Ертегі терапия — бұл адамның ішкі әлемімен жұмыс істеу барысында әсер етудің таңғажайып тәсілі, дамытудың күшті құралы. Біздің ішкі әлеміміз ертегіге ұқсас. Психологтардың ертегіге деген қызығушылығы өте ертеден басталған. Дегенмен, тек соңғы жылдары ғана ертегі терапиясы практикалық психологияның дербес бағыты болды.
Адамға өзіндік дамудың субъектісі болуына мүмкіндік беретін маңызды жағдай өзіндік дамудың белгілі бір деңгейіне жету болып табылады, яғни өз «Менінің» деңгейіне жету, өзінің «Меніне» қарым-қатынас және өзінің «Менін» басқару. Студенттің өзіндік санасының дамуы , ересектер қоятын талаптар жүйесімен (оқу, тәрбие) және өзінің жеке спонтанды белсенділігінің арасындағы сырттай реттеуші қарама-қайшылықты жеңу арқылы жүзеге асады.
Ертегі терапияны пайдаланатын сабақтар мен тренингтерде педгогтар және психологтар нақты бір мәселемен жұмыс жасай отырып, олардың алғашқы себептерін табады және ішкі үйлесімділіккке жетуге көмектеседі.
Себебі ертегіде де өмірде де үйлесімді тұлға жасаушы, ал дисгармониялы тұлға бұзушы ретінде көрініс береді. Кез келген ертегіде – жасаушы бұзушыны жеңеді, яғни жақсылық зұлымдықты жеңеді. Ертегі өзінің метафорлығының арқасында дамытушы және психотерапевтік құралдардың бірі болып болып табылады.