаралардың бүтіндігі мен қолсұғылмаушылығын құрметтеуге және бір-біріне қарсы жаулық іс-әрекеттен бас тартуға міндеттелді. Бұл келісім Түркияның басқа елдер алдындағы ең алдымен өзінің одақтасы Англия алдындағы міндеттерін жойған жоқ. Түркияның мүндай тәуекелшіл қадамын АҚШ пен Ұлыбритания ғана емес, КСРО-да ерекше мазасыздықпен қарсы алды. Бұл келісімнен 4 күн алдын, яғни 14 маусымда «Правда» газеті ТАСС-тың (Кеңес ОдағыныңТелеграф Агенттігі) КСРО мен Германия шабуылдамау туралы пакттің шарттарын еш мінсіз орындап жатқаны және екеуінің арасындағы соғыстың басталуы жайлы қауесеттің еш негізсіз екені туралы мәлімдеме жасады. Бірақ осы мәлімдемеден сегіз күннен кейін 1941 жылдың 22 маусымында Германия Кеңес Одағына шабуыл жасады және Екінші дүниежүзілік соғыс жаңа сатыға көтерілді.

1941 жылдың 26 маусымындаТүркия арнайы нота жариялады, онда өзінің Германияға қатысты және КСРО-ға қатысты да бейтараптық жариялайтынын мәлімдеді. И.Сталиннің бұл есепке байланысты үлкен күмәні болды. 4 шілдеде Закавказья мемлекеттерінің басшылары — Азербайжан КПОК-нің бірінші хатшысы М.Дж.Багиров, Грузияның КПОК-нің бірінші хатшысы К.Чарквиани және Арменияның КПОК-нің бірінші хатшысы Г.Арутиновпен болған әңгімесінде ол «Фронт сіздерден алыс, бірақ сіздер қауіпті аймақтасыздар. Біз Түркияның бейтараптығына толық сенімді бола алмаймыз» — деді/3/.

1941 жылы жылы тамыздың соңында кеңес-британ әскерлерінің Иранға енуі Түркияда қосымша қобылжу тудырды.Екі апта алдын 10-тамызда Ұлыбритания және КСРО Бұғаздар режимін және Түркияның территориялық тұтастығын сыйлайтыны жөнінде мәлімдеме жасады. Ал оны агрессия құрбаны болған жағдайда көмек көрсететініне сендірді. Дегенмен 1942 жылдың 25-сәуірдегі Закавказ әскери округінің жағдайын талқылау қортындысында И.Сталин және армия генералы И.Тюленов Закавказ округін Басштабтың 26-сәуірдегі директивасына сәйкес қару жарақпен және әскери техникамен күшейту туралы шешім қабылдады. Ал 5 мамырда 45 және 46 армияның басшылығына Түркия территориясынашабуылдауға дайын болу туралыдиректива келіп түсті/4/. Бұл жарақталған және даярлықтан өткен, сол территорияда соғысуға даяр армияның шынай әскери іс-әрекеттері еді.

Осымен бір қатарда 1942 жылдың мамыр айында кеңес-герман фронтындағы жағдай дерліктей қиындап кетті, әсіресе Қырым мен Харьков маңындағыауыр шайқастардың задаптары Түкияға қасы әскери қимылдады кешіктіуге себеп болды. Фашистік басқыншылардың Кавказға жақындауы Түркияны да өзінің қорғанысы жайлы ойлауға мәжбүледі. Закавказ майданындағы барлаушылардың 1942 жылдың 29-шіледегі мәліметі бойынша Түркияның кеңес шегарасынддағы қаулы күштеі 4 корпусты, 16 жаяу және 22 кавалериялық копусты құрады/5/.

Түрік әскерлерінің шығыс аудандарда топтастырылуы кеңестік тарихнамада көбінесе соғысқа даярлық деп бағаланды. Өкінішке орай, қазіргі ресейлік тарихнамада да бұл олқылық әлі толық шешілмеді. Түркияның ішкі және сыртқы саясатының түбірлі сұрақтаымен байланысты болған мәселені талдай отырып И.Иненю: «Кеңестер мен немістер арасында соғыс басталғаннан біз бұл соғыста бейтараптық ұстайтынымызды мәлімдедік. Кеңес үкіметі өзінің елшісі арқылы біздің Сыртқы Істер Министрлігіне 1942 жылы 9 қаңтарда Түркияның ұстанымы одақтастар үшін өте тиімді екенін ресми мәлімдеді. …кей жерде олар немістердің Еділге дейін жетуінде біз өз күштерімізді шығыс аудандарда шоғырландыру арқылыКеңестерге кедергі келтіргендігіміз туралы айтты… 1942 жылдың жазының соңында біз Трапезун мен Хопада әскерімізді шоғырландырып жатқанымызды ресми түрде кеңес үкіметіне мәлімдедік және ондағы мақсатымыз Кавказ фронтының тылынан немістерге соққы беру мүмкіндігі бар деп есептедік. Біз Кеңестеден қанағаттанарлық жауап алдық. Соғыс кезіндегі біздің күштеріміздің шоғырландыуы тек қана ось елдеріне қасы бағытталғанын бұдан артық түсіндіру мүмкін емес» деп атап көрсетті/6/.

