Халықаралық үкіметаралық уйымдар (ММПО) қазіргі халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқарады. Халықаралық уйымдардың бұл категориясының маңыздылығы олардың жумысына мемлекеттер мен үкіметтердің ресми түрде қатысуында болып отыр.
Мемлекеттер бул уйымдарға мүшелігін өздерінің сыртқы экономикалық саясаттары мен қызметтерінің басты бағыттарының бірі деп қарастырады. Мұндай ұйымдар үкіметтердің ерекше қамқорлығында: әрбір мемлекеттің сыртқы істер министрлігі құрамында халықаралық ұйымдармен шұғылданатын бөлімдер бар, халықаралык, үкіметаралық ұйымдарға төленетін мүшелік жарна мемлекеттік бюджеттің сыртқы саяси және сыртқы экономикалык, қызметіне арналған бабының қомақты бөлігіне ие болуда.
Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қатарынан экономикалық мәселелермен шұғылданатын ұйымдардың қызметін атап көрсетейік. Ол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық секторындағы жағдайды қарастырайық. БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметгік кеңесі (ЭКО СОС) Бас Ассамблеяға, оның комитеттері — Екінші комитетке (экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі) және Үшінші комитетке (әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет жөніндегі) есеп беруге міндетті.
БҰҰ-ға мүше елдердің қатары өскен сайын экономикалык, сектордың салмағы да арта түсуде. 60-жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД). Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі ұйым (ЮНИДО) сияқты ірі экономикалық органдар құрылды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі СТОКГОЛЬМ конференциясы БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) жүзеге асыра бастады. БҰҰ-ның экономикалык, қызметтермен шұғылданатын бөлімдері оның ресурстарының басым бөлігін (65-тен 90%-ке дейін) жұмсайтын көрінеді.
Егер БҰҰ-ның маманданған мекемелері жөнінде айтатын болсақ, олардың қатарынан “таза» экономикалык, бөлімдерді бөліп алудың өзі қиын. Әрине, БҰҰ-ның органдары мен ұйымдарын экономикалык,, әлеуметтік т. с. с. деп бөлудің өзі шартты нәрсе. Дегенмен жыл сайынғы жүздеген миллион бюджеттік шығындар БҰҰ-ның экономикалық қызметінің деңгейін көрсетсе керек. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ), Халықаралык, еңбек ұйымының (MOT), БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО), қызметтерін жалпы талдау олардың іс-әрекеттеріндегі экономикалык, аспектілердің мейлінше маңызды және басым екендігін көрсетеді.
Қазақстан БҰҰ-ға оның 164-ші ұлттық мушесі болып 1992 жылдың 2 наурызында қабылданды. Біздің Республика БҰҰ-ның саяси мәселелер жөніндегі блогының белсенді мүшелерінің бірі. Қазақстанның бул беделді халықаралык, ұйымдағы белсенділігі, әсіресе ядролық қауіпсіздік мәселелерімен тығыз байланысты. Сондай-ақ, Қазақстанның еуразиялык, қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бастамалары да көпке мәлім.
Қазақстандық өкілдіктің БҰҰ-ның көмекші органдарындағы іс-қимылдары айтуға турарлық. Соңғы уақыттың өзінде Қазақстан БҰҰ-ның экономикалык, және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС), елді мекендер комиссиясы мен ақпарат Комитетінің мүшелігіне кірді. Біздің Республика БҰҰ Бас Ассамблеясының космосты бейбіт мақсаттарға пайдалану комитетінің де мушесі Қазақстан БҰҰ-ның даму және қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасымен (ЮНЕП) де белсенді ынтымақтастықты қолдап, олардың Арал, Каспий, Семей проблемаларын шешудегі көмегіне үміт артып отыр.
БҰҰ-ның даму Бағдарламасы (ПРООН) 1965 жылы қурылған. Бул Бағдарлама — дамушы елдерге көп жақты техникалық және инвестицияға дейінгі көмек көрсететін негізгі арна. Аталған көмектер эксперттерді жіберу, жабдықтар беру, стипендиялар тағайындау сияқты нысандарда жүзеге асырылады. БҰҰ-ның даму Бағдарламасының Қазақстандағы қызметі 1993 жылы басталып, улттық кадрларды даярлау, үкіметке консультативтік көмек көрсету бағыттарында жүргізіліп келеді.
