Психологиялық ақпараттандыру және психологтың мектептегі өзін-өзі жарнамалауы

Қоғам өмірінің жаңарып — жаңғыруы демократиялық өзгерістерге бет бұруы жеткіншектерге тәрбие мен білім беру процесін халықтың өткен тарихы мен, рухани-мәдени мұраларымен, өмірлік бай тәжірибесімен тығыз байланыста ұйымдастырып, ұштастыра жүргізуді қажет етеді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, (дербес мемлекеттікке қол жеткізіуіне орай жеткіншектерді атамұра дәстүрінде тәрбиелеуге халықтың ынта-ықыласы арта түсті. Бұл ұрпақтар жалғасының, дәстүр сабақтастығының нығая түсінуіне септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында… жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзатттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы үшін жағдайлар жасау қажеттігі айтылса, ол Қазақстан Республикасы заңы І-бөлімнің 2-бабында «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып үйренуі үшін жағдайлар жасалуы қажет» деп атап көрсетіліп, халықтық мәдениеттің маңызына үлкен көңіл бөледі. (1,5–бет).

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени дамуының Тұжырымдамасында «тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік мәдени даму жолы дегеніміз-ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл, халық дәстүрлері мен әдеп-ғұрпының толымды түрлері, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтардың моральдық байлықтарына қайтып оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау» (2,32–бет) деп атап көрсетілген болатын.

Халықтың бала тәрбиесі жөніндегі тәлім-тәрбиелік тәжірибелерін, ауыз екі халық шығармашылығын, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ұрпақ тәрбиесінде пайдалану туралы Ұлы ғұламалардың айтқан идеяларын оқып, біліп қана қоймай, әрбір психолог өз тәжірибесінде кеңінен қолданғаны жөн. Ол үшін психолог ең алдымен мынаны білуге тиіс.

Психолог мектептегі барлық іс-шараларға белсенді қатысып, өзінің жұмыс және жұмыстан тыс уақытын пайдаланып, үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін.

Бірақ, көбінесе әр мектептегі әріптестері сынап; «Осы біздің психолог не бітіріп жүр, оның жұмысы мүлдем көрінбейді ғой», деген тұжырымға келуі мүмкін.

Егер, психолог, мектеп әкімшілігін және мұғалімдерді ақпараттандырмаса, өзін-өзі жарнамалай білмесе, жоғарыдағыдай пікірлердің туындауы заңды құбылысқа айналуы мүмкін. Сондықтан психологтың жасайтын алғашқы қадамдарының негізгілеріне талдау жасайық. Бұл негізгі іс-қимылдар психологиялық ақпараттандыру және өзін-өзі жарнамалау мақсатына жетуіне көмектеседі.

  1. Мектеп психологының кабинеті.

Мектепте психолог өзінің бір орташа кабинетіне ие болуға құқылы(10-12 кв.м).Ол кабинет толық жабдықталған болуы керек: 2 үстел, орындық, 2 кресло, кітаптар қоятын шкаф, репродукциялар, перде, гүлдер, телефон, басатын машина, (немесе компьютер), сейф,(онда диагностикалық нұсқаулар және әртүрлі психологиялық зерттеулердің материалдары сақталады).

Психологтың кабинетінде жеке психологиялық жұмыстар жүргізіледі(консультациялар, психотерапевтикалық сеанстар, әңгімелер, психодиагностикалық тексерулер және т.б.)

  1. Топтармен психологиялық жұмыс жүргізуге арналған бөлме.

Психологтың кабинетінен басқа психологқа жеке бөлме бөлінуі тиіс. Ол көпшілікпен өткізілетін әртүрлі дәрістерге керек: оқу ойындарға, психологиялық дәрістерге, педагогикалық клубтың дәрістеріне және т.б. Ол 20-24 кв.м. кем болмауы керек. Әрине, барлық мектептерде психологтарға ондай жағдай жасалмайды. Сондықтан мұндай кезде психолог акт залын пайдалану мүмкіншілігі бар. Бөлменің жабдықталуы төмендегідей болуы керек: 20-30 орындық, үлкен үстел, кілем, обойлар, перделер, әртүрлі репродукциялар, гүлдер. Видеотренинг өткізу үшін арнайы құралдар болуы керек(магнитофон, видеомагнитофон т.б.).

