1) Cтавкалары.
2) Қосылған құн слығын қайтарып алу ережесі.
1) Қосылған құн салығының ставкалары.
Қосылған құн салығының ставкасы 15 процентке тең болады және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады
Экспортық айналым бойынша тауарлардың өткізу айналымына қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.
Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінің 15 процентіне тең болады.
Жеке тұлғаның оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарлар импорты кезін-де қосылған құн салығын жиынтық кедендік төлем құрамында төлей алады, оның мөлшері Қазақстан республикасының кеден заңдарына сәйкес айқында-лады.
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару салық органы қосылған құн салығын төлеушінің уәкілеттиі мемлекеттік орган белгілеген нысан тбойынша салықты қайтару туралы өтініш алған кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде және салық кезені ішіндегі қосылған құн салығы туралы декларация, тауарлардың экспортың растау үшін қажет құжаттар, салық органы жүргізген салық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау негізінде жүргізіледі.
- Қосылған құн салығын қайтару:
Қосылған құн салығын осы салықты төлеушінің аталған салық пен салықтың басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне жатқызу
Тауарлардың импорты кезінде төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу
Қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі
- Қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына қосылған құн салығын қайтаруоның салықтар бойынша мемлекеттік бюджетке салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі
- Егер қосылған құн салығын төлеушінің берушілері алпыс жұмыс күні ішінде қарсы салық тексерулерін кезінде анықталған бұзушылықтардыжоймаған жағдайда мұндай қосылған құн салығын төлеушілерге салықты қайтару бұзушылықтар анықталған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.
Белгіленген мерзімдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасын қай-тару мерзімі бұзылған әр бір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің берушісін тексеру тағайындау туралы шешім уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мынадай жағдайларда:
Қарсы тексерулер
Бұл салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтаруға өтініш беру сәтінің алдыңдағы он екі ай кезең ішіндегі аталған салық төлеушіге айына кемінде бір рет тауарлар өткізуді жүзеге асырған берушілерге
Электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін берушілерге
Қосылған құн салығы 1 миллион теңгеден астам сомаға көрсетіліп шот-фактура жазған берушілер міндетті текскруге жататыны
Егер қосылған құн салығын төлеушінің берушісі салыұ төлеушілердің мониторингтелуіне тиіс болса, салық қызметі органдары берушілер ұсынатын салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының сомаларының дұрыстығын растауы мүмкін екен,дігі ескеріле отырып қабылданады.
- Мыналар қосылған құн салығын төлеушілерге қайтарылмайды:
Шағын бизнес субъектілері
Шаруа қожалықтары
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар
Грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару.
- Грант қаражаттары есебінен алынатын тауарларды берушілерге төленген қосылған құн салығын, егер бір мезгілде мынадай шарттар орындалса салық органдары отыз жұмыс күні ішінде қайтарады:
Тауарлар алынатын грант қаражаттары мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілсе
Тауарлар тек грант мақсаттарын іске асыру үшін алынса
Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсетулер грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылса .
- Грант алушыларға қосылған құн салығын қайтару , қосылған құн салығы грант қаражаттары есебінен төленгенің растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі. Қосылған құн салығының грант қаражаттары еебінен төленгенің растайтын құжаттардың тізбесі н уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Қосылған құн салығын Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатия-лық жөне оларға теңестірілген өкілдіктерді қайтару.
- Қосылған құн салығы сомаларын Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қайтару осы дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостардың және қосылған құн салығының төленген фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде жүзеге асырылады.
- Жиынтық ведомостар уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда орындалып, дщипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер жанама салықтар бойынша жеңілдіктер беру кезінде өзара түсіністік принціпін сақтау жөніндегі ноталармен алмасуды растау үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірлігіне табыс етеді. Расталғаннан кейін жиынтық ведомостар уәкілетті мемлекеттік орган қайтару жүргізуді белгілейтін салық органына тапсырылуы тиіс.
- Салық органдары дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге салықты қайтаруды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен жиынтық ведомостар алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Бюджеттен қайтарылуға тиіс салық сомалары дипломатиялық өкілдіктердің және осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік – техникалық қызметшілерінің тиісті шотына аударылады.
аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралоы өтініш беруге құқылы.
Қосылған құн салығын төлеуші мұндай құқықтыөзін қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, аз дегенде екі жыл өткеннен кейін пайдалана алады.
Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланымтықызметін тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңіненкейінгі алты айдың аяқталуын кешіктірмей, өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.
Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға салық төлеушілердің мемлекеттіктізімінен алып тасталған күнненбастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуы тиіс.
Жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместерқосылған құн салығы бойынша өзін есептен шығару туралы өтініш берген кезеңнен кейінгі салық кезеңінің алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеуші болуын тоқтатады.