Белгілі тарихи жағдайларда ғана көрініп және жойылып отыратын басқа қоғамдық құбылыстарға қарағанда тәрбиенің мәңгібақи категория қатарына жататындығы ғылымда әбден нақтыланған. Сонау Орта ғасырларда адамзат| ілімінің молайып, ақыл- парасатының жетілуін, оқу-ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын анықтауда орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі, еңбек тәрбиесінің және оның теориясын жасаушылардың бірегейі Әбу Насыр Әл-Фараби екені мәлім./2/
Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп санады. Ол ғылымды тарихи үрдіс деп түсініп, ғылым жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы формасы деген анықтама берген. Фараби өмір сүрген дәуірде педагогика ұғымы болмағаны белгілі. Алайда ол оқу-ағарту мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі — өнер. Ал еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысьн қалыптастырады, — деген болатын Фараби. Ол еңбек өмір сүрудің негізі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты деп қарастырды. Адам еңбегі бағытталған нәрсенің бәрі еңбек заттары деп аталады. Оның еңбек туралы бұл тұжырымдарын күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан ғалымдар бар.
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда ол Аристотель негізін салған теорияның анықтамасына сүйенеді. Демек, ол қандайда болсын құбылысты түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір саласының мәнді байланыстары мен заңдылықтары жөнінде толық түсінік беретін ғылыми білімді қорытудың ең жоғарғы формасы деген қағиданы ұдайы басшылыққа алған Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын «Өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалы байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды «деп тұжырымдайды.
Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ, бұл тұжырым — «оқушыларға саналы тәртіп, сапалы білім беру, пайдалы қоғамдық еңбекке баулу» деген сөз. Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбектің адамның жан-жақты дамуы үшін маңызы зор екенін атап көрсетеді.
Фараби «еңбек ету, сапалы болу, адамгершілік, ақылдылық табиғаттан туындауы қажет » деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби адамды табиғат, адам, жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғары сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз сөйлей білетін саналы ортаның мүшесі дейді. Адам туралы материалистік бағытты ұсынған Фараби адам еңбек ету нәтижесінде жоғары сатыға көтерілетінін алға тартады.
Әл-Фараби тәрбие үрдісінде «Қатты әдіс» пен «Жұмсақ әдісті» ұштастыруды талап етеді. Ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтап кеткен. Қазіргі тәрбие үрдісі тұрғысынан қарағанда «қатты әдіс» деп отырғаны жазалау, ал «жұмсақ әдіс» деп отырғаны-мадақтау. Демек, Фараби педагогикалық ықпал ету әдістерін алғаш ұсынған, оның тиімділігін дәлелдеп кеткен ғалым./46/
Фарабиден қалған ғылыми еңбектің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылымдар саласына бөлсек, олар мыналар: математика, логика, музыка, астрономия, дәрігерлік, лингвистика, поэзия-риторика, педагогика, т.б. (Фараби заманында бұлар ағартушылық ғылым деп аталған.) Оның пікірінше, оқу, тәрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым адамы болу адамгершілік және еңбек тәрбиесіне тығыз байланысты. Фараби ең алғаш еңбекті, таза еңбекті, адал еңбекті тәрбиенің алғышарты етіп алады. «Тәрбиені неден бастау керек», Философия-меңгеру, білім-тәрбие алу, еңбекке үйрену, философияны меңгеру тәрбие әдістеріне байланысты екенін ғылыми тұрғыда дәлелдейді. Осы негізде ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. «Ғылымдар тізбегі», «Ғылымдардың шығуы» еңбектерінде ғылымдарды үйрену, үйрету реттерін белгілейді және тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің тарихи тағылымын, үлгісін болашақ ұрпаққа өнеге, тәлім етіп қалдырады.
Әл-Фараби жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін адамды (ұстаздық ететін адамды) өте жоғары бағалаған. Оның ойынша, тәрбиеші адам (қазіргі мұғалім) — «мәңгі нұрдың қызметшісі».