  1. Мектеп психологының өзін-өзі жарнамалауы.

Өзін-өзі жарнамалау үшін, мектеп психологына, әсіресе мектептегі жұмысының алғашқы кезеңінде , үнемі шұғылдану қажет. Бұл процесс 4 кезеңнен тұрады.

1-кезең. Біріншіден, жұмыс жоспары мен жұмыс кестесін түзу керек.

2-кезең. Екіншіден, мұғалімдердің сабақтарына қай күні, сағат нешеде кіретінін белгілеп қою керек: психологиялық зерттеулер, консультациялардың, ойындар мен тренингтердің кестесін жазып қою керек.

Бұл кесте мектептің кем дегенде үш жерінде тұруы тиіс: психологтың кабинетінің есігінде, мұғалімдер бөлмесінде және кіре беріс есікте.

3-кезең. Үшіншіден, психолог бастауыш және жоғары буындағы сыныптарға психология туралы әңгіме жүргізу мақсатында кіруі қажет. Әрине, бұл әңгімелер оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ой-өрістерінің дамуына қарай құрылғаны дұрыс. Мәселен, бастауыш сыныптарда оқушыларды суреттер және әртүрлі тәжірибелер арқылы психологияға қызықтыруға болады.

Мысалы: Тәжірибе. Екі бірдей шыны ыдысқа су құйып, екі түрлі бояумен араластырыңыз, (сары-«фанта», қоңыр). Осылай етіп, екі ыдысты, балаларға көрсетіп, бірақ иісін сездірмей қатарлар арасынан өткізіңіз. өзіңіз сары сұйықтықты көрсеткен кезде «фантаның» иісін сезіп тұрғандарыңызды білдіріңіз, ал қоңыр сұйықтықты көрсеткен кезде, жағымсыз иісі бар екендігін білдіріңіз. Бұл сұйықтықтардың ешқандай иісі болмағанымен, балалар сіз айтқандай иістері бар деп айтады. Ең соңында балаларға ыдыстардың ешқандай иісі жоқ екенін дәлелдеп беріңіз. Ыдыстарда болған су екенін білгенде, балалар аңтаң болады.

Бастауыш сыныптарда әртүрлі психологиялық ойындарды, психологиялық жаттығуларды өткізіп, жұмбақтар жасырып ойнауға болады. Негізгі мақсат, балалармен танысып, олармен жақсы қарым-қатынас орнату. 1-2 минуттық әңгімелер өткізіледі. Ең бастысы-оларды әртүрлі әдістермен қызығушылығын арттыру: суреттермен, қызықты фактілермен.

Орта және жоғары сыныптарда әңгімелер ақпаратты және тәрбиелі болуы керек.

Жоғары сыныптардың оқушыларымен сөйлескен кезде төмендегілерге көбірек тоқталу керек.

— психологтың көмегі нақты қай жағдайда керек, қай мәселені шешуге көмектеседі, психолог балаларға әртүрлі қиындықтардан шығуға , кез келген жағдайда өзін-өзі еркін ұстауға, еркін сөйлеуге үйретеді, достармен, ата-аналармен, мұғалімдермен жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектесе алады.

— психолог және психиатр деген екі мамандықтың айырмашылығына тоқталу керек. Балалар үшін психолог / психиатр/ дәрігер.

Ал дәрігер емдейді, кімді ? Ауруларды.

Сондықтан көп балалар жеке дәрістерге келетіндерді «псих» деп мазақтауы рас.

Сол үшін осы екі мамандықтардың айырмашылығын нақты фактілермен дәлелдеп беру керек.

