Аудиторлық қызмет-бұл аудиторлардың(аудиторлық фирмалардың) кәсіпкерлік қызметі, экономикалық субъекттілердің талаптары және басқада қаржылық міндеттемелер,салық декларацияларын, төлем есеп құжаттары, бухгалтерлік (қаржылық)есеп берулерді, тәуелсіз, ведомыстан тыс тексерулерді жүзеге асыру бойынша қызметтер, бұған қоса басқада аудиторлық қызметтерді жүзеге асырушы субект.
-бухгалтерлік есепті жүргізу және орнына келіруді құру;
-бухгалтерлік(қаржылық)есеп беру және табыстар жөнінде декларацияларды құру;
-қаржы-шаруашылық қызметін талдау;
-экономикалық субектілердің активтері мен пассивтерін бағалау;
-қаржылық, салақтық, банктік және басқада шаруашылық заңдарына байланысты сұрақтарға консултация беру;
-оқыту
-және тағы басқалар.
Аудит-бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібін қадағалауды тексеру негізінде кәсіпорынның қаржылақ есеп беруін тәуелсіз талдау, Қ,Р шаруашылық және қаржылық операциялар заңдарына сәйкес, толық жәненақты кәсіпорынның қызметінің қаржылық есеп беруінің көрініс табуы керек.Экспертиза аудиторлық қорытындығы сәйкес аяқталады.
Аудит мақсаты- нақты мақсатты шешу, заңмен анықталған,аудиторлық қызметті нормативтік реттеу жүйесі, клиент және аудитор арасындағы келісім-шартты міндеттеме.
Еңбек ақыны тексеру кезінде аудитордың негізгі мақсаты,бақылаудың күшті жақтарын анықтау,маңызды қателердің жоқтығына көз жеткізуі болып табылады.
Еңбек ақы төлеудің аудитінің негізгі мақсаты еңбек ақы бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуінің дұрыстығын және одан ұсталымдардың, еңбек ақыдан аударымдар кезінде нормативтік- құқықтық актілердің қарастырылуын тексеру.
Аудитордың мақсаттары
1.Еңбек ақының дұрыстығын тексергенде, аудитор келесілерді тексеруі керек:
-Өндірілген өнім,орындалған жұмыс және қызмет көлеміне, жұмыс уақытының есебі бойынша алғашқы құжатардың заңға сәйкестігі және саны.
-Бухгалтерлік баланыстағы және Бас Кітаптағы жазбалары мен шот681 бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің бір күндегі екі жақтың мәліметерінің сай келуі.
- Еңбек ақы қорының пайдаланылуын тексерген кезде аудитор тексеруі керек келесілерді:
-Кәсіпорын жұмысшыларына штаттық кестеде бекітілген қызметтік айлығының қадағалануын тексеру;
-Инфляция жағдайында бағалардың өсуін есепке ала отырып олардың индексациясының уақтылы жүргізілуін тексеру;
-Құрылтайшылардың, акционерлер жиналысы немесе басқару кеңесі штаттық кестені бекіткендігін тексеру;
-Орындалған жұмыстар үшін есептеулер жүргізілдіме , жұмысшылардың кесімді наряды бойынша еңбек ақы дұрыс жүргізілудеме;
-Кәсіпорын жұмысшыларына сыйақылардың дұрыс берілуін тексеру;
Еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгеніне байланысты, есептеу кезінде дұрыс болмауы мүмкін, үшін себебі стажды анықтау қолмен жүргізіледі, жұмысшылардың қызметтік айлығын, жұмысшының стажын анықтауда оның нақтылығын және дұрыстығын тексеруді жүргізуі қажет:
1.Еңбек ақы төлеу ставкасының, қосымша төлем үшін рұқсат, жалдау күні жөнінде ақпарат барма және олар жеке делодабарма соны тексеру;
-Еңбек ақы өсуін қадағалау,жиналыстың протоколдары және кәсіпорын басшысының бұйрығымен рәсімделудеме;
-Еңбек ақыдан аударымдар және ұсталымдарды жүргізуде жеке делода көрсетілген ақпараттарды бухгалтер пайдалануда ма;
2.Бухгалтерлік баланыстағы және бас кітаптағы жазбалардың 681шот бойынша аналитикалық есеп көрсекіштеріне сай екендігін анықтау.
