Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және рөлі

Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға муше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік:

  1. Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8 процент төмендеген болса, 1996 жылы 4,5 процент қана төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп күтілуде.
  2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75 процент болса, сол жылдың аяғында 52,5, ал 1996 жылы 30 процент болды.
  3. Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономикалық ахуал барынша турақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда—100,1 процент, соның ішінде өнеркәсіп өнімі — 100,2 процент болды. Соңғы жеті жылдың ішінде туңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.
  4. Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5 процент болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтілуде.

Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған сыртқы сауда режимі, баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік рыноктағы бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр.

Солардың іпгінде:

  • облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;
  • барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестерді) аукциондарда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктіңәртүрлі нысанындағы кез келген кәсіпорынның лицензия­лар мен квоталарға ашық және бәсекелесті түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді;
  • Экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесінде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрып, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байланыстар саласын республика экономи­касын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталаған технологиялық кешендер құрып, өндіруі салаларды экстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.

Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл қолға алу міндеттері тұр.

Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық потенциалын ұлғайтын қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы кушінің салыстырмалы арзандығы мен қолда бар шикізатты, мысалы өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті.

Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстанның ерекшелігі оның дамыған, содай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.

Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелерінің кең жүйесі, ғарыншық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.

Экономикасының шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері.

Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағыттындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ АҚШ “Таргетинг» дегенді пайдаланушы елдерге (негізінен “жаңа индустриалды елдер») қарсы санкциялар (жазалау шаралары) қолданады.

Таргетинг — экспорттық потенциалды, негізінен бір мақсатты ғана көздеп, өсіре беру.

1997 жылдың басында, Мәскеуде, Интеграциялык, комитетте Беларусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресей Федерациясының сарапшы топтарының Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңесі болып өтті. Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңында Сингапурде өткен БСҰ-ға муше мемлекеттер министрлері конференциясының жұмыс қорытындысын талқылады. Бул форумның мақсаты БСҮ мүшелерінің келісімдер мен шешімдер жөніндегі міндеттемелерін орындауын қарау, беделді Халықаралық сауда уйымы қызметінің жумыс бағдарламасына шолу жасау, дүниежүзілік саудада қалыптасып отырған бағыттарды және ең алдымен дамушы елдерге қойылатын талаптарды талдады.

1996 жылы Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей үкіметтері делегацияларының БСҮ-ға кіру мәселелері жөніндегі жұмысының қорытындылары, олардың осы бағытта қазір жүргізіп отырған қызметінің жоспарлары қаралды.

“Төрттік» елдердің БСҮ-ға қосылу туралы қужаттарды дербес жасайтыны және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді. Кеден одағына қатысушылардың БСҮ-ға қосылуы айтарлықтай күрделі процесс болып табылатыны, сондықтан узақ уақытқа созылатыны айтылды.

Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.