Инвестициялар саласындағы мемлекеттік басқару органдары

Қазақстан Республикасының тікелей инвестицияларды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісіндегі бірден-бір уәкілді мемлекеттік орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы лауазымды тұлға болып табылады.

Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы мемлекеттік комитетінің қызметі туралы, сондай-ақ тікелей инвестицияларды ынталандыру жобалары бойынша істің жайы туралы үнемі Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне баяндап отырады.

Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің негізгі міндеті ретінде шетелдік және отандық тікелей инвестицияларды ынталандыру болып белгіленсін, ол мына мақсаттарға:

1) жұмыс орындарын құруға ;

2)Қазақстан кадрларын оқыту мен кәсіптік даярлауға;

3) табиғат ресурстарын игеру мен қорғауға;

4)базалық және қосалқы салаларды дамытуға;

5)инфрақұрлымды дамытуға;

6)елдің өнеркәсіптік және техникалық әлеуметін дамыту қарқынын нығайтуға, диверсификациялау мен ұлғайтуға;

7)отандық өнім сапасын арттыруға;

8)экспорт көлемін ұлғайтуға;

9)импортты алмастыруға;

10)басым аймақтардың экономикалық дамуын ынталандыруға;

11)экологиялық проблемаларды шешуге қол жеткізуге арналады.

Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті қызметінің мынадай негізігі бағыттары белгіленсін:

1)шетелдік және отандық тікелей инвестицияларды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүзеге асыру;

2)шетелдік инвесторлармен жұмыс жүйесін құру және тікелей инвестицияларды ахуалды жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

3)Қазақстан Республикасының экономикасы мен тікелей инвестицияларға деген қажеттіліктері туралы ақпараттық материалдар әзірлеу және шетелдерде тарату;

4)Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агентігімен, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шетелдік және отандық тікелей инвестицияларды тарту мәселелерінде есепке алу мен есеп беруді ұйымдастыру.

Алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетіне:

1)инвестициялық ынтымақтастық пен шетелдік тікелей инвестициялар жөніндегі келіссөздер жүргізу және халықаралық шарттарға қол қою;

2)орталық және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

3)тікелей инвестицияларды ынталандыру бөлігінде нормативтік құқықтық актілер жобаларына, орталық және жергілікті атқарушы органдар актілеріне сараптаманы жүзеге асыру және оларды әзірлеуге қатысу;

4)кеңесшілер, консультанттар және сарапшылар ретінде жұмысқа шетел азаматтарын тарту құқығы берілсін.

Инвестициялық өтінімге сараптама жүргізу және келісім шартты әзірлеу кезінде Комитет мелекеттік органдардың мамандарын, кеңесшілерді консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.

Комитеттің мемлекеттік органдардың мамандарын, кеңесшілер мен консультанттарды тартуының мақсаты инвестициялық жобаның Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен Комитеттің белгіленген талаптарына сәйкестігін айқындау үшін арнайы танымдар алу болып табылады. Комитет инвестициялық жобаны қарау және келісім шартты әзірлеу процесінде сараптаманың мынадай түрлерін ұйымдастыруға және жүргізуге құқылы:

инвесторда жобаны жүзеге асыру үшін қаржы, ұйымдастыру және техникалық мүмкіншіліктердің бар-жоқтығы;

заң сараптамасы;

жобаның қаржы және экономикалық сараптамасы;

техникалық сараптама;

экологиялық сараптама:

са(раптаманың басқа да түрлері, оның ішінде инвестициялық жобаның ерекшеліктеріне қарай Қазақстан Республикасының заңдары бойынша міндеттілері.

Тиісті мемлекеттік органның қажетті біліктілігі бар штаттағы қызметкері мемлкеттік органның маманы болып табылады.

Қажетті біліктілігі бар жеке тұлға, немесе қажетті біліктілігі, жұмыс тәжірбиесі бар мамандар штатына ие, сондай-ақ егер, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген болса, тиісті лицензиясы бар заңды тұлға кеңесші, консультант болып табылады.

Қажетті біліктілігі, жұмыс тәжірбиесі бар мамандар штатына ие, сондай-ақ егер, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген болса, тиісті лицензиясы бар заңды тұлға тәуелсіз сарапшы болып табылады. Тәуелсіз сарапшының Комитет пен инвесторға ұйымдық немесе материалдық тәуелділігінің болмауы міндетті.

Комитет мемлекеттік органдардың мамандарын, кеңесшілерді, консультанттар мен сарапшыларды мынадай жағдайларда тартады:

арнайы танымдарға қажеттілік туындағанда;

тәуелсіз сараптама жүргізуге қажеттілік туындағанда;

Комитетпен инвестордың арасындағы тараптардың кез келгенінің бастамашылығы бойынша даулы жағдайлар туындағанда.

Мемлекеттік органның маманын таңдауды Комитет өтінімінде мәселелер мен сараптаманы жүргізудің мерзімі көрсетіледі.