Қазігі таңда жарыққа шыққан одақтастадың жазбалары 1943 жылы Түркияны қандай әдістермен болса да әскери қимылға тарту туралы келісімнің болғанын көрсетеді. 1943 жылы 19 қаңтардағы Касабланкадағы конференцияда ағылшындар мен американдықтар Германияға оңтүстік флангадан соққы беру және Ресейге жаңа транспорт линиясын ашу үшін Балқан фронтын ашу керек деп есептеді. У.Черчилль бұл жоспарларды жүзеге асыруда Түркия кілт болып табылады деп жазды.

1943 жылдың 30-қаңтары мен 1-ақпанындағы Аданедегі келіссөздерде У.Черчилль Түркиядан Анкарада қол қойылған пактініңшарттарынорындауды, яғни тез арадасоғысқа кіруін және Бұғаздарды ашуын талап етті. Бұған пезидент И.Иненю: « Түркия Анкара пактіне адалдығын сақтайды. Оны бұзу ойында да жоқ. Бірақ заманауи қару-жарақпен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген армиямен соғысқа ену жеңіліспен тең. Түрік армиясының заманауи қару-жарақ пен оқ-дәрісі жоқ. Егер Англия Қажеттерімізді өтесе, онда біз соғысқа енеміз» деп жауап берді. Осында қатысып отырған премьер-министр Ш.Сараджоглу Ресейдің әскери жетістіктері оны импералистік мемлекетке айналдыруы мүмкіндігін қосты. Оның пікірінше сол КСРО-ның импералистік менмендігінің қаупі Түркияның абай болу қажеттігіне мәжбүрлейді. Түрік қоғамын тыныштандыру үшін У.Черчилль егер Ресей себепсізден Түркияға соғыс ашатын болса, барлық халқаралық ұйымдар оны қорғайтынына уәде берді. Дегенмен Черчилльдің бар күш жігеріне қарамастан бұл шара пайдасыз болды, Түркияны соғысқа кіруге көндіре алмады/7/.

Түркияны соғысқа қатыстыру мәселесі 1943 жылғы Тегеран конференциясына қатысушы одақтас державалар басшыларының басты мәселелерінің біріне айналды. Олар Рузвельт, Черчилль және И.Иненюдің кездесуін ұйымдастыру қажет деп есептеді. Жоспарланған кездесу 1943 ылдың 4-6 желтоқсанына Каирде жоспарланды. Тегеран конференциясының шешімдерінен шыға отырып У.Черчилль Анкараның соғысқа араласу қажеттілігін және 1944 жылдың 15 ақпанында Түркияғаангло-американ әскерінің келетіні жайлы ескертті. Басқаша жағдайдаТүркиямен қатынасын үзетінін айтып сес көрсетті. Исмет Иненю жалпы одақтастардың пікірімен келісті, бірақ бірқатар мәселелерді анықтап алуға әрекет жасады. Мысалы егер «одақтық» Қызыл Армия Балқан түбегіне еніп алса, онда ол жерден мүлде шықпайды. Түркия мемлекет қайраткерлері енді герман емес кеңес имперализімінен қорқа бастады. Бұл сұрақтарға жауап бере отырып У.Черчилль болашақ халқаралық ұйым орыстарды Түркиядан алшақ ұстау үшінбірқатар шаралар қолданатынын мәлімдеді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі кеңес-түрік қатынастарын талдай келе ең алдымен Түркияның мемлекеттік қайраткерлері әскери қимылдардың қақ ортасында отырып елді еш қантөгіссіз соғыстан аман алып шықты деп қортындылауға болады. Сол кездегі американ және ағылшын дипломаттарының пікірінше Анкара екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңес әскерлерін өз территориясына енгізген жоқ және сол арқылы елдің соғыстан кейінгі тағдырын айқындады. Соғыс барысында Түркияның бейтараптық ұстауын одақтастардың көшбасшылары одақтастардың жеңісіне қызмет етеді деп атап өтті. Мұндай мәліметті КСРО-ның Сыртқы Істер Министрлігінің Түркияға арналған нотасында да ресми мәлімделді. Алайда соғыс барысындағы әскери басымдықтың кеңестер жағына өткен кезінен кеңес-түрік қатынасында қарама-қайшылықтар көбейе берді.

Резюме

В статье рассматриваются направления Исмет Иненю во внешней политике Турции и изменения во внешней политике Республики, а также акцентрируется внимание на историю советско-турецких отношений и на проблемы советско-турецких отношений 1939-1941 годах.

Summary

In this article discussed the history of the Soviet-Turkish communication and the problems of the Soviet-Turkish communication in 1939-1941 years, and told the directions of exterior politics Ismet Inenyu and change of exterior politics in Turkish Republic

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Данилов А.А., Пыжиков А.В. Рождение сверхдержавы: СССР в первые послевоенные годы. М., 2001. 12-б.
  2. Д.Гасанлы. СССР и Турция: от нейтралитета к холодной войне (1939-1953) М.2008. 211- б.
  3. Штеменко С.М. Генеральный штаб в годв войны. Кн М.1985. 29-б
  4. Акпон М. Черноморские проливы: незримые связи// Россисско-турецкие отношения: история, современное состояние и преспективы. М.,РАН, 2003. 54-б.
  5. Черчилль У. Вторая мировая война. Воспоминания. Мемуары. Т. 2. М, 91.68-б
  6. Д.Гасанлы. СССР и Турция: от нейтралитета к холодной войне (1939-1953) М.2008. 125- б.
  7. Черчилль У. Вторая мировая война. Воспоминания. Мемуары. Т. 2. М, 91.142-б.