Психологияға қызығушылықты арттыру үшін жоғары сыныптардың оқушыларына адам сенбейтін, бірақ өмірде болған керемет оқиғаларды айтып беру керек. Сонымен қатар ойындық тестілеу өткізуге болады. Балаларға «Өз — өзіңді бақылай білесің бе?», «Сіз оны қаншалықты сүйесіз?», «Бір-бірлеріңізді түсіне білесіз бе?» деген сияқты сөздер әрқашанда ұнайды. Бұл жағдайда ең бастысы: балалармен бірге әңгімелесіп, оларды пікірталасқа тарту, сөйлесу, ойларын білу. Олар өз ойларын психологпен ақылдаса, бөлісе отырып айтады. Психолог балалардың кез келген сұрағына жауап айта білу керек.

Ондай әңгімелердің соңында психолог оқушыларды жеке консультацияға немесе дәріске шақырумен аяқтап отыру керек.

Психолог әрі ата-аналар жиналыстарына қатысу керек. Балалардың жақсы немесе нашар оқуына міндетті түрде отбасындағы жағдайлар әсер етеді. Психолог ата-аналармен әңгімелескенде отбасы тәрбиесінің жағдайына көңіл аудару керек. Мұндай әңгімелер консультацияға шақырумен аяқталады (олардың кестесі түзілген болатын).

4-кезең. Психолог мұғалімдердің алдында бірнеше рет әртүрлі тақырыпта баяндамалар жасау керек. Оның мақсаты психологияның мектепке келтіретін пайдасын түсіндіріп, әр мұғалімнің жүрегіне жеткізу. Сонымен қатар психолог өздерінің жоспарлары туралы айтып отыру керек, оларды біргелікті жұмыс жүргізуге шақыру керек.

Әр тоқсанның соңында психолог істеген жұмыстарына педагогикалық кеңесте есеп беріп отыру керек. Біріншіден, мұғалімдер өздеріне деген құрметті сезіп отырады. Екіншіден, оларда «Біздің психолог не бітіріп жүр?» деген сұрақ тумайды. Есеп бергенде нақты аты-жөндері көрсетілмей, жалпылама баяндау керек. Үшіншіден, мұғалімдер психологияның маңыздылығын түсіне бастайды.

4.Психологтың сыртқы көрінісі.

Аудиторияның ерекшеліктеріне қарай психологтың сыртқы көрінісі өзгеріп тұруы керек.

Мысалы, мұғалімдердің алдарында лекция оқыған кезде, үстіңізге бар алтыныңызды тағып, театрға барғандай киініп шығып, ал лекцияның мазмұнындағы мұғалім-психологтың образы мүлдем керісінше сипатталып тұрса, онда бұл аудитория сізге түсінбей қалады. Өйткені, мектеп мұғалімдерінің тұрмыс-жағдайы орташа, сіз соларға лайықтап киініп шығуыңыз керек және де даусыңыз, өз-өзіңізді ұстауыңыз сол аудиторияға сәйкес болу керек.

Егер сіз жасөспірімдердің алдарында лекция оқитын болсаңыз, олардың алдына ыңғайлы свитер мен шалбар киіп, модаға сәйкес бижутерия тағып шықсаңыз болады. Лекцияда жасөспірімдер қолданатын кейбір сөздерді пайдалансаңыз да болады. Жастардың проблемаларын жақсы түсінетініңізді және нақты көмек бере алатыныңызды көрсету керек.

Әдебиеттер:

  1. Білім заңы 1-бөлім, 2 –бап. 1-5 бет.
  2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік – мәдени дамуының тұжырымдамасы. 2,32 бет.
  3. Первые шаги школьного психолога Н.В.Самоукина.

Резюме

В этой счастье были даны первые шаги работы психолога. Эти действия способствуют рекламированию самого психолога и психологической информации.

In this article the first steps of psychologist were analised.

These actions are organized inorder to advertise himself and help for phychological informing of serounding people.