Фарабидің шәкірті, оның ілімін әрі қарай жалғастырушы Ибн-Синаның «Фарабидің тәрбие тағылымдарының ең маңыздысы әрбір жеке адамды еңбекке тәрбиелеу болды. Өйткені, еңбексүйгіштік, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Ол кімде-кім өзінің тіршілігі үшін, өзіне пайда келтіретін еңбекпен айналысқанда ғана нағыз ел адамы бола алады деген өмірлік өсиет қалдырып кетті»— деуі бекер емес.
Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» еңбегінде барлығы еңбектің нәтижесі дей келіп, адамның өзін танымақтығы жөніндегі ойларын «Өсімдік жаны», «Хайуан жаны, Адам жаны» деп жүйелейді. Адам жаны (интеллектіге), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде де, жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отыратыны бар. Жалпы жан қуаты жөнінде танымға бұлай қарау Фараби ілімінің ғылымилылығы оның тәлімділігін көрсетеді. Ибн Синаның айтуынша Фараби көзқарастарында бірінші орында еңбек тұрған.
Ұлы ойшыл Фараби тарихи шындықты, еңбекті, тәрбиені, оның ішінде еңбек тәрбиесін адамның игілігі, бақыты үшін қолдануды армандады. Адамның игілікке жету жолдары туралы ойларын Фараби (сол кездің өзінде) экономиканың, саясаттың, мемлекеттік құрылыстың, отбасы тәрбиесінің, еңбек тәрбиесінің меселелеріне байланыстыра отырып аса қажет мызғымас берік негізге сүйенеді. Сондай-ақ ол қоғамды ақылмен дұрыс басқарудың шарттары жөнінде батыл пікір айтқан ғұлама ғалым. Өйткені адам бақытты болуға лайық және сол бақытын табуға тиіс. «Адам өз заманында жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнісінде бақытты өмір сүре алады «дейді данышпан. Сөйтіп, Фараби адамның өмірлік іс-әрекетіне үлкен мән бере отырып, еңбек қана адамды жануарлар дүниесінен бөліп, оқшау көрсететінін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Адамзат қоғамының өмір сүруіне ең керектісі оның материалдық тұтыну қажеттері дегенді бірінші орынға қойып, осынау маңызды мәселе төңірегіндегі теріс көзқарастарды үзілді-кесілді жоққа шығарды.
Фараби адамдар бір-бірімен келісіп, тіл табысып отыруы керек деп есептейді. Әділеттіліктің қалыптасқан нормасы, әмбебап заңдар қажеттігін ескерте келе, ол заңдардың тәрбие арқылы жүзеге асатынын дәйектейді. Оның ойынша, еңбексіз заң да, қоғам да ілгері дами алмайды. Ұлы ойшылдың заң күші туралы осы айтқандарынан қоғамдық келісімдер туралы идеяның алғашқы ұрығы жатқандығын аңғару қиын емес. Бұл идея Еуропада кеңінен өріс алды. Кейбір шығармаларында Фараби өз тұсындағы қоғамды астыртын ғана сынап отырады. Ондағы етек алған озбырлықтар мен қаталдықты, ақыл мен адамгершілік, еңбек тәртібі ұстанымдарының орасан бұрмалануынан деп түсіндіреді.1478-1535 жылдар арасында өмір сүрген ағылшынның атақты утопист-социалисі Томос Мор қайта өрлеу дәуіріндегі еңбек пен еңбек тәрбиесінің жүйесін Әл-Фараби іліміне негіздеп жүргізген. Осы жылдары басқа Еуропа елдерімен салыстырғанда Англияда капитализм тез қарқынмен дамыды. Тоқыма өндірісінің дамуына байланысты қой өсіру кең етек алды, жерсіз қалған шаруалар мен қолөнершілердің күйзеліске ұшырауына себеп болды. Томос Мор еңбекшілердің тұрмысының нашар екендігін көрсетіп, Фараби ұсынған еркін суын аңсады. Ол еңбек тәрбиесін еркін еңбек негізінде жасаған » Үш білімі және оның тараулары» еңбегіне сүйеніп балаларға қоғамдық тәрбие, бастауыш білім беруді жақтады, оқудың ана тілінде оқытылуын қолдады. Ол дене тәрбиесіне үлкен мән берді. Алғаш рет еңбекке тәрбиелеуді ұсынды. Мор барлық балалар ауыл шаруашылығы мен