3.Бастапқы құжатардың туралығын олардың дұрыс толтырылуын, жауапты тұлғалардың қолдарының санын тексеру, барлық риквизиттердің дұрыс толтырылуы бойынша, құжаттарда келісілмеген түзетулер және өшірулер орын алған жоқпа екен;
4.Еңбек ақыны есептеу бойынша ведомстардың жазбаларынан алу;
-Есептеулер мен ұсталымдар, құжатпен куәландырылған;
-Жиынтық аударымдар, шегерімдер, таза төлемді санау;
5.Зейнет ақы қорына салықтардың ұсталынуының дұрыстығын тексеру;
6.Еңбек ақы төлеудің уақтылығын және кезеңділігін ексеру;
7.Еңбек ақыға арналған ведомстардың жазбаларының нақтылығын тексеру.
Еңбек ақыдан ұсталымдарды тексеру.
-Кәсіпорын жұмысшыларынан ұсталымдар бюджет бойынша салықпен есеп айрысу, аналитикалық шоттарының мәліметері бойынша еңбек ақыны төлеу ведомстарын салыстыру;
-Жеке тұлғалардың салығы бойынша заңдылықтардың сақталуы;
-Жекелеген жалданған жұмысшылар бойынша ұсталымдарды зерттеу;
-Бюджетке салықтардың аударылуының тұрақтылығы;
Аудитті жүргізу үшін, баланс, бас кітап,жинақ ригистерлері, және алғашқы құжатарды қарауы қажет.
Алғашқы құжаттардан таңдалып тексеруге жататындар:
-Есеп парақтарының түрлі формалары:есеп парақтары,сапарлық парақтар, орындалған жұмыстар және еңбек парақтарының есебі;
-Қабылдау актілері;
-Топтан топқа ауыстыру актілері;
-Ведомстер;
-Есеп журналы;
-Шығарылуы немесе демалысқа шығуы кезіндегі еңбек ақы төлеу бойынша есеп-айрысу;
-Жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі парақтар;
Есеп бойынша мәліметтерді топтау мен жинақтау жекелеген автоматтандыру жағдайында ЭВМ-де жүргізіледі. Осыған байланысты мұнда тек пайдаланылатындар көрсетілген:
-жұмыс уақтының есебінің табелі;
-есеп- төлем ведомстері;
-аванс төлемінің ведомстарі;
-жалақы төлемінің ведомстары;
-әрбір жұмысшының есеп парақтары;
Еңбек ақы төлеуді тексерген кезде аудитордың негізгі мақсаты,бақылаудың күшті жақтарын анықтап,маңызды қателердің жоқтығына көз жеткізу.
Кәсіпорындағы ішкі бақылау жүйесінің (ІБЖ) мақсаты-кәсіпорынның ағымдағы шаруашылық істерінің, тәртіппен және тиімді орындалуы.
— Басшылықтың қаржы-шаруашылық саясатының талаптарының орындалуы;
— Кәсіпорын активтерінің сақталуы және ақпараттармен,құжатарға дәл және толық қамтамасыз ету деңгейі;
Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін анықтаған кезде көптеген факторлар пайда болады:
-кәсіпорында ақпаратты қалыптастыруға қатысушы жұмысшылардың ауқымы және тапсырылған іс үшін жауапкершілігінің болуы;
-ақпаратты қалыптастыру және істі жүргізу бойынша олардың арасында тәртіптің болуы;
-бақылаудың техникалық құралдарының болуы;
-бақылау технологияларының барлығы;
-бақыланатын параметрлерінің болуы;
ІБЖ- келесілерді қамтиды:
1)Нақты анықталған құқықтары және міндеттері бар жауапты жұмысшылар;
2)Міндетердің қатыстылығына байланысты бөлінуі(активтерді сақтау және олардың есебі бойынша)
3)Опреацияны жүргізу кезіндеі қажетті процедуралардың сақталынуы.
4)Құжаттардың сақталуын бақылау (номерация,опреация орын алған мерзімдегі немесе одан кейінгіге сай)
5)Құжаттар және активтерді нақты бақылау(материалды жауапты тұлғамен нақты тексеру)
6)Орындалған міндеттерді тәуелсіз тексеру(ішкі аудит)