Инвестицияның жалпы түсінігі

“Ивестицияның” деген ұғым ағылшын тілінен аударылғанда “капитал салу” деген түсінікті береді. Бұл екі ұғым негізінен синонимдес сөздер болып табылады. Кең ұғымда экономикалық әдебиеттерде қаражат салу түсінігінің анықтамасы берілген — әрекет етіп кәсіпорындарды қайта салу, техникалық кеңейту және жаңа кәсіпорындарды салу үшін (өндірістен қаражат салу) жұмсалатын қаржылар деген. Яғни, қаражат салу дегеніміз — негізгі қорлардың туындауына, кеңеюіне және дамуына мақсатталған шығындар.

“Инвестициялар” ұғымының кеңірек түсінігі “Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу” монографиясында берілген. ( Бірақ, “инвестициялар” мен “капитал салу” ұғымдарының нақты түсінігін ресейлік ғалым В.М. Шумилов анықтаған). Бұл түсінік осы ұғымдарды нақты айыруға мүмкіндік береді. В.М. Шумиловтың айтуы бойынша “капитал салу” ұғымы өндірістің негізгі құралдарына ғана салым жасау, ал “инвестициялар” –кез келген экономикалық объектілер мен процестерге, яғни өндіріс құралдарына, запастарға, резервтерге, ақпараттың ресурстарға, құнды қағаздарға және т.б. салым жасау ретінде түсіндіріледі.

Қазақстанның заңдары бойынша шетелдік инвестициялар түсінігі келесі актілерде берілген — Қазақстан Республикасының 2003 жылы 8 қаңтардағы “Инвестициялар” туралы Заңында, Қазақстан Республикасының 1996 жылы 24 желтоқсандағы “Валюталық реттеу” туралы Заңында. Қазақстан Республикасының “Инвестициялар” туралы Заңының 1-ші бабында инвестицияларды табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері анықталған. Ал “Валюталық реттеу” туралы Заңның 1-1 бабы бойынша (8 тармақ) инвестициялар деп-ақшаларды, құнды қағаздарды, заттарды, мүліктік құқықтарды, оның ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелерін екі мақсатта беру табылады:

1.инвестициялау объектісінің жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз ету;

2.құнды қағаздарды алу.

Инвестиция ұғымына Дж Кейнс келесідей анықтама береді. “Нақты кезеңдегі өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болған капиталды мүлік бағасының ағымды түрде өсуі” немесе, нақты кезеңдегі кірістің тұтынылған бөлігі. Ал Массе пікірі бойынша, “инвестицияланған игіліктің көмегімен бүгінгі күнгі қажеттілікті қанағаттандыруды күтілетін болашақтағы нәтижені алмастыру актісі инвестициялау болып табылады”, деген. Осы жалпы анықтаманы капитал салу актісіне сәйкестендіруге болады.

Х.Г. Лоббес анықтамасы бойынша: “инвестиция деп-өндірістік күшті құру үшін тірі еңбек күшінің маңыздылығын өсіреді”

“Инвестиция” ұғымының анықтамасы халықаралық шарттар мәтінінде көрініс табады. Мысал ретінде, 1959 жылы 25 қарашадағы ФРГ мен Пакистанның арасындағы “Инвестицияларды қорғау және марапаттық” туралы шартты айтуға болады. Осы шарт бойынша, Инвестиция әр түрлі нысандағы капиталдар бір мемлекеттің территориясынан келесі мемлекетке инвестициялануы.

Инвестицияның әр түрлі нысандағы және түрдегі меншік ретінде танығаннан кейін, мемлекет меншік иелерінің мүдделері мен құқықтарын қорғайтын құқықтық нормаларды (жағдайлар мен кепілдіктер) белгілеуі қажет. Экономикалық әдебиеттердегі инвестиция түсінігі олардың барлығының ортақ белгісі бастапқы құннан көбірек құн капитал құнының өсімі.

Кейбір ғалымдардың пікірінше инвестицияның нәтижесінде пайда түсетін немесе арнайы тиімділікке қол жеткізілетін кәсіпкерлік және басқа да қызметтер обьектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі болып табылады. Мұндай құндылықтарға жататындар: ақша қорлары, банктік салымдар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар, құралдар және қозғалмайтын басқа да мүліктер.

Инвестицияның басты мақсаты: болашақтағы мұқтаждықтағы қанағаттандыру үшін капиталды ұдайы өндіріске пайда табу мақсатында салу мұндағы қаржылық инвестициялық қаржылық институтта салымдар салу, яғни мемлекеттер немесе жеке коммерциялар шығаратын акцияларға және басқа да бағалы қағаздарға салу нақтылы инвестициялар негізгі капиталға және материалдық өндірістік қорлардың өсуіне салынатын салымдар.