Қазақстанның дүние жүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді Бұл қатынастардың толыққанды мүшесі болу үшін Қазақстанға бірталай проблемаларды шешуге тура келді. Heгізгі валюталық саясаттың бipi — теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауды мейлінше ырықтандыру. Мұның өзі бip жағынан, теңдестірілген (баланстылған), екінші жағынан, шетелдік тауарлар мен валюталар үшін ашық ұлттық рыноктың болуын талап етеді. Теңгенің еркін ауысатын валюталармен салыстырғандағы курсының (құнының) орнықтылығы. Қазақстан экономикасы үшін дүниежүзілік рынокқа шығудың тиімді жолы.
Қазақстанда қазірдің өзінде теңгенің ел ішінде еркін ауысуына (внутренняя конвертируемость) ic жүзінде қол жеткізіліп отыр. Ішкі еркін ауысу дегеніміз — ол теңгенің ішкі валюта рыногында шетелдік валютаға өзгермелі курс бойынша еркін айырбасталу мүмкіндігі. Ал, теңгенің толық ауысу (полная конвертируемость) мүмкіндігіне жетуі үшін елдің саяси-экономикалық және қаржы-қаражат турақтылығы, алтын, валюта резервтерінің қорлануы, ТМД елдерімен валюталық ынтымақтастық механизмінің қалыптасуы қажет.
90-жылдардың ортасына қарай теңгенің ішкі ауысуының тұрақсыздығы экономиканың, сонымен қатар қолда бар ақша айналымының едәуір “долларлануына» әкелді.
Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылыстары қарыз капиталының дүниежүзілік рыногына шығуына, портфельдік және тікелей инвестициялар операцияларына қатысуына мол мүмкіндіктерт береді. Керісінше, егер валюталық шектеулерге, шетелдік капитал үшін қолайсыз инвестициялық ахуалға, ұлттық валютаға тұрақты сенімсіздік жағдайларына жол бepiлce аталған мүмкіндіктерден айырыларымыз анық. Бұл факторлардың бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне ешкімнің кумәні болмаса керек. Осы тізбекті үзіп алмай, экономикалық реформалар бағытымен тынбай қозғалу, шаруашылық жүргізу механизмін, соның ішінде валюта рыногын дамыта беру Қазақстанның дүниежүзілік рынокта өз орнын табуының кепілі.
Қазақстанның валюта саясатының маңызды бағыттарының бipi ТМД елдермен экономикалық және валюта одағын қалыптастыру. Бұл арада Еуропалық Одақ шеңберінде қалыптасқан бай тажірибені пайдалану қажет.
Қазақстанның Халықаралық валюта Қоры (МВФ) сияқты халықаралық қаржы ұйымдарына мүше болып Kipyi ел экономикасын жандандыру үшін қарыз, касіпкерлік капиталдарын келтірудің оңтайлы жолы болып отыр. Халықаралық экономикалық және қаржы ұйымда-ры біздің елге бірқатар несиелер береді. Дегенмен, Қазақстанның қазіргі кезеңдегі төлем мүмкіндіктің төмендегі оған бөлінген кредиттердің тауар жеткізуге байланыстырылып, немесе белгілі бip нормалармен (инфляция деңгейі), бюджет тапшылығы т. б.) шектеліп, инвестициялық жобаларға бекітіліп отыр. әрине мұндай жобаларды жедел жүзеге асыру мүмкін емес, ал оның кейбір бвліктерінің пайдаланылмай қалуы да ғажап емес.
1997 жылдан бастап Қазақстан үкіметі өз жұмысының басты бағыттарының бipi шетелдік Инвестицияларды тарту және оларды тиімді орналастыру деп ұйғарып отыр. Инвестицияларды дамушы мемлекеттерді былай қойганда, дамыған елдердің өзінің пайдаланатындығы белгілі.
Шетелдік инвестициялар рыногындағы ахуал оларға деген Шығыс Еуропа және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің орасан зор сұранысына байланысты елеулі шиеленісіп келеді. Осының нәтижесінде капиталды импорттаушылар арасында үлкен бәсеке к,алыптасып отыр. Қазіргі уақытта әзірге капиталды тарту мәселесінде Қазақстанның бәсекелестик қабілеті төмен болып отыр. Қазақстан әлі де болса қызмет көрсетү және инфрақұрылымды дамытудың шетелдік инвесторларға қолайлы деңгейіне жеткен жоқ. Кептеген заңдарда, нормативтік актілерде шетелдік капиталмен жұмыс істеу жүйесінің өзінде де әлі айқындық жоқ. Біз әрбір инвестормен жеке келісуге мүмкіндік беретін жеңілдіктер мен преференциялардың (жеңілдетілген кеден бажы) икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыруға ұмтылуымыз қажет.
Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламасын әзірлеу қажет, ол мынадай қағидаларды қамтуға тиіс:
1) Біздің елімізге шетелдік бизнесмендердің келүіне байланысты барлық рәсімдерді оңайлату. Біз визалар алу, шекара және кеден бақылауымен ету, жұмыс істеу құқығына және ел ішінде жүріп-тұруға руқсаттар беру женіндегі барлық ережелерді және тағы басқаларын қайта қарауымыз керек.
Куллі іскер әлем қарым-қатынас жасасатын ағылшын тіліне қазақстандықтарды жаппай оқытуды ұйымдастыру қажет. Бұл бәрінен бұрын мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсету саласында істейтін адамдарға қатысты, өйткені, тәжірибе кврсетіп отырғандай, ipi бизнес тілдік кедергілері бар елде нашар бейімделеді. Нақ сондықтан да дамушы елдердің көпшілігі осындай, бip қарағанда ұсак, мәселеге мейлінше салиқалы назар аударады.
Біздің авиажелілеріміздің, әуежайларымыздың, ондағы қызмет керсетудің қолайлылырына, жоғары сапалы мейманханаларының, телекоммуникациялардың болуына көп нәрсе байланысты. Біздің мақсатымыз шетелдік бизнесменге неғұрлым жеткілікті ықылас көрсету, оның уақытын үнемдеу болуға тиіс. Бұл қызметтердің құны оны әдетте екінші кезекте ғана толғандырады.
- Инвестицияларға немесе кредиттерге салық үзілістердің жеңілдікті ставкаларды, салық шегерімдерін беруді қоса алғанда, салық жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны, жеңілдікті кеден бажын және тағы басқаларын енгізуге баруға турады. Олар мемлекеттік басымдықтарды іске асыру үстінде жаңа құрылыс салу жайында әңгіме қозғалған жерде және тек қана сонда болуға тиіс.
Тым жан-жаққа шашырай берудің қажеті жоқ қарапайымнан курделіге қарай жүріп отыру қажет. Бүгін біздің инфрақұрылым объектілеріне — энергетикаға, газ және мұнай құбырларына, әуежайларға, мейманханаларға, байланыс құралдарына, автомобиль және темір жолдарға, су құбырларына назар аударуымыздың қажеттігі айқын. Бұл міндеттерді шешпейінше, елде қолайлы инвестициялық, ахуалдың экспорт пен сауданың, бизнестің өмір суруін қамтамасыз етудің куллі жүйесінің жақсы жұмыс icтeyi мүмкін емес.
Импортты алмастыру және бәрінен бұрын халық тутынатын тауарларды, тағам мен ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу өнімдерін алмастыру жайында байсалды түрде ойлану қажет.
Ақыр соңында, аймақтық басымдықтарды әрі ең алдымен халықты жумыспен қамту турғысынан айқындау қажет. Жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі басым-дықтар жүйесімен қатар ұластырылуга тиис. Бул ретте жеңілдіктер берудің барлық ықтимал қиянаттарына сенімді тосқауыл қоя отырып, меіліншеш уқыпты түрде ойластырған жөн.
- Жер мен жылжымайтын мүлікке берілетш қуқық туріндегі гранттар, қызметкерлерді оқытуға арналған демеу қаржы, әр турлалымдарды азайту түріндегі субсидиялар сияқты нысанды да пайдалану қажет. Бірақ тағы да басым болып табылатын салаларда ғана.
- Үкіметтің капиталды сыртқа шығаруға, әр түрлі қызметтер мен жергілікті шикізатты артықшылықты пайдалануга арналған кепілдіктерін күшейту қажет.
- Үйлестірілген және оралымды жумыс жүргізу үшін тікелей шетелдік инвестициялармен айналысатын арнайы мемлекеттік орган қуру қажет.
Шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламасымен қазірдің өзінде мамандар жұмыс icтeп жатыр. өз уақытында ол жария етіледі.