Барлық әдістерді статикалық және динамикалық деп қарастыруға болады. Массивтен статикалық әдіспен іздеу кезінде оның мәндері өзгермейді. Массивтен динамикалық әдіспен іздеу кезінде оның өлшемі өзгеруі мүмкін, себебі ол қайтадан сұрыпталады. Біз көбінде статикалық әдісті қолданамыз, үйткені мәтіндік редактордағы сөздерді өзгерте алмаймыз, ал динамикалық тәсіл ойын құрғанда пайдаланылады.
Іздеу әдістерін сондай-ақ нақты кілттерді пайдаланатын және туындаушы кілттерді пайдаланатын деп екіге бөледі. Бұл жағдайда кілт деп өзіміз іздеп отырған сөзді айтады. Мәтіндік редакторға қолданылатын кілт – туындаушы болып табылады, себебі ізделінетін массив алдын-ала алфавит бойынша сұрыпталған. Бұл рет іздеуді жеңілдету үшін пайдаланылады.