Топырақ — климат, мелиоративтік және агроэкологиялық жағдайы

Қазақстанның оңтүстік облыстарында суармалы егіншілікке жарамды 8 млн. гектар жер бар. Олар Шардара су қоймасынан бастап Сырдария өзенінің екі жағасында Арал теңізіне дейін орналасқан. Территория бойынша Шымкент және Қызылорда облыстарына жатады. Суармалы егіншілік үлкен массивтерде (аймақтарда) орналасқан: олар — Қызылқұм, Түгіскен, Жаңақорған-Шиелі, Қызылорда және Қазалы алқаптары [72, 73]

Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы — 226,0 мың км2 жерді алып жатыр. Шығысы мен оңтүстік-шығысында Шымкент облысымен, солтүстігінде — Қарағанды (Жезқазған), солтүстік-батысында — Ақтөбе облыстарымен, оңтүстігінде — Өзбек Республикасымен шектеседі (1-сурет).

Облыс Сырдария өзенінің төменгі ағысының бойында, Азия шөлінің белдеуінде орналасқан Туран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Батысында — Арал теңізі, оның солтүстік және шығыс бөлігі жиегіндегі аралдармен қоса облыс құрамына енеді. Жазықтың абсолюттік деңгейі оңтүстікте 200 м, Арал теңізінің жағасында — 53 м. Облыстың оңтүстігі мен батысында жал-жал, ойдым-ойдым, төбе-төбе құмдар алқабы бар [30, 72, 73].

Облыстың климаты шұғыл континентті: жазы ыстық, қысы суық, қар алағат түседі. Облыс бойынша ауаның орташа жылдық температурасы +7-11°С. Орталық Азияға тән атмосфералық процестер, ауа массаларының, соның ішінде циклондардың жылжуы Арал өңірінің климаттық ерекшелігін анықтайды. Батыстық ылғалды және солтүстіктен келетін суық ауа массалары температураны төмендетіп, жауынның немесе қардың жаууын туындатады [30, 73].

Жылдың жылы кезеңі үшінші аймақта (Арал, Қазалы аудандары) 20-25 наурыздан 8-15 қарашаға дейін, екінші аймақта (Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында) 14-18 наурыздан 11-16 қарашаға дейін, бірінші аймақта (Жаңақорған, Шиелі аудандарында) 3-6 наурыздан 20-23 қарашаға дейін. Ең суық ай – қаңтар, ең жылы ай – шілде. Облыс территориясында жаз ыстық және ұзақ болады. Ең жылы айда (шілдеде) ауаның орташа температурасы 26-280 С төңірегінде болады.

2-кесте. Егіншілік аймақтарындағы ауа райының негізгі көрсеткіштері (1972 – 2007 ж.)

Көрсеткіштер

 

 

Егіншілік аймақтары және метеостанциялар
Түгіскен

(Аққұм)

Жаңақорған

Шиелі

Қызылорда Қазалы
 Ауа температурасы +10°С-тан ауысуы: көктемде          күзде 3.04         13.09 5.04          14.10 9.04     9.10 14.04

10.10

+100С-тан жоғары темпера-турасы бар күндер саны 192 191 182 176
Кезең ішіндегі +10°С-тан жоғары температура қосындысы 4176 3929 3724 3650
Ауа температурасы +15°С-тан                                                                                     ауысуы: көктемде                                      күзде 21.04          26.09 22.04       26.09 26.04           21.10 30.04 21.09
 +15°С-тан жоғары температурасы бар күндер саны 157 156 147 143
Кезең ішіндегі +15°С-тан жоғары температура қосындысы 3782 3482 3281 3217
Суық болмайтын кезең ұзақтығы, күндер 178 177 176 167
Шіоде айындағы орташа температура, °С 29,2 26,0 25,8 26,1
Жауын шашын мөлшері, мм

Бір жылда

мамыр-қыркүйек айларында

 

 

159

29

 

 

119

24

 

 

109

31

 

 

 

124

40

құрғақшылық жылдары небәрі 30-80 мм, ал ылғалы мол жылдары 200-215. мм жауын жаууы мүмкін. Келіп түсетін жалпы радиация қосындысы 116-127 ккал/см2. Облыстың температура ресурсы ерте дәнді дақылдарды өсіруге жеткілікті [30, 73].

Ауаның 10 С-тан жоғары жылы температураның жиынтығы бірінші аймақта — 3800-4200°С, екінші аймақта — 3700-4100°С, үшінші аймақта — 3500-3800°С. Облыс территориясындағы жылудың мол қоры суармалы жағдайда дәнді дақылдар, көкөніс (овощ), бақша, жеміс-жидек дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді [30, 73].