БҰҰ-ның маманданған мекемелері
Бүкіл дүниежүзілік метеорологиялык, ұйым (ВМО) — ме^еорологиялық және гидрологиялық мәселелер жөігіндегі халықаралық үкіметаралық ұйым 1950 жылы құрылған. Штаб-пәтері Женевада орналасқан. Қазақстан ВМО-ға 1993 жылы мүше болып кіруіне байланысты оның аймақтық тораптарын құруға қатысу мүмкіндігін алды және ВМО-ның көмектесу бағдарламасы шеңберінде қажетті жабдықтар алуға қол жеткізіп отыр.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) дүниежүзінің 170-тен астам мемлекеттерін біріктіреді. Женевада орналасқан. Қазақстан ВОЗ-ға 1992 жылдан муше. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы біздің мемлекетке шетелде мамандар даярлау, жаңа әдебиеттер мен оқу құралдарын шығару сияқты істерде көмек беріп отыр. ВОЗ-дың бағдарламасы негізінде Семей полигоны аумағы халқының денсаулық жағдайы мен қажеттіктері зерттелуде. ВОЗ Алматыда денсаулық сақтау жүйесі үлгін біліктілігі жоғары маман-менеджерлер дайындайтын Орталық ашуды жоспарлап отыр.
Бүкіл дуниежүзілік инттеллектуалды меншік ұйымы (ВОИС) — құрамында дүние жузінің 140-тан астам мемлекет бар халықаралық, үкіметаралық ұйым. Қазақстан ВОИС-қа 1992 жылдың ақпанынан бастап муше, біздің мемлекет өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж одағының мүшесі және патенттік кооперация жөніндегі шарттың, тауар белгілерін тіркеу жөніндегі халықаралық Мадрид келісімінің белсенді қатысушысы. ВОИС Қазақстанның ұлттық патенттік ведомствосына, мемлекеттік авторлык, құқық агенттігіне мамандар даярлау, техникалық жабдықтау әдістемелік, ақпараттық қолдау мәселелерінде едәуір көмек көрсетіп келеді.
Бүкіл дүниежүзілік почта О даты (ВПС) — халықаралык, ұйымдардың ең көнесі 1874 жылы құрылған. Қазіргі уақытта 170-тен астам мүшесі бар. Одақтың мақсаты — почта байланыстарын ұйымдастыру мен жақсартуды қамтамасыз етіп, бұл саладағы халықаралық қатынастар үшін қолайлы жағдайлар жасау. Бүкіл дүниежүзілік почта одағына Қазақстан 1992 жылдың тамызында мүше болып кірді. Сеулде (Корея Республикасы) шақырылған соңғы бүкіл дүниежүзілік почта конгресінде Қазақстан осы одақтың жоғарғы органы — атқарушы кеңестің құрамына сайланды.
Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО) 1958 жылы құрылған. Штаб-пәтері Лондонда. 1994 жылдың наурызында Қазақстан Халықаралық теңіз ұйымына мүшелікке қабылданады. Бул одақ кеме қатынасы, теңіздегі қауіпсіздік, навигация, теңіздің ластану мәселедері шеңберінде ынтымақтастыққа қызмет етеді.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 1995 жылы құрылған. 183 мемлекетті біріктіреді. Мақсаты; халықаралық әуе қатынастарының принциптері мен әдістерін жасау; азаматтық авиацияға көмек көрсету; үшу жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымына 1992 жылдың ішлдесінен бері мүше. 1994 жылы дүниежүзілік әуе транспорты процесіне мейлінше интеграциялану үшін, сондай-ақ азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оның ережелері мен нормаларын қатаң орындау мақсатында Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 4-конвенциясына және Протоколына қол қойды.
Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ) — дүниежүзінің 170 мемлекетін әлеуметтік әділеттілікті жақтау, еңбек жағдайын жақсарту және қорғау, мамандыққа үйрету мәселелері төңірегінде біріктіріп отыр. Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымына 1993 жылдан муше. 1995 жылы аталған ұйым Алматыда Орталық Азия мемлекетіері ушін өзінің аймақтық офисін ашты.
Халықаралық электр байланысы одағы (МСЭ). Бул одаққа 17 0 мемлекет мүше. Мақсаты: электр байланысының барлық түрлерінің техникалық жабдықтарын жақсарту телекоммуникация саласына жаңа технологиялар енгізу мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Қазақстан аталған ұйымға оның Жарғысы мен конвенциясына қол қойғаннан соң 1993 жылдың ақпанында қабылданды.
БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі маманландырылған ұйымы (ЮНЕСКО) 1945 жылы құрылған. Оның мақсаты дүние жүзінде бейбітпгілік пен қауіпсіздікті нығайтуды ғылым, білім, мәдениет салаларындағы еларалық ынтымақтастықты мейлінше күшейту арқылы жүзеге асыру. ЮНЕСКО-ның секретариаты Парижде (Франция) орналасқан.
Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 жылдың мамырында муше болып кірді. Қазақстанда және дүниежузінің басқа да көптеген елдерінде ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен.
Абайдың 150 жылдығы және М. Әуезовтің 100 жылдығы салтанатты турде аталып өтті. 1995 жылдың тамызында Алматыда ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен “Орталық Азия мемлекеттеріндегі білім берудің жағдайлары» атты форум өтКізілді.
Халықаралық қаржы ұйымдары
Халықаралық валюталық қор (МВФ) 1945 жылы құрылған. Штаб-пәтері Вашингтонда (АҚШ) орналасқан. Мақсаты: халықаралык, валюталык, ынтымақтастықтың дамуына, дүниежүзілік сауданың кеңеюіне, мүше елдердің ұлттық валюталарының тұрақтануына, олардың төлем балансы мәселелерін қысқа мерзімді несиелер арқылы шешуіне көмектесу.
Халықаралық қайта құру және даму банкі (МБРР) 1945 жылы құрылған. МБРР-дың мүшелігіне тек қана МВФ-тың мүшелері қабылданады. Қазір құрамында 176 ел бар. Мақсаты: өндірісті улғайту үлгін күрделі қаржының қажетті бағыттарын ынталандыру, шетелдік жеке меншік капиталды келтіруді ынталандыру, халықаралық сауданың тұрақты түрде өсуіне жағдай жасау, т. б.
Халықаралық даму ассоциациясы (MAP) — (МБРР)-дың филиалы. 1960 жылы ең кедей елдерге процентсіз займ беретін несие уйымы ретінде қурылған, қатарында 154 ел бар. MAP өз несиелерін табысы жан басына шаққанда 1305 доллардан аспайтын елдерге ғана береді.
Халықаралық қаржы корпорациясы (МФК) 1956 жылы экономикасы нашар дамушы елдердің жеке меншік кәсіпорындарын тікелей инвестициялау мақсатында МБРР-дың филиалы ретінде қурылған. МФК-ға 15 6 ел мүше.
Инвестицияларға кепілдік беретін көп жақты агенттік (МАГИ) — МБРР-дың филиалы ретінде 1988 жылы қурылған. Қазір МАГИ-ге 110 муше ел бар. Аталған агенттік дамушы елдерге жеке меншік инвестицияларды тартумен шұғылданады. Бұл уйым жеке меншік инвестицияларды келтіру бағытында жекелеген үкіметтерге өзінің консультациялық-кеңестік қызметтерін усынады. Инвестициялық шиеленістерді реттеуші Халықаралық Орталық (МЦУИС) 90-жылдардың басында қурылған. МБРР-дың филиалы.
Қазақстан МВФ пен МБРР-ге 1992 жылы мүше болды. Аталған қаржылық уйымдарға мүше болып кіру мақсатында Қазақстанда 1992 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Халықаралық валюталық қорға, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму ассоциациясына, Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көп жақты агенттігі мен Инвестициялық шиеленістерді реттеуші халықаралық орталыққа мүшелігі туралы» арнайы заң қабылданды.
1993 жылдан бастап Қазақстан Үкіметі экономикада түбегейлі реформаларды жүзеге асыру және қаржылық тұрақтандыруға жету бағытындағы жалпыэкономикалық стратегияны қолдап келеді.
Азия даму банкі (АБР)—Азия, Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық қаржылық мекеме. 1966 жылы құрылған. Штаб-пәтері Манилада (Филиппин) орналасқан. АБР-ға 54 ел мүше. Қазақстан АБР-ға 1994 жылдың қаңтарынан мүше. 1994 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен АБР өкілдігі арасында өзара түсінісушілік Меморандумына қол қойылды.
Еуропаның қайта құру және даму банкі (ЕБРР) 1990 жылдың маусым айында Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің рыноктық экономикаға өтуіне көмек көрсету мақсатында құрылған. Қазақстан Еуропалык, банкке 1992 жылы мүше болып кірді. Қазақстанға қатысты Банк стратегиясы екі кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңде техникалық ынтымақтастыққа, әсіресе кадрлар даярлау ісіне көңіл аударылады, екінші кезеңде ауыл шаруашылығына, энергетикаға, таукен өнеркәсібі мен көлік шаруашы-лығына нақты инвестициялар тарту көзделеді.